Адилова Гулбаршин Сакеновна
Ақмола облысы Көкшетау қаласы білім бөлімі жанындағы МКҚК №38 «Сәуле» бөбекжай – бақшасы
Тел: (87162)-32-78-51
Ашық сабақ
«Ауа және оның адамның өміріндегі орны»
Орындаған тәрбиеші:
Адилова Гулбаршин Сакеновна
сот: 8707-771-14-31
Көкшетау – 2017 ж.
Тақырыбы: «Ауа және оныңадамның өміріндегі орны»
Мақсаты: Тәжірибе жұмысы арқылы ауаның барлық жерде бар екенін түсіндіру. Тіршілік үшін ауаның маңызы зор екендігін дамыту. Өсімдіктер
ауаны тазартатындығын естеріне түсіре отырып, табиғатты сүюге , оны қорғауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Здраствуйте, дети!
Hello children!
Көңіл – күйлерің қалай?
Ауа – райы қандай?
(Жылаған дауыс естіледі.) Бұл кім екен? (Түлкі кіреді.) (музыка)
Түлкі: Менің шарым кішірейіп қалды. Не істеймін?
Тәрбиеші: Жылама, түлкіжан, жылама! Балалар түлкіге көмектесеміз бе?
Балалар, иә.
(Судағы балықтың музыкалық әуені естіледі.)
Аквариумнан Алтын балық шығады.
Алтын балық: Менің тынысым тарылып тұр. Көмектесіңдерші…
Тәрбиеші: Балалар, Алтын балыққа да көмек керек екен.
Көмектесеміз бе?
Балалар: иә.
Жұмбақ жасыру: Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің… Ол не?
(АУА)
Тәрбиеші: Таза ауа болмаса адамдар, өсімдіктер, аң – құстар, барлығы өмір сүре алмайды. Ауасыз тіршілік болмайды. Ал сендер ауаны көрдіңдер ме?
Балалар: жоқ.
Тәрбиеші: дұрыс, ауа көрінбейді. Балалар, ғалым деген сөзді кім біледі?
(Ол – барлығын біледі. Ол – ақылды. Кітапты көп оқиды. Ол – білімді, Заттарды бақылайды.)
Тәрбиеші: дұрыс, ғалымдар заттарды бақылайды.
Ғалымдар қайда тәжірибе жасайды? Біз қазір зертхананға барамыз. Онда ережелерді сақтау керек.
1)рұқсатсыз ештеңеге тиіспеңдер.
2)қатты сөйлемеңдер.
3)бір – біріңді тыңдаңдар.
Түсінікті ме?
Балалар: иә.
Тәрбиеші: біз сиқырлы сөздер айтсақ, 3 тілде беске дейін санасақ, барлығымыз ғалымға айналамыз. Енді біз ғалымбыз.
Орысша, қазақша, ағылшынша санау.
Ал кәне, машинаға отырып, зертханаға барайық.
Тәрбиеші: қараңдаршы, зертхана немен безендірілген?
(Шармен.) Біреуі кішкентай, оған не болған?
1 – тәжірибе: шар үрлеу.
Ауамен шар үлкейеді.
Түлкі: түсіндім, мен енді шарымды ауа беріп, үрлеймін. Рахмет, сендерге.
2 – тәжірибе: су құйылған стақандағы суды түтікшемен үрлеу.
Көпіршіктер шығып, ауаны үрлеп шығарамыз.
Тәрбиеші: Ғалымдар, алтын балық неге тұйшықты? (Ауа жетпеді, су керек болды).
Алтын балық: Қандай керемет! Рахмет!
Ойын: «Ауа қайда тығылды?»
3 – тәжірибе: желпуішті өзімізге қарай желпу.
-Не байқадыңдар? (Суық желдің ауасын )
4 – тәжірибе: полиэтилен целофан қалтамен. Балалар, қане ауаны көріп тұрсыңдар ма? Ұстап ала аламыз ба? (жоқ)
Тәрбиеші: Ненің иісі шығып тұр? (апельсин, қияр)
Бұл, ауаның иісі ме? (жоқ)
-Дұрыс, ауаның иісі болмайды.
5 – тәжірибе: майшаммен.
-Қалай ойлайсыңдар? Ауаны не ластайды? (үйдің түтіні, зауыт пен көліктердің түтіні.
Сергіту сәті: шармен.
-Қай жерде ауа таза? Қалада ма, әлде орманда ма?
-Ауа таза болу үшін не істеу керек?
(Ағаштар, гүлдер өсіру керек. Таңертең қалада шаң болмау үшін жолдарға су құяды.)
-Ал, топта, үйде не істейміз? (Терезені ашып желдетіп, ауаны тазартамыз, еден жуамыз, шаң сүртеміз, гүл өсіреміз.
-Дұрыс.
-Бізді ауа қоршайды. Біз ауамен дем аламыз. Ауасыз өмір сүре алмаймыз.
-Біз бүгін қайда болдық? (зертханада)
-Онда не істедік? (тәжірибе жасадық)
-Не туралы? (ауа)
-Ауа қандай? (түссіз, иіссіз, көзге көрінбейтін)
Слайд көрсету.
-Біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз келді. Кәне бәріміз 5 – ке дейін санайықшы, сосын бала қалпымызға айналайық.
-Жарайсыңдар!
Барлығы бірге: Рахмет күн, жылуың үшін!
Рахмет су, сусынымды қандырған үшін!
Рахмет ауа, демалтқан үшін!
Рахмет қонақтар, бізді қолдаған үшін!
Сыйлық беру. Машинаға отырып бақшаға қайту. Жолдағы кедергілерден өту.
