Ерназарова Марям Сагындыковна

Арқалық арнайы мектебі

Еңбек пәнінің мұғалімі:

Ерназарова Марям Сагындыковна

Тақырыбы: Тік белдемшені өңдеу
Мақсаты:
1) Білімділік: оқушыларды белдемшенінің түрлерімен, шығу тарихымен таныстыру. Белдемшеге мата таңдауды, белдемше эскиздерін салып, киімді сипаттауды үйрету;
2) Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын қаблетін түзеу;
3) Тәрбиелілік: Шыдамдылыққа, тазалыққа, бастаған жұмысын соңына жеткәзуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндірме, көрнекілік.
Көрнекілігі: дайын белдемшелер, белдемше суреттері, мата түрлері.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу;
б) сабаққа даярлығын байқау;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тік белдемшені тігу технологиясы

ІІІ. Жаңа сабақ.

Белдемшенің шығу тарихы

Белдемшенің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын. Оған қару және жорықта қалталар ілінген. Белдікке тартылған терілер, жапырақтар, маталар алғашқы белдемшенің түп нұсқалары еді.
Орта ғасырларда белдемше дегеніміз тамаққа қатырылып жиналған және белге оралған, ұзындығы тізеге дейін жеткен киім еді. Оны еркектер де, әйелдерде кие берген.

Белдемшелер белдік бұйымдарының ең басым тобын құрайды. Бедемше костюмнің бөлігі ретінде, жеке немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Белдемшеге: әдемілік, қарапайымдылық және ыңғайлылық талаптары қойылады.
Белдемше: силуэті бойынша – тік, етек жағынан кеңейтілген, етегінен тарылтылған болып келеді. Ал пішімі жағынан – тік, қиықты, конусты болады.
Тік белдемшелер бір тігісті, екі немесе үш тігісті; қатпармен немесе қатпарсыз, кең етекті – жиырылған немесе қатпарлы болады.

Мата таңдау.
Белдемшенің матасы әртүрлі болып келеді. Мысалы: жазда салқын түстегі (ақ, көк, көгілдір), жеңіл маталарды пайдаланамыз. Қыстыгүні жылы түстегі(қара, қызыл) қалың маталарды қолданамыз. Белдемшеге мата таңдау белдемше моделіне, пішініне, мезгілге және фигура ерекшелігіне байланысты таңдайды. Тік белдемше дайындағанда тығыз, ауыр ( жүн, зығыр, тоқыма) маталарды пайдаланған дұрыс. Ал қиық, күліш белдемшелерге жеңіл, жібек маталар қолданылады.

Тік белдемшенің сызбалары

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше