Математика – өмірде
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Құмсай орта мектебінің
Математика пәнінің мұғалімі: Абдрашева Т.А.
«Математика – өмірде»
1-жүргізуші:
Ғылымдардың ғылымы,
Математика жайында,
«Математика-өмірде» атты кешімізді бастаймыз.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерді «Математика – өмірде» атты ойын сабағымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Қосу» және «Азайту» топтарын шақырамыз. Кешіміздің өтілу тәртібін таныстырайын. Ойын 5 бөлімнен тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан алады. Әділқазылар алқасымен таныстырамыз.
1-жүргізуші:
Математика ғылымы-ермек емес балалық,
Математика ғылымы-көрегендік даналық.
Космос кезген ракеталар дәл бүгін,
Ешкімге де таңсық емес жаңалық.
2-жүргізуші:
Математика патшалығы өмір сүрген,
Заңдары ашылыпты дана тілмен.
Патшалыққа саяхат жасай жүріп,
Әр адам математика сырын білген- дей келе, Хакім Абай қара сөзінде «Естілердің сөзін ескеріп жүрген адамның өзі есті болады» деп бекерге айтпаса керек. Біршама математикаға байланысты даналық ойларды жинақтап оқушылар назарына:
1.Ғылым математиканы пайдалану арқылы жетіледі. (К.Гаусс)
2.Математиканың өз тілі бар, ол формулалар. (С.Ковалевская)
- Математиканы өте жақсы меңгермей озық техниканың негізін түсіну қиын. (А.Н.Колмогоров)
-
Әсем суреттер мен поэзиядағыдай математиканың да өзінің сұлулығы бар. (Қ.Сәтбаев)
5.Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді:бірі математикамен шұғылдану, екіншісі одан сабақ беру. (Пуассон)
6.Математика – барлық ғылымдардың бекзадасы. Оның сүйіктісі – шындық, сәні – қарапайымдылық пен айқындық. (Ян Снядецкий)
7.Математика – ұлы ғылым, адамның ең бір асыл қасиеттерінің тамаша жемісі. (Д.И.Писарев)
І. Сапалы білім.
1-жүргізуші:
Сырлары көп білімнің,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне- дегендей келесі бөлім «Сапалы білім» деп аталады. 2-топқа бөлек-бөлек 10 сұрақтан қойылады.
І-топ.
1). Ең кіші натурал сан. (1)
2). Шаршының периметрі 40см. Оның ауданы неге тең? (100см2)
3). Қандай сандар 0-ден үлкен? (Оң сандар)
4). Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (0)
5). Өзіне және бірге бөлінетін сан қалай аталады? (Жай сан)
6). Аралас сан деген не?
7). 3-ке кері санды ата? (
