Нурсеитова Айгуль Мусахановна

Тексерілді: .

Сабақ жоспары

Мектеп: ОҚО, Көксәйек ауылы, Төлеби жалпы орта мектебі.
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Нурсеитова Айгуль Мусахановна
Сынып: 6 сынып Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Өнер ордасы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Өнер ордасы жайлы түсінік қалыптастыру,суреттер арқылы өз ойларын жеткізу, сұрақтарға жауап беру, әр түрлі көздерден тақырып бойынша мәлімет жинау;
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:өнер ордасы жайлы түсінік қалыптастырады;

Оқушылардың көбісі :суреттер арқылы өз ойларын жеткізеді,жетекші сұрақтарға жауап береді;

Кейбір оқушылар: әр түрлі көздерден тақырып бойынша мәлімет жинайды ;алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Тілдік мақсаттар -Орыс мәдениетінің қайраткерлері- Галина Уланова, Юрий Завадский, Наталья Сац, Вера Марецкая

-Музыкалық аспаптар:рояль, пианино, скрипка, виолончель, контрабас, гобой, кларнет, твалторна, литавра

-Консерватория.

Бағалау критерийлері Өнер ордасы жайлы түсінік қалыптастыру,суреттер арқылы өз ойларын жеткізу, сұрақтарға жауап беру, әр түрлі көздерден тақырып бойынша мәлімет жинау;
Құндылықтарды дарыту Музыка арқылы адамның жан сезімі мен жүрек қылын дамыту, адам өзінің өмірге қөзқарасын таныту.
Пән аралық байланыстар Қазақстан тарихы. Математика. Өзін-өзі тану. Әдебиеттік оқу.
АКТ қолдану дағдылары Тілес Қажығалиев «Қыз қуу» Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық конс-ң студенттер оркестрінің орындауындағы бейне баяны,тақырыпқа байланысты слайд, адасқан суреттер проектор арқылы көрсету.Музыкалық аппарат.
Бастапқы білім Қазақстанның скрипка мектебі. А.Жұбанов «Ақ көгершін».Қазақстандағы музыка мәдениетінің дамуы мен скрипка өнерінің даму ерекшеліктері және Айман Мұсаходжаева жайлы түсінік қалыптастырылған.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

15 минут

Сыныпты топқа бөлу. Алдыңғы сабақтағы өткен А.Жұбановтың « Ақ көгеншін» әнінің әр шумағы бойынша үш топқа бөлу.

Әнді орындау.

«5 әдіс »арқылы өткен сабақ сұралады. Қазақстанның скрипка мектебі. А.Жұбанов «Ақ көгершін».Қазақстандағы музыка мәдениетінің дамуы мен скрипка өнерінің даму ерекшеліктері және Айман Мұсаходжаева жайлы .

1.Мәтін.

2.Өлең шумағы.

3.Сөзжұмбақ.

4. Мақал-мәтел.

5.Теңеу сурет.

Миға шабуыл «Ой толғау»

Мағынаны тану. Тақырыпты ашу.

Магнитола,кеспе қағаздар.

Өнер ордалары жайлы суреттер.

Сабақтың ортасы

15 минут

Оқылым.( әр топқа абзац бойынша бөлініп беріледі , топ өз ара топ басшысын сайлайды.)

Айтылым. «Галереяны шарлау » әдісімен жаңа тақырып өтіледі.

Үш топ галереяны аралап болған соң, топ басшылары өз ара галерея шарлайды.

Музыка тыңдау.

Тілес Қажығалиев «Қыз қуу» Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық конс-ң студ-р орк-ң орындауының бейне баяны.

Жазылым. «Кластер» әдісімен топтастырады. Тілес Қажығалиев.

Бекіту : « Адасқан атаулар» Слайд арқылы адасқан атаулардың оқушылар дұрыс жауабын табады.

Бағалау критерийі Дескрипторы
Өнер ордасы жайлы түсінік қалыптастыру,сурет тер арқылы өз ойларын жеткізу, сұрақтарға жауап беру, әр түрлі көздерден тақырып бойынша мәлімет жинау; Өнер ордасы жайлы түсінік қалыптастырады,сурет тер арқылы өз ойларын жеткізеді, сұрақтарға жауап береді, әр түрлі көздерден тақырып бойынша мәлімет жинайды;
Суреттер .

Аспаптар суреті.

Флипчарт.

Маркер.

Клей.

Скотч.

Оқулық.

Дәптер.

Проектор арқылы

« Адасқан атаулар»

слайдын көрсету

Сабақтың соңы

10минут

Рефлексия (кері байланыс)

(жазбаша) «Білім теңізіне» ақ көгершіндерді ұшырады , сабақты түсінгендері «Білім теңізіне» қонады, сабақ бойынша сұрақтары болатын немесе сәл түсінбеген болса, онда «Ереже шығанағына» көгершіндерді қондырады.

Үй тапсырмасы: «Ақ көгершін» әнін қайталау. Тақырып бойынша материал жинау.

Ақ көгершіндер сурет қималары
Саралау – оқушыларға қалай қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қабілеті жоғары оқушылар-өлең шумағын құрау , сөзжұмбақ құрау,жаңа тақырыпты түсіндіру ұсынылады ;

Қабілеті төмен оқушылар- теңеу сурет салу , мақал-мәтел айту тапсырылады;

Бағалау парағы бойынша , бағалау критерийімен және дескриптор арқылы бағалана ды. Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуын ескертеді
Сабақ бойынша рефлексия

(сабақ мақсаттары дұрыс қойылғанба?Оқушылардың барлығы ОМ-ға қол жеткіздіме?Сабақ саралау дұрыс жүргізілдіме?Сабақ уақыттық кезеңдері сақталдыма?Сабақ жоспарынан ненліктен ауытқулар болды?)

Сабақ мақсатына жетті.

Саралау жұмыстары дұрыс жүргізілді.

Сабақтағы уақыттық кезеңдер тура сақталды.

Сабақ жоспарынан ешқандай ауытқу болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жұбановтың « Ақ көгершін» әнінің әр шумағы бойынша топқа бөлу оқушылардың тапқырлыққа ,жылдамдыққа ,ұжымдылыққа икемін арттырды.

2:Рефлексия«Білім теңізіне» ақ көгершіндерді ұшыру,өте қызығушылықты туғызды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: «Галереяны шарлау » әдісімен жаңа тақырып бойынша дарынды балалардың шығармашылық ойын,сөйлеу мәнерін,әртістік өнерін де дамытты.

2: « Адасқан атаулар»әдісі ойлау қабілетін, жылдамдығын арттырды.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Оқушыларға деңгей бойынша тапсырмалар дайындау .

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше