Галиева Айжан Нуптоллаевна

Атырау облысы, Атырау қаласы

«Жалпы білім беретін № 15 Абай атындағы орта мектеп» ММ

Математика пәні мұғалімі
Галиева Айжан Нуптоллаевна

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рационал сандарға амалдар қолдану Мектеп: №15 Абай
Күні:30.11.2017 Мұғалімнің аты-жөні: Галиева Айжан
Сынып: 6а Қатысқандар саны:21 Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту
Сабақтың түрі Жаңа тақырыпты игеру сабағы
Оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

Рационал сандарды қосу және азайтуды орындау;

Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайтуды орындау;

Таңбалары бірдей теріс сандарды қосу және азайтуды орындау;

Сабақ мақсаттары Оқушылар

  • Рационал сандарды көбейтуді үйренеді
  • Рационал сандарға амалдар қолдану орындалатын мәтін есептерді шығарады
Бағалау критерийлері Білу және түсіну: рационал сандарға қолданылатын амалдарды біледі және орындайды

Қолдану: мәтін есептердің математикалық жазбасымен жұмыс жасағанда рационал сандарға қолданылатын амалдарды анықтайды және дұрыс орындайды

Тілдік мақсаттар Оқушылар рационал сандарға амалдар орындау кезінде әр әрекетін ауызша дәйектеп айта алады.

Пәнге тән лексика мен терминалогия: бүтін сандар жиыны; рационал сандар жиыны; рационал сандарды қосу және азайту; рационал сандар көбейтіндісі;

Диолог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіректер:

  • Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісінің мәні… ;
  • Екі теріс санның көбейтіндісі…;
  • Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту үшін….;
  • Екі теріс санды көбейту үшін … ;
  • Егер көбейткіштердің кемінде біреуі нөлге тең болса, … .
Құндылықтарды дарыту Топтық жұмыс жасауда сыйластық, адамгершілік қасиеттерін дарыту; жеке жұмыс арқылы терең ойлануды дамыту; бағалау арқылы шыншылдыққа тәрбиелеу
Бастапқы білім Рационал сандарға амалдар қолдана алу. Жақшамен берілген рационал санды жақшасыз жазғанда таңбалар ережесін пайдалана алады.
Сабақ барысы
Сабақкезеңдері Сабақтағыжоспарланғаніс–әрекет
Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру

  • Сабаққа әзірлікті бақылау.
  • Сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Қайталау-оқу айнасы: /Мақсаты: жаңа тақырыпты игеру үшін қажетті материалды еске түсіру, оқушылардың математикалық тілдік дағдыларын дамыту/

сұрақтар барлық оқушыларға қойылады, қол көтерген оқушылар жауап береді және жауаптар бірге талқыланады.

  • Теріс сандар қандай таңбамен жазылады?
  • Қандай сан оң санға да,теріс санға да жатпайды?
  • Қандай сандар қарама қарсы сандар деп аталады?
  • Қандай сандар бүтін сандар жиынын құрайды?
  • Қандай сандар рационал сандар жиынын құрайды?
  • Санның модулі дегеніміз не?
  • Теріс санның модулі,оң санның модулі қандай санмен өрнектеледі?
  • Координаталық түзуде рационал сандар қалай салыстырылады?
  • Қандай сан нолден үлкен,қандай сан нолден кіші?
  • Теріс сандар модульдері бойынша қалай салыстырылады?
  • Қарама қарсы сандардың қосындысы неге тең?
  • Екі теріс санның қосындысы қалай табылады?
  • Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесі?
  • Қандай өрнек алгебралық қосынды деп аталады?
  • Рационал сандар қалай азайтылады?
Сабақтың ортасы

15 минут

5 минут

10 минут

1 минут

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

1. Тапсырма:

1. (-8)+(-8)+(-8)+(-8)+(-8)=

2. (-3,5)+(-3,5)=

3. (-7)+(-7)+(-7)=

2.Тапсырма:

Сүңгуір әрбір 1 минутта- 3м тереңдікке сүңгейді.Ол2 мин,5 мин –та қанша метр тереңдікке сүңгейді?

Шешуі: 1мин. -3м, 2мин -6м , 5мин. -15 м барады.

Рационал сандарды көбейтуде көбейткіштердің құрамында теріс сандар болатындықтан, алдымен көбейтіндінің таңбасы анықталады.

1. Егер көбейткіштердің таңбалары әртүрлі болса:

-4 • 3 =(-4)+(-4)+(-4)=-12

-0,35• 3=(-0,35)+(-0,35)+(-0,35)=-1,05

Таңбалары әртүрлі екі рационал санды көбейту үшін:

1) көбейткіштердің модулін көбейту керек;

2) шыққан санның алдына «-» таңбасын қою керек.

(-8)• 6=-(8• 6)=-48

Таңбалар ережесі: (-) • (+)=(-) (+) • (-)=(-)

Формуламен берілуі: (-а) • в=-ав а• (-в) =-ав

2. Егер көбейткіштердің таңбалары бірдей болса:

4• 15=60, 12• 10=120 -0,4• (-0,1)=0,04

-7 • (-5)=35 -0,2• (-1,5)=0,3 -2• (-15)=30

Леонард Эйлерді таныстырып кету.

Екі теріс санды көбейту үшін көбейткіштердің модульдерін көбейту керек.

-8• (-10)=8• 10=80

Таңбалар ережесі: (+)• (+) =(+) (-)• (-) =(+)

Формуламен берілуі: (-а)• (-в)= ав

Көбейткіштердің саны екіден көп болған жағдайды теріс көбейткіштер саны жұп болса,көбейтінді оң сан болады.

Мысалы: (-8) • (-3)• (-2)• (-0,5)=24

Көбейткіштердің саны екіден көп болған жағдайды теріс көбейткіштер саны тақ болса,көбейтінді теріс сан болады.

Мысалы: (-3)• (-2)•(-7)=-42

Егер көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса ,онда көбейтінді де нөлге

тең болады.

Мысалы: (-8,9)• 0=0 0• (-45)=0

Кез келген санды 1-ге көбейткенде, көбейтінді сол санның өзіне тең болады, ал санды -1 -ге көбейткенде ,көбейтінді сол санға қарама –қарсы санға тең болады.

Мысалы: -8 • 1=8 -5,6• 1=-5,6 23 • (- 1)=-23 45,9 • (- 1)=-45,9

Формулалар: а• 0=0 -а• 0=0 а• 1=а а•(-1) =-а

-а• 1=-а -а•(-1) =а

IV. Топтық жұмыс. /Мақсаты: жаңа тақырыпты бекіту, қателер болса анықтау, жаңа тақырыпты игерудегі олқылықтарды жою/

Сынып оқушылары үш-үштен топқа бөлініп, әр топқа жеңілдіктері бірдей тапсырмалар беріліп,уақыт есептелінеді.Тақтада үш плакат ілінеді:Онда 5- пен аяқталатын екі таңбалы санның квадратын және екі таңбалы санға 11-ді тез көбейту тәсілін қолданады.

I-топ II-топ III-топ

15∙(-15)= 45∙(-45)= 75∙(-75)=

-25∙25= -55∙55= -85∙85=

-35∙(-35)= -65∙(-65)= -95∙(-95)=

42∙(-11)= 32∙(-11)= 21∙(-11)=

-36∙11= -61∙11= -89∙11=

-31∙(-11)= -53∙(-11)= -76∙(-11)=

Тапсырмалар тақтада орындалады, Ал топтар мұғалімнің белгілеген уақытынан кейін сағат тілімен қозғала отырып, келесі топтардың тапсырмаларын тексереді. Тапсырмаларды тексеру барысында қателер болса, қатені түзету ұсынылады.

Топтар өз орындарына қайта келгенше жұмыс жалғасады.

Жұмыстың соңында барлық қателерге шолу жасалып, «тапсырманы үздік орындаған» топ пен «қателердің себебін анықтай алған» оқушылар мадақталады.

VІ. «Ойлан,бөліс,талқыла» есептер шығару.

Оқушыларға жеке жұмысқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.

А тобы: №565

В тобы: №566

С тобы: №568

Бір бетінде әріп,екінші бетінде тапсырма жазылған карточкалар таратылады. «Оқушылар ертең кандай мереке?»- деген сұрақ.

Есептердің жауабына сәйкес кестені толтырса, 1- желтоқсан және 16- желтоқсан қандай мереке екенін біледі. «Президент», «Тәуелсіздік» , «ЭКСПО2017» туралы шығармашылық жумыстарын қорғайды.

П Р Е З И Д Е Н Т
121 0.49 4/25 -64 -0.008 -1/8 197 -0.19 -1
Т Ә У Е Л С І З Д І К
90 -70 84 0 -216 -4.8 -5.5 112 -81 12 -9.9
Э К С П О 2 0 1 7
-1.14 -20.02 98.82 -20.65 5 -46.5 -0.4 -0.45 0.04

Тапсырманы аяқтап,Экспо2017 көрмесіне барғандары өз әсерлерін айтады.

Сергіту сәті:Экспо2017 түнгі панарама Фантандар биін көріп, «Қара жорға» әнін тыңдады.

Сабақтың соңы

4 минут

VIII.Рефлексия /Мақсаты: сабақты қорытындылау, материалды жүйелеу/ Телеграмма парағын таратып,сабақта орындаған тапсырмалар бойынша оқушылар пікірлерін жазып тапсырады:

– нені білдім, нені үйрендім?

– нені толық түсінбедім?

– немен жұмысты жалғастыру қажет?

Оқушылар жауаптары бойынша кері байланыс беріледі.

VI.Үйге тапсырма.п.3.9.№567 ,569

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

– іріктелген деңгейлік тапсырмалар;

– қайталау сұрақтары және қате жауаптарды түзеу үшін қойылатын жетелеуші сұрақтар;

  • Қойылған сұрақтарға дұрыс, дәлелді жауап берулері қадағаланады;

Ынталандыру, қолдау көрсету Сабақ соңында өзін-өзі бағалау және оған кері байланыс

Сабақ үстіндегі оқушылардың көңіл-күйін қадағалап отыру

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше