Исабекова Жұлдыз Кушербайқызы

Павлодар облысы
Ертіс ауданы
Қарақұдық ЖОББМ
бастауыш сынып мұғалімі
Исабекова Жұлдыз Кушербайқызы

3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Нан қайдан келеді?
Сабақтың мақсаты:
1.Балаларға көрнекі құралдарды пайдалана отырып, ертегінің мазмұнын түсіндіру.
2.Нанның адам еңбегімен келетін, оған көп күш жұмсалатынын тусіндіру.
Нан-қасиетті дәм. Нанға деген құрмет сүйіспеншілік көрсету.
3.Оқу іс-әрекеті барысында балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі: аралас( дүниетану, қазақ тілі)
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, іздену, әңгіме
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер( тышқан, сатушы, наубайханашы, диірменші, қап-қап ұн, қырманшылар, тау-тау бидай, комбайншы, тракторшы, мысық), нан өнімдері, бидай дақылы, бейнежазба(ертегі).
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Қызығушылықты ояту:
Тамшы болып тамайық(екі қолдың екі саусағын дөнгелетіп көрсету)
Арықпен бірге ағайық(екі қолды алға бұлғауға)
Көлшік болып жиналып(екі колды дөнгелектеп қосу)
Күнге қолды бұлғайық(терезе жаққа қолды созу)
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік
Ақ ниетпен шын тілеп
Сабақ жақсы өтсін деп.
(мұғалім ) Мақсатымыз-(балалар) білім алу,
(мұғалім)Міндетіміз-(балалар) еңбектену
Енбектену арқылы
«5»-ке қолды жеткізу
-Балалар, біз әдебиеттік оқу сабағында қай тараудамыз?(Маужырап барқыт қоңыр күз).
Үй тапсырма:
-Құрметті қонақтар!
Алдынғы сабақта өткен тақырыбымыз бойынша екі топтың арасында көрініс «Дақылдар әні»
-Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,
Нанда адамның еңбегімен ары бар.
Нан-өмірдің ана сүті, арқауы.
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар!?
-Мұхаметжан Етекбаевтың ертегісі «Нан қайдан келеді?»
М.Етекбаев – 1936 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында дүниеге келген .Балалар жазушы.
Бейнежазба(ертегі) (мұғалім тақтаға ертегідегі кейіпкерлердің суреттерің мазмұнына қарай іледі)

-тышқан -наубайханашы

-сатушы -диірменші

-(қап-қап ұн) -қырманшылар

-(тау-тау бидай) -комбайншы

-тракторшы -мысық

-Балалар, мынау-бидай масағы,сабағы. Егер бидайдың қаузын аршитың болсақ ішін ұнтақтаса, ұн болады.Наубайханада осы ұнға тұз, су, ашытқы араластырып, қамыр жасайды.
Сөздік жұмысы
-Наубайхана деген не?(нан пісіретін орын)
-Диірмен деген не?(дәнді дәкілдарды тартып, ұн шығаратын кәсіпорын)
-Комбайн ше?(әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған машина)
-Диқан сөзін қалай түсінесіндер?(егін шаруашылығымен айналысатын адам)
Сергіту сәт
Жайқалады ақ бидай (қолдарын жоғары,көтеріп тербелейді)
Басын иіп аққудай( бастарын иеді)
Трактор мен комбайн(қолдарын алға созып, трактор жүргізеді)
Жүргізуге мен дайын(қолдарын айналдыра комбайнды жүргізеді)
Оқулықпен жұмыс
І.Ертегіні оқу.
ІІ.Ертегінің идеясын анықта. Дәлелде.
ІІІ.Кестені толтыр. Өзің бірнеше тұжырым қосып жаз
Тақта жұмысы:
«Дұрыс»(+) «Бұрыс»-
1. Бұл ауыз әдебиетіне тән ертегі
2 .Қап-қап диірменнен шығады
3.Тышқан нанның еңбек арқылы
табылатынын түсінді
4. Реті: нан,ұн, бидай тұқым
5._______________
6._______________
Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар:
-Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуә етуге болмайды.Нан- дәм басы, онсыз өмір жоқ.. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болсаалып, адам баспайтын жерге қою керек.
-Тәнертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды :«Асығыспын, нан ауыз тиейін», «Ең құрыса нан ауыз ти» деген сөздер бекер айтылмаған.
-Нанды төнкеріп қоюға болмайды. Нан-қасиетті дәм. Онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолымен сындыруға болмайды.Кемтар адам ғана нанды бір қолымен сындырады.

Бағалау. Жерде жатса баспандар.
Үй тапсырмасы. – Нан қоқымын шашпандар.
Қортындылау: Теріп алып қастерлеп.
Торғайларға тастандар.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше