Каримова Анна Адилбековна

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, К.Нокин ауылы

«Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының еңбекті қорғау пән мұғалімі

Каримова Анна Адилбековна

Сабақ жоспары №8

Өтілетін тобы: 622

Өтілетін уақыты: 08.11.2017 жыл

Пәні: Жобалау зерттеу жұмыстарындағы еңбекті қорғау

Сабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін психикалық-физиологиялық факторлар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жұмыс жасау кезінде техника ережелерімен танысу.Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауын қадағалау. Нұсқаулықтармен таныстыру. Адамның бойындағы қоршаған ортаның жағымсыз және қауіпті жағдайларының сақтандыратын орталық жүйке жүйелермен байланысқан сезім мүшелері жұмыс істейді немесе психо-физиологиялық фактор білім дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың бойында жұмыс жасау кезінде техника ережелері туралы білімді қалыптастыра отырып, саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, өмірде қолдана білуге баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Жауапкершілік пен ұқыптылыққа, қауіпсіздік ережесін сақтауға, тәрбиелеу .

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Сайыс сабағы

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, ойын элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: Проектор, слайдтар,үлестірмелі кеспе қағаздар, әріптер, косынка, секундомер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

– оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру және дәрісхана тазалығына назар аудару.

–Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Екі топқа бөлінген оқушылар жеке –жеке отырғызылады, топ басшысы сайланады және девизімен таныстырады.

1-топ «18+»

2-топ «Қауіп»

Сабақтың жүру барысы:

Жоспары:

І.Ой қозғау: Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Данксия тауының ұшар басына шығу»

ІІ.Жаңа тақырыпқа даярлық.«Сөзжұмбақ» сайысы

ІІІ. «Нұсқама түрлерімен танысу».

ІV. Көп сөйлеме? – (Капитандар жарысы).

V.«Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп.» (мақал мәтелдерді жалғастыру)
VІ. Сабақты қорытындылау.

Сабақта жасалатын әрекеттер:

-топқа бөлу;

-жеке жұмыс,ой-өрісін тыңдау (ой-шақыру);

-слайдтармен жұмыс;

-пысықтау, бекіту, топпен жұмыс (Көп сөйлеме ойыны),

  • бағалау.

І.Ой қозғау: Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Данксия тауының ұшар басына шығу» (екі команда бір бірінін 10 сұрағына жауап беру арқылы тауға шығады).

ІІ.Жаңа тақырыпқа даярлық.«Сөзжұмбақ» сайысы. (әр командадан 6 адамнан шығып берілген сұрақтың жауабын 60 секунд ішінде тауып, қолдарына берілген әріптерді орын орнына қою арқылы сөзді құрау керек.)

  1. еңбек ететін жердің ауа райының жер қыртысы мен суларының, өсімдіктерінің, т.б. ерекшеліктерінің жұмысшыға әсерін білдіретін қандай фактор? (табиғи);
  2. еңбекшінің науқастануына немесе жұмысқа қабілетінін төмендеуіне әкеліп соғатын фактор? (зиянды);
  3. қоршаған ортадағы құбылыстардың кейбір қасиеттерінің адамның ұғымына әсері? (сезіну);
  4. адамның затқа қатынасын білдіретін не? (қызығу);
  5. құбылыстың қасиеттерін және олардың өзара байланысын анықтау мақсатында есте сақталған жайларды пайдалану арқылы атқарылатын адам бойындағы жоғары психологиялық үдеріс? (ойлану);
  6. адамның қабілетінің төмендеуі қандай психикалық-физиологиялық фактор? (шаршау);
  7. тиімді еңбек ету үшін еңбекшілерге не жасау керек? (жағдай);
  8. бұл ғылым өндірістегі жазатайым оқиғалардың, кәсіби сырқаттардың , жарылыстар мен өрттің себептерін анықтап,оны болдырмаудың қажетті шараларын жасайды? Бұл дегеніміз еңбекті…? (қорғау).

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан – 2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту. Сондықтан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін психикалық-физиологиялық факторлар» Алдарына тақырып беріледі.

ІІІ. «Нұсқама түрлерімен танысу» Слайд (видеоролик көрсету «нұсқаулықтарды сақтамағанның салдары»).

ІV. Көп сөйлеме? – (Капитандар жарысы). Көп сөйлеме ойыны әр ойыншыға 60 секунд уақыт беріледі, берілген уақыт ішінде ойыншы өз командаластарына ұсынылған тақырыптар бойынша мүмкіндігінше көп сөз көрсету керек. Әр бір дұрыс сөз бір ұпайға тең. (Кіріспе, алғашқы, мақсатты, қайталама, нұсқаулық, стандарт, профилактика, эргономика, режим, уақыт)

V.« Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп.» демекші сайыста озып шығу үшін білімді болудың маңызы зор. Сондықтан бұл бөлімде оқушының білімін бағалау үшін әр топ мақал мәтелдерді жалғастыру керек.

  1. Еңбегің өнімді болса, көңілің ….. болар. (сенімді),
  2. Еңбек адамның көркі, Адам ….. көркі. (заманның);

  3. Еңбек бейнет емес, ….. (Зейнет);

  4. Еңбек еткен — ….. жеткен. (мұратқа);

  5. Еңбек ет те мактан, Ойнап күл де ….. (шаттан);

  6. Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады, Еріншек ұйқыдан ….. тұрады. (қирап);

  7. Еңбекке жастан, …. бастан. (өнерге);

  8. Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін, жоқшылық деген жебірді жермен ….. ететін.(жексен);

  9. Еңбек етпей елге өкпелеме, Егін екпей жерге өкпелеме.(жерге);

  10. Еңбек етсең емерсің, Ерінбесең ….. (жеңерсің).

VІ. Сабақты қорытындылау:

  1. Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін психикалық-физиологиялық факторлар?
  2. Сезіну, сезу дегеніміз не?
  3. Қабылдау, ұғыну дегеніміз не?
  4. Иллюзия дегеніміз не?
  5. Назар аудару, зер салу?
  6. Есте сақтау, жадында сақтау?
  7. Ойлау дегеінімз не?
  8. Әсеерлену, қызығу дегеніміз не?
  9. Жұмысқа қабілеттілік, іскерлік дегеніміз не?
  10. Шаршағыштық дегеніміз не?

Сараптау және бағалау. Капитанның топтық жұмысты бағалау кестесі және өзін өзі бағалау парағы, яғни білім алушы топтағы өз жұмысын нақтырақ бағалап және оны капитанның қойған бағасымен салыстыруына мүмкіндік береді.

Оқытушы Каримова Анна Адилбековна

Капитанның топтық жұмысты бағалау кестесі

____________топтың атауы

Топ мүшелері: Идеяларды ұсыну (мәліметтерді жетілдіріп, жалпылайды) Жолдастарын топ жұмысына жұмылдыру Идеялардың дербестігі Сұрақ қою Сұрақтарға жауап беру Белсенді түрде тыңдау Жалпы балл
Жалпы ұпай

Өзін өзі бағалау парағы

Аты-жөні__________________ Тобы__________________________

Сен топпен жұмыс істегенде төмендегі іс-әрекеттерді қаншалықты жиі атқардың? (топтық жұмыста сенің деңгейіңдң нақты анықтайтын сөзді белгіле)

  1. Мен ақпарат алу немесе нақтылау үшін сұрақтар қойып отырдым.
  • Ешқашан
  • Кейде
  • Жиі
  1. Мен өз пікірімді білдірдім.
  • Ешқашан
  • Кейде
  • Жиі
  1. Мен өз тобымдағы басқа білім алушылардың көзқарастарын (пікірлерін) тыңдадым.
  • Ешқашан
  • Кейде
  • Жиі
  1. Мен өз тобымдағы басқа білім алушылардың айтқан пікірлеріне түсініктеме беріп отырдым.
  • Ешқашан
  • Кейде
  • Жиі
  1. Мен өз тобымның басқа мүшелерін талқылауға қатысуға тарттым.
  • Ешқашан
  • Кейде
  • Жиі
  1. Мен оқытушым немесе тобым тапсырған қызметті атқардым.
  • Ешқашан
  • Кейде
  • Жиі
  1. Топтық жұмыста маған ең қатты ұнағаны ________________________

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше