Серікханова Гүлзат Серікханқызы
Сұйықтар мен газдардың қысымы
Серікханова Гүлзат Серікханқызы
А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның
физика пәні мұғалімі
1-тәжірибе: Май шамның қысқа бөлігін алып, оны суда жүзетіндей етіп астыңғы жағынан жүк байланады. Мұны тәжірибе жүзінде көрсетеді. Май шамды тұтатқанда оның қандай деңгейге дейін жанып барып сөнетіндігін анықтау керек.
Жауабы: май шам жанған сайын оның салмағы азаяды да, ол жоғары көтеріле береді. Нәтижесінде жалын майдың ең төменгі қабатында сөнеді. Май шам жанып таусылар шамасында.
2-сұрақ. Болат шарик сынапта жүзіп жүр. Егер сынаптың үстіне су құйса шариктің суға батуы өзгере ме?
Жауабы: шарикке әсер етуші Архимед күші ұлғаяды. Бұл шариктің суға батып тұрған бөлігін ығыстырып шығаратын судың ауырлық күшіне тең. Сондықтан оның сынапқа бату тереңдігі азаяды.
3-тәжірибе: Стаканның
бөлігіне қайнаған су құйылады. Оған 2-3 түйір қант ерітіледі. Сұйықтың бетіне шай қасығын көлбеу орналастырып, оған аз аздан шай құйылады. Бұдан кейін қант ерітілген қайнаған су бетіне қабат түзіледі. Сөйтіп қою шай мен қант ерітілген судың араласпайтындығын тәжірибе көмегімен демонстрацияланады. Мұның себебі неде?
