Кабдылбарова Айгерим Айтказыевна
Ағылшын тілі сабағында ауыз екі сөйлеу
дағдысын қалыптастыруда ақпараттық –коммуникативтік
технологияларды қолдану
Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Переменовка ауылы «Переменовка орта мектебі» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кабдылбарова Айгерим Айтказыевна
ХХІ ғасырдағы қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып табылады.Ол тек қана техникалық құрал емес,сонымен бірге жаңа ақпараттық коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңа әдісі болып отыр.Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі-жаңа технология болып табылады.Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің саласы артады,мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып,сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: компьютерлік техниканы,интернет,электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Заманымызға қарай қазіргі таңдағы қоғамның сұранысына сәйкес Қазақстанның педагогика ғылымындағы әлемдік стандартқа сай білім алу қажеттіліктері оқушылардың өзіндік жұмыстарының жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жетілдіруіне тікелей байланысты.
Ағылшын тілі – әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі. Ағылшын тілі бүгінгі заманымыздың кілті,компьютер технологияның кілті екені белгілі.
Т.Аяпова: «Адам баласының сөйлеуі – баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты,қажетті болып табылатындығын айқындайды», – дейді. Яғни осы Т.Аяпованың сөзін күнделікті ағылшын тілі сабағында пайдалануды өзіме мақсат етіп ала отыра ауыз екі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан – жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.
Ең тиімді программалардың бірі – Microsoft Power Point. Ол оқытушыға қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамасыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Шетел тілі пәнін меңгертуде Microsoft Power Point бағдарламасымен жасалған презентацияларды қолдану өте тиімді және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б. Интерактивті тақтамен презентацияны көрсету оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық немесе электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
•лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
• хат жазуға үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі жоғарылай түсуде. Оқушылар тілін дамыту белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса, оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырса, онда оқушы келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады.
Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
• үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
• оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
• оқушылардың шығармашылығын арттырады;
• оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
• оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
• пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады.
Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.
Ал қазір жаңартылған білім жүйесінде ақпараттық –коммуникативтік
технологияларды қолданбай сабақ өткізу мүлдем мүмкін емес. Әр бөлім сайын,тоқсан сайын өткізілетін БЖБ,ТЖБ – да тыңдалымды өткізу үшін міндетті түрде АКТ колдану керек.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт: «Жай мұғалім хабарлайды,жақсы мұғалім түсіндіреді,керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген екен.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Т.Аюбаева «Ақпараттық технологиялар оқыту үрдісінде» Қазақстан мектебі №9,2008ж
2.Н.Назарбаев.Жаңа онжылдық.Жаңа экономикалық өрлеу.Қазақстанның мүмкіндіктері.2010ж
3.К.Рымбаева «Интерактивті тақтаны қолданудың негізгі мәселелері» Қазақстан мектебі №12 2009ж
