Енсепова Бағила

Қызылорда қаласы

С.Лапин атындағы №261орта мектеп

информатика пәнінің мұғалімі

Енсепова Бағила

Пәні Информатика
Сыныбы 6
Күні 22.11.2017ж
Сабақтың тақырыбы Алгоритм түрлері(сызықтық, тармақталған және циклдік)
Сілтеме Оқулық Информатика 6- сынып «Арман ПВ»
Оқып – үйренудің негізгі мақсаттары: 1.Алгоритм түрлері туралы мағұлмат білу.

2.Алгоритм түрлерінің қызметін түсіну.

3.Алгоритм түрлеріне мысал құра білуге үйрену.

Оқып – үйренудің нәтижесі: Барлық оқушылар:

1. Алгоритмнің жазылу формалары туралы білетін болады.

Оқушылардың басым бөлігі:

2.Алгоритм түрлерінің қызметін түсінеді.

Кейбір оқушылар:

3.Алгоритм түрлеріне мысал құра білуге үйренеді.

Тілдік мақсат Пәнге тән лексика және терминология

Алгоритм, сызықтық, тармақталған, циклдік

Сабақ барысы:
Уақыты: Мұғалімнің іс – әрекеті: Оқушының іс – әрекеті:
2-мин Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу

1-топ алгоритм

2-топ орындаушы

Оқушылар 2 топқа топтасады.

1-топ алгоритм

2-топ орындаушы

5-мин Үй жұмысын тексеру.

Миға шабуыл (сұрақ-жауап)

Смайлктер арқылы бағалау жүргізіледі.

Сыныптағы әр оқушы бір сұрақ таңдап жауап береді.

.

1.Алгоритм дегеніміз не?

2. «Алгоритм» термині қай ғұламаның есімімен байланысты?

3.Алгоритмге мысал келтір

4.Алгоритмнің атқарушылары

5.Алгоритмнің неше қасиеті бар,ата.

6.Алгоритмнің дәл,айқындылық қасиетін қалай түсіндіресін?

7.Алгоритмнің берілу(жазылу) түрлері

8.

Қандай қызмет атқарады?

9.

Қандай қызмет атқарады?


10.

Қандай қызмет атқарады?

11.

Қандай қызмет атқарады?

Смайлктер арқылы бағалайды

2-мин Жаңа сабақ

(тұсаукесер)

Жаңа сабақ

Паракшадағы сөздерді құрастыру арқылы тақырыпты ашады.
12-мин

2-мин

3-мин

Топтық жұмыс

"A basket of ideas – идеялар себеті" әдісі

3.Постерге салу

4.Постерді қорғау

Екі жұлдыз,бір тілек

Жұптық жұмыс

1-топ Алгоритм командалары

Алгоритм командалары есеп шартына байланысты жай және құрама командалардан тұрады.

Жай команда. Кез келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы ақпаратты өңдеудің немесе өрнектеудің операциясын орындайтын жай командадан тұрады. Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу және нәтиже алу командалары жатады.

Құрама командалар. Жай командалардан құрылымы күрделі құрама командалар құралады. Құрама командалар құрылымына байланысты тізбекті, тармақталу және циклдік топтардан немесе бірыңғайланған алгоритмдік құрылымдардан тұрады. Олардың жай командадан ерекшелігі бірнеше командадан құрылады және орындалуы берілген шарттарға негізделеді.

Алгоритм құрылымы

1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуы – сызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы:

алг үй тапсырмасын орындау

басы

күнделікті алу, тиісті бетін ашу,

үй тапсырмасын анықтау

үй тапсырмасын орындау

күнделікті орнына қою

соңы

Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді. Мысалы, төменде көрсетілген Z функциясының сандық мәнін есептеп шығару алгоритмін жасау керек болсын.

2-топ Орындаушы. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік алгоритмдік тілде өрнектелгендеегер, онда, әйтпеес, бітті түйінді сөздері пайдаланылады. Орынду тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.

Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуы цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритдер тобы циклдік алгоритмдер жатады. Қайталану командасын алгоритмдік жазу үшін әзірше (әзір), цикл бар (цб), және цикл соңы (цс) түінді сөздер қолданылады.

Топтар бір – біріне екі жұлдыз,бір тілек арқылы бағалау жүргізеді.

«Ағашты өсіру» алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастырыңдар

Шұңқырды толтыр…
Шұңқырды қаз
Су сепкішті алып, көшетті отырғыз
Күрек пен көшетті ал
Көшетті шұңқырға сал.
Күрек пен су сепкішті орнына қой

Жұптар өз-ара тексереді тақтадағы дұрыс жауап арқылы

11 -мин Жеке жұмыс:

(компьютермен жұмыс)

Мәтінді қораптағы сөздермен дұрыс толықтырып, сөзді ағылшын тіліне аударып, компьютерге басып шығарыңыз

Дос, қыз күн әке үй ана

1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз ….. жоқ. (күн, day)
2. ….- асқар тауың, ….- шалқар көлің.(әке, father, ана, mother )
3. Гүл- жер көркі, …… ел көркі. (қыз, qirl)
4. Дұшпан күлдіріп айтады, ……жылатып айтады.(дос- friend )
5.Балалы….. – базар. (үй- house)

Кеңейтілген тапсырма (жеке жұмыс)

А-деңгей

Р/с Сұрақтар Дұрыс жауап Жауаптар
1 Сызықтық алгоритм дегеніміз не? А) Қандай ба бір шартқа тәуелді болатын алгоритм
2 Тармақталу алгоритмі дегеніміз не? В) Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер
3 Циклдік алгоритмі дегеніміз не? С) Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм

В-деңгей

Р/с Сұрақтар Жауаптар
1 Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
2 Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?
3 Қайталану алгоритмі дегеніміз не?

С-деңгей

Р/с Алгоритм түрлері Ережелері
1
2
3
2-мин Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады.

Рефлексия

Не білдім? Не үйрендім? Маған қиын болды
1-мин Кейінгі тапсырма Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше