Ән—адам қанаты.

Ән—адам қанаты.

Қазақтың халықтық музыкалық өнері саласында кең сахара, дархан даладай мол көсіліп тараған бір жанр бар. Ол—ән.

Поэзия мен музыка—біртұтас өнер. Ән—поэзиялық және музыкалық әуен бірлестігінен туып, халық арасына мол тараған вокальдық жанр, ғасырлық мәдениетіміздің көркем формасы, заманның тарихи шежіресі, бүгінгі күннің белсенді жаршысы.

Ән өнері—халқымыздың сарқылмас қазынасы.Ән—адамның көңіл күйі, қуанышы мен мұңы.Ғасырлар сынынан өткен ең әсем, сырлы әндер ғана ел аузында сақталып, бүгінге дейін жеткен.

Халық даналығы— әнді ертеден-ақ ерекше бағалап, халықтың жаны деп атаған.Бұл өте дәл, мейлінше әділ баға, өйткені жақсы ән мен жақсы күй қай заманда, қай халықтың болса да ең асыл арманы мен тілегін айқын бейнелеп, олардың бақытты өмірге ұмтылған ыстық сезімін жеткізе білді.

Ән айтпайтын, құлақ қойып тыңдамайтын адам болмайды.Ән тыңдап, дауыстап айту адамға біткен табиғи керектілік. Ол адамның дүниеге келген кезеңінен бастап, сөйлей білуден бұрын үлкендердің көмегімен санадан орын алатын табиғи құбылыс.Бүгінгі өмірде ән, күй табиғатының шеңбері кеңейген кезең. Баланың жасына сәйкес, үлкендердің еңбек пен мамандық ерекшеліктеріне де арналып әндер айтылып жүр. Бастауыш сыныптарда «Бақытты балалық шақ», «Бесік жыры», «Астана», «Біз—Отанның ұланымыз», «Егемен ел—Қазақстан», «Айналайын ақ мамам», «Ойыншықтар», «Болайықшы осындай», «Жас дәуірдің түлегіміз», «Кел, балалар, ойнайық», «Ортеке», «Домбыра сазы», «Көктем» т.б. әндер жастардың болашағы, Отанға, өскен жерге, әке мен анаға деген сүйіспеншілігін жырласа, басқа әндердің еңбекке, білімге, спортқа құмарлығын тәрбиелейтіндігін білеміз.

«Әннің де естісі бар, есері бар» деп Абай атамыз айтқандай, балаларға үйретілетін әндер жеңіл, мазмұны түсінікті, ұйқасы айтуға оңай болуы керек. Ол әндерді бала оңай орындай алатындай әуені де тез есте қалатындай болғаны жөн.

«Ақылың болса ән тыңда» деген екен халық нақылы. Ән адамның көңілін көтереді, қуаныш сыйлайды. Шаршағанда ән тыңдап демаласың, өзіңмен өзің болып ойланасың… Ән арқылы әке мен ана еңбек дәстүрін баланың алдында үнемі дәріптеп, сол еңбек нәтижесімен таныстырып, көрсетіп отырғаны өте орынды.Себебі, болашақ жасты жан-жақты, дарынды, еңбек сүйгіш етіп тәрбиелеуде бүкіл халқымыз отбасынан бастап балабақша, мектеп, оқу орындары ұстаздары әрі ата-ана болып тәрбиелеу жұмысын үнемі жоғары дәрежеде түсініп, сезініп қоймай, оны іс жүзінде жүргізу әрбір отбасы мүшесінің алдындағы борышы. Қорыта келгенде әннің, музыканың, әдебиет пен өнердің жастарға беретіні көп-ақ.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең»,-деген Абай атамыз, өмірдің өзі ән-жырсыз болмайтынын айтып кеткен.

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй».

Ән мен күйдің адамға әсер етер қасиетін бұдан артық айтуға болмас, сірә?! Олай болса, кейінгі ұрпаққа есті, ойлы әндерді үйрете білейік. Сол әндерді тыңдап, айтып өскен жастарымыз елін, жерін, Отанын, ата-анасын, ұстазын, мектебін, достарын сүйетін мейірімді, адамгершілігі мол азаматтар болып өсіп жетілсін. Осыған жастарды баули білгеніміз жөн.

Адамгершілік—асыл қасиет

(қайырымдылық концертінің сценариі)

1-жүр: Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын!

2-жүр: Амансыздар ма, аяулы ауылдастар!

1-жүр: Біз бүгін сіздердің алдарыңызда қайырымдылық концертін бергелі отырмыз.

2-жүр: Басты мақсатымыз қамқорлық акциясын өткізіп, қиналған ағайынға қол ұшын

беру.

(музыка ойнап тұрады)

1-жүр: Имандылық- адамгершіліктің ең жоғарғы сатысы.

2-жүр: Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек. Иман араб

тілінен алынған сөз, төл тілімізде «сенім» деген ұғымды білдіреді.

1-жүр: Имандылық адамгершіліктің биік мақсаттарын мүлтіксіз орындау, адам деген

ардақты атты асқан кісілікпен ақтаудың көрінісі.

2-жүр: Қазақ халқының ата-баба дәстүрінде имандылық тек діни сенім емес, ол сондай-ақ

ұлттық психологиялық салтқа, халықтық ерекшелікке арналған құбылыс.

1-жүр:Жас буынды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намысын қайрап,

мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық, ізеттілік сияқты әдептік-

психологиялық қасиеттерді олардың санасына сіңіру-әрбір отбасының, білім

ордаларының басты парызы.

2-жүр: Бүгінгідей қамқорлық акциясын өткізіп отырған кезеңде де жастарға үлгі

болайық, құрметті ата-аналар.

Ән: «Әке-ана». Орындайтын: Әубәкір Ұлжан.

1-жүр: Адамгершілік дегеніміз ақылды адамның асыл қасиеті. Адалдық адамгершіліктің

алғашқы сатысы, сәлемдесу-адамгершіліктің бастамасы,сыйласу ары мен нұры,

кішіпейілдік, ізеттілік, мейірімділік-адамгершіліктің сенімді достары.

2-жүр: Үйде де, түзде де кісіге ізгілік, имандылықпен қарап, оның қамын ойлау, оған

мейірімділік пен мейірбандық білдіру, жанашырлық пен қамқорлық жасай білу кісі-

ліктің, ұнамды мінездің көрінісі.

1-жүр: Біз сіздердің араларыңызда адамгершілігі мол, ұнамды мінез иелерінің көп екеніне

сенеміз.

Ән: «Айналайын». Орындайтын: Сафина Әлия.

2-жүр: Жеңдер, ішіңдер,садақа беріңдер, тек ысырапшылыққа, даңғойлыққа ұрынбаңдар

деген –Мұхаммед пайғамбар өз өсиетінде.

1-жүр: Пендеге жақсылығыңды міндет қылма.

Жаманнан жақсылық күтпе,-деген Лұқпан хакім жүз өсиетінің бірінде.

Олай болса жаманның қатарына қосылмай жақсылық жасайық, ағайын!

Ән: «Бәрі жақсы болады». Орындайтын: Парахатов Бекзат.

2-жүр: Ақылды сол-ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол-арамдықпен жан сақтайды.

Адал ол- таза еңбекпен күнін көріп,

Жаны үшін адамшылық ар сатпайды.

1-жүр: Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,

Анық төмен болмай ма хайуаннан.

Ынсап, рахым,ар, ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан- деп жазған екен Шәкәрім қажы «Үш анықта».

2-жүр: «Жақсы ниет-ниет қана қарасаң,

Дұрысы оны іс қылуға жарасаң»,-дейді Жүсіп Баласағұн.

« Жақсы ниеттеріңізді Алла қабыл етсін қайырымды жандар» дегіміз келеді.

Ән: «Атамекен». Орындайтын: Жолдыбек Гүлназ.

1-жүр: Дін мен біздің салт-дәстүріміз – рухани байлық. Рухани байлықсыз өмір—жадау-

жалаң. Соны сезген ақын Мұхтар Шаханов: «Тән қазасын қаза деуге болмайды. Ең

ауыры рухани өлім. Өйткені, рухани санасы күшті адам бәрінен де күшті»,-дейді.

2-жүр: Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе ,уағыз айтумен жету қиын,–деген екен Сенека.

Олай болса біз де уағыз айта бермей, көпшілікке рухани санамыздың күштілігін

көрсетіп,үлгі болайық.

Ән: «Рух пен тіл». Орындайтын: Аблай Жанболат.

1-жүр: «Қиянаты бардың иманы жоқ»,–депті Шәкәрім қажы.

2-жүр: «Әрбір жақсы амалдардың асыл түбі иманнан, яғни иланудан келеді,–деген

Ыбырай Алтынсарин.

1-жүр: «Ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаман-

шылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі тексермей кеткен кісі тәуір жігіт

түгілі, әуелі адам ба өзі»,–дейді Абай.

2-жүр: Адам деген атқа лайық болып, жақсы амалдарды іске асырайық. Бұл сөздер

біздің емес, қазақтың бетке тұтар азаматтарының сөзі екенін тағы да бір ескертіп

өткіміз келеді.

Ән: «Көзімнің қарасы». Орындайтын: Қарсыбек Әлібек.

1-жүр: Мейірімді болу үшін әдепті болу керек. Әдепті болу үшін ақылды болу керек.

Ақылды болу үшін оқу, оқығанды тоқи білу керек.

2-жүр: Өмір—ылғи жұпарлы жеміс, гүл ме,

Ой-жырасы болады тегістің де.

Адал, мөлдір қалпыңда қалу деген.

Оңай емес құбылған жер үстінде,–дейді Фариза Оңғарсынова.

1-жүр: «Адамдықты ойласаң,

Мал мен бастан ар жақсы»,–деген Майлықожа.

2-жүр: «Малының көптігін иманын жоғалтқан мақтан етеді»,–дейді Бөлтірік шешен.

Арды ойлаған иманды ағайын, бұл сөздер сіздер мен біздерге айтылған деп білейік.

Майлықожаның термесі «Ата-ана қадірі». Орындайтын: Аблай Жанболат.

1-жүр: Пайғамбарымыз Мұхаммед үмметін адамгершілікке, қайырымды болуға, кіші-

пейілдікке тәрбиелеген. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үндеген.

Егер Алла тағала адамға мал-мүлік берсе, оның шүкіршілігі , Алла разылығы үшін

белгілі бір мөлшерін өзгелерге беруі қажет.

2-жүр: Алла тағала берген мал-мүлікті жақсылыққа, қайырымдылыққа жұмсаған адам

үлкен сауап алады. Сауапты іс жасауға асығыңыздар, алла тағала сіздердің несібе-

леріңізді мол етсін деп тілейміз.

Күй: «Торы жорға». Орындайтын: Жолдасбек Қуантай.

1-жүр: Қаржылай көмек көрсету сауапты іс болса, рухани көмек те сауабы мол амал.

2-жүр: Бүгінгі өткізіліп отырған қамқорлық акциясына ауылымыздың сыйлы азаматтары

өздерінің игі тілектерін білдіру үшін келіп отыр екен, кезекті сол кісілерге берейік.

(Тілек, бата айтылады)

1-жүр: Қайырымдылық акциясына келіп өз үлестерін қосқан азаматтарға алғысымыз

шексіз. Несібелеріңіз мол, денсаулықтарыңыз мықты, өмірлеріңіз мәнді болсын!

2-жүр: Арамызда қайырымды жандар көбейіп,еліміздің ынтымағы арта берсін!

Еліміз бай, халқымыз аман, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Кариева Жұмакүл Жандарбайқызы. ОҚО Мақтарал ауданы, М.Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектебінің музыка пәні мұғалімі. 8-702-658-20-78

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше