| Психологиялық ахуал.
Ұйымдастыру :
Оқушылармен сәлемдесемін: «Сәлеметсіңдер ме, балалар!»
Алтын таңның шуағы
Бақыт үшін туады.
Қайырлы күн, балалар,
Жарық күннің шуағы.
Балалар, сендердің армандарың барма?
Сендердің армандарың қандай? деген сұрақтар қойылады? Балалар сұрақтарға өз жауаптарын береді. « Менің арманым: Әкем мен шешем аман болса екен. Менің арманым үлкен үйіміз бола екен»
Ендеше балалар ,осы армандарымызды гүлдің жапрақшаларына жазып , тақтаға ілейік.
-Қандай әдемі түймедақ гүлі шықты. Арқашан армандай білейік. Арманға ұмтылу керек. деп ортақ тақырыпты ашамын.
Балалар сендердің тұратын жерлеріңде осындай әдемі гүлдер өседі ме? Сендер өз өлкелеріңнің табиғатын сипаттай аласындар ма?
Оқушыларды топқа бөлу: Түрлі түсті стикерлерді таңдау арқылы үш топқа бөлу
І топ- « Сағат»
ІІ топ-« Минут»
ІІІ топ-« Секунд»
Сабақтың мақсатын қою:
2.1.3.5.Уақытты циферблат бойынша анықтау: сағат жəне минут.
Мұғалім оқулықтағы 1-тапсырмаға назар аудартады. Əлия мен Сырым тəуліктің əртүрлі мезгілдерінде жасалған Қазақстанның табиғаты бейнеленген суреттерді қарайды.
- Сағаттың қандай тілдері бар?
- Олар қалай аталады?
- Олардың арасында қандай айырмашылық бар?
- Сағат қандай уақытты көрсетіп тұр?
- Неше минут өтті?
Сабақтың мақсатын қоюға мүмкіндік беретін проблемалық жағдаят туындайды
-Балалар біз ненің көмегімен уқытты бағдарладық?
-Біз циферблаттың көмегімен уақытты бағдарладық.
– Бүгінгі сабақ тақырыбымен мақсатын болжап көрейік.
Білу кезеңі
Жаңа сабақ материалын ендіру
Өзектендіру.
Өздеріңе таныс ұзындықтың, салмақтың өлшем бірліктерін атаңдар?
- Уақыт немен өлшенетінін кім біледі?
- Сағат– барлығына белгілі құрал.
Ал оның не үшін керек екенін түсіндіре аласыңдар ма?
Видео көрсетілім. «Сағаттың шығу тарихы»
Мұғалім оқушылардан сұрайды.
- Уақыт деген не?
- Уақытты көруге, естуге, ұстап көруге бола ма? – Ол бар ма? (Бізді қоршаған əлемде барлық оқиғалар уақытпен жылжиды!)
Уақыт əрқашан қозғалыста болады. Ол бір сəтке де тоқтамайды!.
- Уақыт қандай бағытта жылжиды? (Əрқашан тек бір бағытта – өткен шақтан болашаққа қарай.) – Уақытты артқа жылжытуға, ұстап қалуға немесе тоқтатуға бола ма?
Оқушылар сағаттың сағаттық (қысқа) жəне минуттық
(ұзын) тілдерімен таныс. Оқушылар көбейту кестесімен, жеке алғанда 5-ке көбейтумен таныс болмағандықтан мұғалім олардан циферблаттағы бір ұсақ бөлік (1 минут) қандай уақыт аралығына сəйкес келетінін сұрауы қажет. Бұдан кейін оқушылар ірі бөліктер арасына 5 ұсақ бөліктер сыятынын санай алады. Бұл циферблатта цифрдан цифрға дейін ірі бөліктер арасында 5 минут уақыт аралығы
белгіленгенін білдіреді. 12 цифрынан бастап тілдердің қозғалу бағытымен минутты санау қажет. 1 цифрының деңгейінде минуттық тіл 5 минутты, 2 цифры деңгейінде – 10 минутты көрсетеді, ал егер осылай минуттық тілге 5 минуттан қосып отырса (1 минутқа қарағанда 5 минуттан жылдам саналады), онда 12 цифрының деңгейінде 60 минут алынады, бұл 1 сағат ұзақтығын құрайды
-Уақытты арқашан бағалай білейік, балалар!
Уақыттың өлшем бірліктерімен таныстыру
Уақыттың ең үлкен өлшем бірлігі ғасыр
1ғасыр = 100 жыл
1 жыл= 12 ай
1ай =30-31 күн немесе ( 28-29 күн ақпан айында)
1 тәулік=24 сағат
1сағат=60мин
1мин=60 секунд
Білім алушылардың берген жауабын бағалау. Қалыптастырушы бағалау жүргізу: ауызша бағалау( Жарайсың! Өте жақсы! Сен алғырсың! Керемет!) |