Наурзбаева Шакизат Серикбаевна
Астана қаласы, Политехникалық колледжі
қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Наурзбаева Шакизат Серикбаевна
Тәуелсіз, көпұлтты елімнің жастарының
болашағы – біздің қолымызда.
«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында.»
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстанның тәуелсіз жолындағы күресі қазақ тілінің қоғамдағы лайықты орнын талап етуден басталған болатын. Көзді ашып-жұмғанша биыл ҚР тәуелсіздігіне де биыл 25 жыл толып қалыпты. Осы жолда қаншама тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Сөйтіп, елім, тілім деп күрес майданына шыққан көптеген асыл азаматтардың зор қажыр-қайратының арқасында туған тіліміз өз тұғырына қонды. Бұл істердің қай-қайсысының болсын басы-қасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болғанын тағы жақсы білесіздер. Тәуелсіздік жылдары мемлекеттік тілімізде оймен бірге жетіліп, қолданыс аясын кеңейте түсті. Оның әрбір сатысынан Мемлекет басшысының қолтаңбасын көтеруге болады. Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Олай болса, болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Ендеше қазіргі заман оқушысы сыни ойлап, өзін-өзі бағалай алатын, алған білімін күнделікті өмірдегі жағдайларға қолдана алатын, бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған тұлға болуға тиіс. [1].
XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану жүйесіне көшуде. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ,өз мақсатымызға жете алмаймыз.Барлығы мектептен басталады », -деген болатын. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудырады. Білім беруде көптеген жаңа бағдарламаларт қазіргі таңда кеңінен қолданылып жатыр. Атап өтсек:
- 7 модульден тұратын оқытудағы жаңа бағдарлама,
- 12 жылдық білім беру,
- «Үш тұғырлы тіл» жобасы,
- «E-learning» электронды оқыту бағдарламасы
- және тағы басқалары. [2].
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»-деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі.
Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар жетілдіруде. Сол себептен ақпараттық – коммуникативтік құзырлықпен қатар, полимәдениеттілік бүгінгі уақытта әлемдік білім беру қоғамдастығының кеңістігін қалыптастыратын білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды.
Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Маманға шет тілін меңгеру кез-келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап, жаңа кәсіптік ақпараттар легіне немесе жалпы ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне ие болады. Әр адамның түрлі әлеуметтік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нәтижелері түрлі болмақ, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай, сондай тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі «өмір заңдылықтарында» және «нақты жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ [3].
Бұл бағдарламалар, әсіресе 3 тілде оқыту қоғамда үлкен дау тудырып жүр. ҚР жазушылар М. Шаханов, Қ. Жұмаділов , сонымен қатар ата-аналар өз наразылықтарын білдірген болатын. Тіпті оқытушылардың да арасынан қарсы шыққан адамдар болды. Сонда да бұл бағдарлама 2016 жылдың қыркүйек айынан өз жұмысын бастап кетті.
Білім берудегі барлық бағдарламалар бір-бірімен тығыз байланысты. Сол себепті, осы барлық бағдарламарды өз сабағымда қолдануды дәстүрге айналдырғанмын. Өз тәжірибеммен бөлісу мақсатында мына әдістерді көрсеткім келіп отыр:
1. Топтастыру.
Мен білім алушыларды қазақ, орыс, ағылшын тілінде берілген сұрақтар арқылы топтастырамын.
Мысалы, «бағдарламалау» мамандығы үшін, тақырып компьютермен байланысты болған жағдайда:
Қазақша сұрақ: Компьютерді жиі тұтынасыздар ма?
Орысша сұрақ: Для чего нужен компьютер?
Ағылшынша сұрақ: The possibility of a computer?
Осы сұрақтарды түрлі-түсті қағаздарға жазып, балаларды 3 топқа бөлемін. Әр топ осы 3 сұраққа тек қазақ тілінде жауап береді.
2. Тақырып бойынша тек қазақ тілінде видеоролик көрсетіледі.
Тапсырмалар. Берілген компьютер құрылғыларын сәйкестендіріңдер!
Енгізу пернесі Delete
Алдыңғы символды өшіру Shift
Кіші әріптерді үлкен ету Enter
Үлкен әріптерді енгізу Backpace
меңзердің оң жағында орналасқан Capslock
символдарды өшіреді
Жұмбақтарды шешіп, жауабын ағылшын және орыс тілдеріне аударыңдар!
1.Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың.
(тінтуір-мышка-mouse)
- Компьютерге енеді,
Қағазды басып береді.
(басып шығарғыш – принтер -printer )
3.Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған.
(бейнебет- монитор – monitor)
- Төртбұрышты терезеден,
аласың жаңалық әлемнен.
(ғаламтор-интернет-internet)
3. Сабақты қорыту. «Қалың және жұқа сұрақтар»
үш топ бір-бірлеріне қалың және жұқа сұрақтар қойып, соларға жауап беру арқылы сабақты қорытындылаймыз. (тек қазақ тілінде)
4.Сергіту сәті.
Кез-келген көңілді қазақша әнді ағылшын және орыс тіліне аударып, білім алушыларға караоке ретінде ән айтқызамын.
5. Кері байланыс. «Миыңды суретте!»
Балалар А4 форматына өз миларының суретін салып, бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандарын қазақ тілінде айтады, (1-2 ауыз сөз орыс, ағылшын тілдерінде)
Бағалау. (формативті) Менің тарапымнан міндетті түрде 3 тілде қошеметтеу сөздері айтылады.
Сен
Ты
You are
Өте ғажапсың!
Қиялдағыдай..
Меніңше сен ұып алдың.
Я верю в тебя
Ты великолепен!
Ты ностоящйи гений
Удачно выполнил
You are wonderful!
I am proud of you
I believe in you
You are a genius!
Қорыта келсек, әрбір мұғалім өз сабағында жаңа бағдарламаларды бір-бірімен байланыстыра отырып, әсіресе үш тілде сабақ өткізетін болса, бәсекеге қабілетті, білімді, дарынды әрі сыни ойлай білетін жастардың көбеюіне күмән келтірмес едім. «Көз қорқақ, қол батыр», – демекші тәуекелге бел буып, осы бағдарламаның ғұмырын ұзақ қылайық, сонда ғана еліміз дамыған елдердің қатарына қосылады деп білемін. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас», – дегендей тек ана тілімізбен ұзаққа шаба алмаймыз. Бұл жерде ана тілімізді ұмытып, шет тілдерде еркін сөйлеу деген мағынада емес, ана тілін әрбір Қазақстандық еркін меңгеруі тиіс, ал орыс тілі мен ағылшын тілін сабағымызға қосымша алып жүрсек, болашақ ұрпақтарымызға алып келетін пайдасы мол. Үш тілде сабақ өту үшін, көп еңбектену керек, көп іздену керек. Қаншама уақытты, қаншама дайындықты талап етеді, бірақ қолымыздан келгенше бағдарламамыздың үлкен теңізге айналуына, тамшыдай болсада үлесімізді қосуға тырысайық әріптестер! Тәуелсіз, көпұлтты елімнің жастарының көп тілдімеңгеруі – біздің қолымызда құрметті оқытушылар!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 . Tarbie.kz порталы
- Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 3 деңгей
3.Жаминова Р.Ж. Модульдік оқыту технологиясын қолдана балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру. // Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістер. ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. ІІ том. Астана-2012 ж. 115-120 б.

