Садырбай Данар Аманбекқызы

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Тоқтамыс ауылы

«Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебі» КММ

Физика пәні мұғалімі Садырбай Данар Аманбекқызы

Физика сабағында Абайдың көркем шығармаларын пайдалану.

Үздіксіз іздену-әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Мұғалімнің шеберлігінің көрсеткіші- әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру табиғат заңдарын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып физика пәнінен танымын арттыру барысында,бала физика пәнінен тек сыныптың ішіндегі абстрак дүние ретінде түсінбеуі керек,яғни бүкіл табиғаттағы өзгерістер мен құбылыстардан бастап күнделікті тұрмыс тіршілігіне дейін осы физикалық заңдар мен құбылыстарға бағынатындығын оқушыларға жеткізу керек.

Физиканы оқыту барысында пәнаралық байланысқа ерекше көңіл бөлген жөн. Өз тәжірибемде физика сабағында оқушылардың таным белсенділігін шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында халқымыздың бай, озық мәдениетін ата-бабамыздан мұра болып қалған салт-дәстүрді, оқып меңгерген табиғат заңдарын бізді қоршаған ортада,яғни күнделікті өмірден екенін өздері көріп біліп тануы үшін пән аралық байланысты халық даналығымен ұштастыра отырып,сабақ берудің тиімді жолдарын қолданамын.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері қойылған.Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.

Педагогтар мен психологтар сабақты жан-жақты зерттеп, типтерін, құрылымын, қойылатын дидактикалық талаптарды және оның білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнін ашуды белгілеп берді. Сабақ күрделі,әрі қилы,сан алуан…

Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса,эмоциялық сезім-түйсіктеріне әсер ететіні зденістерден пайда болатыны түсінікті. Ақыл парасаттан гөрі сезім түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы. Бұл үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймай, басқада көптеген мәселелерді шешеді. Оқушы мемлекеттік стандартты алып қана қоймайды, өз қабілетіне таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың, бағалаудың жүйелі әдісі адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа технологиялар түрлері сан алуан, оны сабақта қолдану мұғалімнің өз құзырында. Сондықтан жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажетттісін таңдап алу-әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет етеді.

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты-сабақ сапасын көтеру,түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру.Осы мақсатта физика пәнін әр түрлі әдістермен жүргізуге болады.Түрлі жаңа технология элементтерін енгізе отырып өзім сабақ беретін 7-11 сныптарда физика тарауларындағы тақырыптарды оқытуда халық педагогикасымен ұштастыра отырып өткізуді әдетке айналдырып келемін, осыған орай 7-сыныпқа арналған «Физика және салт-дәстүр» деген тақырыпта курстық бағдарлама жасалып, бағдарлама негізінде: «Физика және ұлттық ойындар», «Физика және ұлттық музыкалық аспаптар», «Қазақ үйдің физикасы», «Ұлттық киімдер физикасы» «Мақал мәтелдер физика тілінде», т.б. Халық педагогикасына негізделген сабақтарды өткізгенде Астрофизикалық кештер,тарихи зерттеу, семинар, конференция, саяхат, кіріктірілген сабақтарды өткіздім. Осының ішінде сабақта оқушыларды шығармашылыққа баули отырып толғанысын, байқампаздығын сөйлеу шеберлігін, ой-өрісін арттыру үшін заман ағымына қарай халқымыздың ақылға кемел, данасы қасиетті қазақ топырағында туып-өскен, ұлылардың ұлысы-данышпан ақын Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Қыс» өлеңдеріндегі табиғаттың әсем көріністерін оқи отыра,табиғат көрністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындысын талдай отырып, ақын атамыз Абайдың шығармасына иллюстрация жасауды тақырып етіп алдым. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқи отырып, жазғы тамаша табиғатты көз алдымызға келтіреміз. Бұл өлеңде Абай нені айқын, өрнек тілмен бейнелеген? Әрине құпия мен жұмбақ сырға толы тамаша табиғат! Абайдың осы өлеңінің көрінісін көз алдымызға елестетіп көріңізші. Аспанда толықсып толған ай, сәулесін шашып, бүкіл далаға нұрын төгіп тұр. Сәулесі суда дірілдеген жарық ай , ауылдың жанындағы терең сай, онда күркіреп аққан тау өзені, әлде неден қуана сыбырласқан қалың ағаштың жапырақтары,ит құсқа ма, бейсауат жүрген жүргіншіге меүрген иттердің үні мен қой күзеткендердің айтақтағы сол дауыстардан таудың жаңғыруы, су бетіндегі айдың сәулесі өзен бетін көгілдір сары алтын түске бөлеп, діріл қағады. Ағаштың қалың жапырағы да өздерімен-өздері жайымен ғана сыбырласып, манаураған түннің тыныштығына құлақ салғандай. Жер дүние құлпырып, жасыл шөпке, қырмызы гүлге бөленіп ерекше сұлулық танытқандай,жаздың желсіз тұнық түніндегібұлтсыз ойлы, көкшіл аспанды, ай астындағы мөлдір айнадай өзенді, өзен бетіндегі діріл қаққан ай суретін, ұйқы құшағындағы ауылдың сырт келбетінінің көрінісін көргендей боламыз.

Ақынның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ғажайып сырлы үн ғана емес, түрлі-түсті бояулардан жасалған күйлі де келісті бір дүниені жанымызбен сезіп, көзімізбен көргендей боламыз.Өлеңдегі осы табиғаттың теңеулерін келтіре отырып, физиканың 11-сыныптағы Жарықтың кванттық теориясын, электромагниттік тербелістер мен толқындар тарауын өткенде Абай лирикасына байланысты жарық құбылысын түсіндіру.

Мысалы:Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Қыс»өлеңдерін қарастырғанда:

Мысалы.Толқындық құбылыстар:

«Желсіз түнде жарық –ай,

Сәулесі суда дірілдеп».

«Ақ киімді денелі,ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды».

«Дем алысы үскірік,аяз бен қар,

Кәрі құдаң қыс келіп,әлек салды», – деген шумақта Табиғатта әртүрлі механикалық толқындарды бақылай аламыз. Олар: дыбыстық толқындар, ультрадыбыс толқындар және инфрадыбыс толқындар (ортаның серпімділігінен пайда болады), су бетіндегі толқындар (ауырлық күшінің және беттік керілу күшінің әрекетінен пайда болады)

«Ауылдың жаны -терең сай ,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы,

Сыбырласып өзді-өзі.

Көрібей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.» Міне осы дыбыс толқындарының яғни тербеліс жиіліктеріне байланысты толқындардың инфрадыбыстардың 16 Гц-тен төмен, ал 20000 Гц –тен жоғарғысы ультра дыбыстар екендігін көрсете құбылыстың физикалық мәнін ашу. Дыбыстың маңыздылығына халықтық педагогиканың кейбір элементтері қолданылады. Заман өзгеріп,көнесі тозып,жаңасы озып, қаншама құбылып жатсада әр ұлттың зердесінен өшпейтін, жанында мәңгі сақталатын асыл мұралары болады . Мысалы, қазақ халқының арасында тараған көне халық аспаптары бар дулыға,сырнай, сыбызғы, домбыра, қыл қобыз, асатаяқ, шаңқобыздар. Қазақ халқының аспаптарымен таныстыруда да дыбыс түрлері, музыкалық дыбыстар туралы айту, халық мұрасын қастерлей білуге баулу. Осындай өлең шумақтарына талдау жасасақ, дыбыс толқындарының физикалық сырларын оқушы бойына дарыта алар едік. Ал ән-күй, аспаптық музыкалар, әнші құстардың сайрауы, орманның шуылы, теңіз толқынының шуылы, арықтан сылдырап аққан судың дыбысы адам құлағына жағымды дыбыстар екендігін айта кеткен жөн. Пифагор айтқандай, музыка адамның ой-өрісін жоғарлатып, дамытып отырады.

Жарықтың түзу сызықты таралуы

«Жамандос-көлеңке

Басыңды күн шалса,

Қашып құтыла алмайсың.

Басыңды бұлт шалса,

Іздеп таба алмайсың».

«»Көлеңке басын ұзартып,

Алысты көзден жасырса.

Күнді уақыт қызартып,

Көкжиектен асырса». Жарықтың табиғаты туралы негізгі гипотезаны, оның негізгі таралу заңдарын толқындық табиғатын айтамыз

«Қан сонарда бүркітші шығады аңға…» Абай дың осы өлең шумақтарын физика тілінде талдау жасасақ: Алғашқы жауған қарды «сонар»дейді. Қан сонарда бүркітші аңға шықты. Жақсы ат, тату жолдаспен аңға шығып, қызық тамаша көріп, көңіл көтереді. Аңшы адамның ыңғайлы ықшам киінетіні белгілі. Сағадан сымпаң қағып із салушыларға түлкінің қайтқан ізі жолыға кетеді. Бүркітші тау басына шығып кетті, қағушы ойда қалды.Іздің бетін байқай қалып, бүркітші алыстан томаға тартты. Жауын алыстан көрген қыран «Төмен ұшсам,түлкі өрлеп құтылар» деп қайқаң қағып аспанға көтерілді. Қашып құтылмасын сезген түлкі тұра қалып, аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап шыбынжанға талас қылады. Сегіз найзадай өткір тырнақтарын жаза түскен батыр енді аянбай қалмады. Қанат, құйрығы суылдай ысқырып, көктен жерге сорғалай құйылды. Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасып та кетті.бұл жерде оқушыларға ақынның аңшылықты суреттейтін «Қансонарда» өлеңінің соншалық көркем, әсерлі, қызықты болуы ақынның асқан шеберлігіне қоса, өзі жетік біліп, бастан кешкен тамаша көріністері екеніне байланысты екенін көрсетеміз. Физика тақырыптарын қарастырғанда тақырыпты ашуда оқушы қызығушылығы мен танымын арттыру мақсатында абай өлеңдерін оқытып тақырыпқа сай тұстарын дәлелдеп оқушы шығармашылдығын,ізденісін қалыптастыру

Көз аккомодациясы. Қырағылық. Аңшылықтың қазақ даласында кең тараған байырғы түрінің бірі –құс салу, яғни саятшылық.

«Томағасын тартқанда бір қырымнан,

Қыран құс көзі көріп самғағанда.

Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,

Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға».

Қысым тақырыбын өткенде

«Сегіз найза қолында көз аудармай,

Батыр да аял қылмай ертең таңға,

Қанат, құрық суылдап, ысқырады »,

Көктен қыран сорғалап құйылғанда.» деген шумақтан сегіз найза деп отырғанымыз бүркіттің тырнақтары. Бұл жыртқыш құстардың тырнақтары, тұмсықтары қатты, өткір, жылтыр болып келеді. Аудандары кішкентай болғандықтан, тіпті болымсыз ғана күшпен зор қысым жасап, аң тіпті түз тағысы қасқырды аулайды. «Сұйықтар мен газдар ішіндегі қысымды өткенде өсімдік сабақтары мен жапырақтарындағы сұйықтың қысымы өте жоғары екендігін, сырттай қарағанда өте нәзік өсімдіктің сабағы мен жапырағы қысым күші әсерінен тасты, асфальтті жарып шығатынын айта кеткен дұрыс.»

Механикалық қозғалыс тақырыбын қарастырғанда:

«Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,

Сағадан сымпың қағып із шалғанда.

Бүркітші тау басында, қағушы ойда,

Іздің бетін түзетіп аңдағанда.» деген шумағын механикалық қозғалысты сипаттайтын негізгі ұғымдарды: траектория, жол, орын ауыстыруды оқытқанда қолданамыз

Халқымыздың ертегілерінде, салт-дәстүрінде, аңыз әңгімелерінде, табиғатты жырлаған ақындардың өлеңдерінде табиғат құбылыстары мен физикалық заңдылықтардың бір-бірімен астасып жататыны белгілі. Ендеше, физика табиғатты зерттейтін ғылым болғандықтан, ол табиғат құбылыстарының құпия сырларын түсіндіретін болса, әдебиет, көркемдеп суреттей отырып жеткізеді.

Мынадай өлең жолдарын пайдаланып, физикаға байланысты ғылымдарды айта кетейік:

«Айға,Марс, Шолпанға

Астрономия жол ашты.

Сол сапардың бәрінде,

Физикамен санасты.

Пайдаланады көп ғалым,

Физикананың заңдарын.

Сол заңдармен таныды,

Табиғаттың сырларын.»

Физиканың әрбір тақырыбын өткенде оның өмірге, ғылым мен техникаға қандай жаңалықтар алып келетіндігін оқушылар ұмытпайтындай тәсілмен түсіндірсек, сабаққа қызығушылықтарын арттырамыз деп ойлаймын

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше