Саурбаева Светлана Сайлаубековна
Солтүстік Қазақстан облысы. Аққайың ауданы,
Дайындық негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Саурбаева Светлана Сайлаубековна
| Күні: 24.11.2017
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: 5
Қатыспағандар саны: |
||
| Сабақтың тақырыбы | Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі. | ||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау |
||
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: дауыссыз және дауысты дыбыстарды ажыратады, дыбыстық талдау жасайды.
Көбі: сурет бойынша сөйлем құрастырады, сәйкес сызбаны сызады. Кейбірі: сызбаға сәйкес сөйлем құрастырады. |
||
| Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне, отбасына деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||
| Пәнаралық байланыс | Математика, орыс тілі, ағылшын тілі. | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. | ||
| Тілдік құзыреттілік | Қ дыбысы, буын, сөйлем, сөз. | ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | ||
| Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
1. Топқа бөлу.
Оқушыларға бір-бір қтма қағаз таратылады. Кімде екі буынды сөз – бірінші топ, кімде үш буынды сөз – екінші топ. (қалалар, қалам, тақта, қармақ, Қаламқас). 2. Ширату жаттығу «Компьютерлік пернетақта». Оқушыларға әріптер мен тыныс белгілері таратылады, кімде қандай әріп немесе тыныс белгісі кенет орнынан тұрады. |
||
| Сабақтың ортасы
15 минут |
3. Сурет бойынша жұмыс.
– Нені көріп тұрсыңдар? (Отбасы бақшада жұмыс істеп жатыр) – Отбасы дегеніміз не? – Үш тілде айтып шығыңдар. – Олар не істеп жүр? (Жемістерді жинап жүр). Тапсырма: 1-топ – Бұл сурет бойынша сөйлем құрастырады. 2-топ – сөйлемге сәйкес сызба құрастырады. – Біз де қазір отбасы болып жемістерді жинаймыз және іріктейміз. 1- топ -себеттерге дауыссыз дыбыстарды жинайсыңдар. 2-топ – дауыссыз дыбыстарды жинайсыңдар. Топтар бір-бірінді тексеріп, бағалайды. 4. Сергіту сәті. Тереңдет ойыңды, Тiк ұста бойыңды. Құстарға ұқсайық, Қалықтап ұшайық. Шық алға оң қанат, Шық алға сол қанат, Шаршаған кездерде Қонайық жорғалап. Тапсырма. Сергіту сәттіндегі Қ әрпі бар сөздерді атау. Буынға бөлу. Олар сөздің қай жерінде жазылады. (Құстарға, ұқсайық, қалықтап, ұшайық, шық, қанат, қонайық). |
||
| Қызықты тапсырма
18 минут Аяқталуы |
Оқулықтағы тапсырманы орындау.
1. Мәтінді оқып, сызбаның орнына сөз қою. 2. Дәптермен жұмыс. Қосымша тапсырма: дыбыстық талдауын жасау. Астында суық отбасы |
||
| Сабақтың соңы
2 минут |
Кері байланыс «Алма ағашы» әдісі.
Қызыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл-күйім көтеріңкі. Сары түсті т алма – мен тапсырмаларды дұрыс орындай алмадым: менің көңіл-күйім жоқ. |
||
