МӘҢГІЛІК ЖЕЛБІРЕСІН КӨК ТУЫМ!
Алматы қалалық білім басқармасы
КГКП «Алматы автомеханика колледжі»
Жалпы пәндер оқытушысы
Жанысбекова Ұлжалғас Құрбанқызы
Құрметті әріптестер мен білім алушылар, қадірменді қонақтар!
Тарихқа үңілсек қазақ халқы өте дархан, кең пейіл, қонақ жайлы халық болған, дегенмен ата-бабаларымызға көптеген соғыстар мен көтерілістерге шығуға тура келді. 7-8 ғасырдан бері Түрік қағанатының тарих сахнасына келгеңінен бастап, бірде жеңіске жетіп, бірде жеңіліс тауып, өзінің жерін сақтап қалуға аянбай еңбек етіп, Қазақстан территориясын сақтап қалды. Ал тәуелсіздік пен еркіндік үшін ұйымдасқан ұлт-азаттық көтеріліс 200 жылға жуық созылды. Қазақстан тарихшылары санағы бойынша тәуелсіздік пен еркіндік үшін бас көтерген қозғалыстын саны 370- тен асты.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы дәл сол тәуелсіздік пен егемендіктің негізі болып табылады. 16 желтоқсан көтеріліс емес бейбіт шеру еді. Алматы қаласындағы ЖОО мен арнайы кәсіптік училищелердің студенттері Лениннің саясаты бойынша «әр елді, сол елдің мәдениеті мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы мен тұрмысын қанық білетін адам басқаруын» талап еткен еді. Бірақ совет өкіметі, қарусыз алаңға шыққан жас ұрпақты аяусыз жазалап, жала жапты. қаншама жастар түрмеге қамалып, қаншама қаза тапты. Қазақстан зиялылары бұл істі қолға алды, араға 5 жыл салып Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізді. Сан ғасырлық аңсаған арман орындалды.
1991 жылы Қазақстан Республикасы егемендігін алып тәуелсіз мемлекет атанды. Бірінші президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Елбасымыздың шешімімен 16желтоқсан «Тәуелсіздік күні» деп жарияланды. Тәуелсіздік күні республикамыздың ең негізгі мерекесі болып бекітілді. Желтоқсан оқиғасында жапа шеккендердің жаласы жоққа шығарылып, кеш болса да еңбек ері атағы берілді. Алматы қаласының орталық көшелерінің біріне «Желтоқсан» аты берілді. 2006 жылы «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылғына орай Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Желтоқсан көшесінің бойына желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіш салынды. Жылда жас ұрпағымыз осы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қайсар ағаларымызды еш уақытта ұмытқан емес.
Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттардың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Тәуелсіздікке қол жеткізген жас мемлекетіміздің болашағы үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы осы бағытта аянбай еңбек етіп келеді.
1993 жылы Қазақстан Республикасының алғашқы конституциясы қабылданды.
1995 жылы Қазақстанның ұлттық валютасы «Теңге» жарық көрді.
1997 жылы Республикамыздың елордасы Астана қаласына көшірілді. Биыл Астана қаласының елорда атанғанына 20 жыл толды. 20 жылда Қазақстан Республикасын жер шарының алпауыт мемлекеттері мойындап, әлем сахнасында өз орнын ала білді.
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Мемлекет басшысының еліміздің бірлігі мен татулығына, жас ұрпақтың ертеңі мен жарқын болашағына бағытталған көптеген бағдарламалары жұмыс атқаруда. «Болашақ» бағдарламасы ұрпағымыздың білімін шыңдауға әлем стандарттарына сай маман иесі болуға бағытталған. Ата- бабаларымыздың сан-ғасырлық арманы ұзағынан болсын деген мақсатта «Мәңгілік ел» бағдарламасы іске қосылды.
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз, еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, Қазақ елінің ¥лттық Идеясы – Мәңгілік Ел! Көз қарашығымыздай сақтау – мәңгі мұратымыз! Тәуелсіздік – Мәңгілік Елдің тұғыры, жасампаздықтың күретамыры, ел мен халықтың басты ұраны. 1991 жылғы Тәуелсіздігіміз – бүгін мен келешектің игі мұраты, Мәңгілік Елдің биік шаңырағы.
Бүгінгі біздің мақсатымыз рухы мықты, сана-сезімі жоғары, білімі терең ұрпақ тәрбиелеу, сан ғасырлық арман мен ерен еңбекпен келгем Тәуелсіз мемлекетіміздің рухани құндылықтарын сақтай отырып болашақ ұрпаққа лайықты түрде жеткізу.
Егеменді еліміздің әлі де бағындыратын белестері алда болсын!
Тәуелсіздік күні баршамызға Еліміздің мүддесі мен болашағына бағытталған мақсаттарымызға қол жеткізуге әрдайым күш қуат берсін!
Баршаларыңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтай келе, МӘҢГІЛІК ЖЕЛБІРЕСІН КӨК ТУЫМ дегім келеді.
Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу сценарийі
1-ші Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар!
2-ші Жүргізуші : Құрметті ұстаздар мен білім алушылар!
1-ші Жүргізуші : Бүгін біздің еліміз сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, халқымыздың ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылған, Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.
2-ші Жүргізуші : Жүректері отаным, халқым деп соққан 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасына» қатысушылармен «Желтоқсан-Тәуелсіздіктің бастауы» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер.
1-ші Жүргізуші: Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде халықтасын,
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!!!
Әнұран.
2-ші Жүргізуші :Баяндама «Мәңгілік желбіресін көк туым».
Баяндамашы тарих пәнінің мұғалімі Жанысбекова Ұлжалғас Құрбанқызы.
1-ші Жүргізуші: 26 топ білім алушысының орындауында «Көк тудың желбірегені»
1-ші Жүргізуші: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас Қайраты халқымның.
2-ші Жүргізуші: Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы!
1-ші Жүргізуші: 53 топ білім алушысы Гремяченский Максимнің орындауында күй «Адай»
1-ші Жүргізуші: Тәуелсіздік биік болсын тұғырың
Тарылмасын терең алған тынысың
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын елдігің!
2-ші Жүргізуші : Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында еліміздің егемендік алуына бірден бір септігін тигізген рухы жоғары, мінезі қайсар ағаларымыз бен апкелеріміз кездесу кешіне қонаққа келіп отыр.
1-ші Жүргізуші: Қонақтарымызды ортаға шақырамыз: Желтоқсан Республикалық халықтық патриоттар қозғалысының мүшесі Ибраимова Мархаба Данабековна
2-ші Жүргізуші : «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің мүшесі: Жаманбай Нұржан Тұрсынбайұлы
1-ші Жүргізуші: Желтоқсан Республикалық халықтық патриоттар қозғалысының мүшесі Байтулекова Саян Несипказиевна
2-ші Жүргізуші : Желтоқсан Республикалық халықтық патриоттар қозғалысының мүшесіАрипбаев Қахар Тешебайұлы.
1-ші Жүргізуші: Сөз колледжіміздің директоры Темірбек Ануарбекұлы Рахманов мырзаға беріледі.
2-ші Жүргізуші: 49 топ білім алушысының орындауында «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар!
1-ші Жүргізуші: Ия, Тәуелсіздіктің туы 1986 жылдың 16 желтоқсанынан бастау алады. Желтоқсан оқиғасы көтеріліс емес, жоғарғы оқу орындарыны мен арнайы кәсіптік училище студенттерінің бейбіт шеруі еді. Осы жайлы бейнесюжетке назар аударайық! (желтоқсан оқиғасына арналған бейнесюжет)
2-ші Жүргізуші: Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына қарсы күш жұмсалды. Үрімдей жас қыз жігіттер жазаланып, жала жауылып, түрмеге қамалды. Қайрат, Ербол, Ләззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірі үзілді.
(Осы кезде Қайрат, Ләззат, Сабира, Ерболдардың суреттері слайдта шығады)
1-ші Жүргізуші: 45 топ білім алушысының орындауында «Қасқалдақ» әнін қабыл алыңыздар!
2-ші Жүргізуші: 16 желтоқсан-Қазақстан халқы үшін ұлы жеңісті күн, дегемен әрі қайғылы, әрі бақытты күн.
1-ші Жүргізуші: Бүгінгі өскелең ұрпақтың бейбіт өмірі үшін өз өмірлерін тәркі еткен қайсарлы да жігерлі батыр ағаларымыз апкелеріміз «Желтоқсан» оқиғасының куәгерлері арамызда отыр.
2-ші Жүргізуші: Құрметті қонақтар, Мүмкін Сіздердің айтар ойларыңыз бар шығар, айтар лебіздеріңіз болса, айтыңыздар болады,
Мүмкін залда отырған көрермендердің, білім алушылардың Сіздерге қояр сұрақтары бар шығар.
(Осы кезде қонақтар мен студенттер сұрақ-жауап диспут болады).
1-ші Жүргізуші: Бүгінде міне, Желтоқсан оқиғасы сан-ғасырлар армандаған тәуелсіздік пен бостандықтың негізін қалаушы.
2-ші Жүргізуші: 49 топ студенттерінің орындауында Тәуелсіздігімізге арналған өлен жолдары
1 бала:
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
Желтоқсанда шындық жырын
Шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
2 бала: Жас арудың жанарында-Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында-Желтоқсан.
Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да –Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да-Желтоқсан
Намысымның шырағы да –Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да –Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да- Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да- Желтоқсан.
3 бала:
Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
4 бала:
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң ұлы Отан
Елім менің тірегім
Құшағымда гүл Отан
Қуат алған өзіңнен
Туған жердің ұлымын
Бақытты етіп өсірген
Отанымның гүлімін.
5 бала:
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
…Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Амант қой – маған. саған, оған да.
2-ші Жүргізуші: Бүгінгі Қазақстан-Жаңа Қазақстан!
Әлем сахнасында, әлем мемлекеттерінің назарында,
Әлем стандарттарына сай болашағы жарқын Жас Қазақстан!
Егеменді еліміз, Мәңгілік ел болып, Көк туы мәңгілік желбіресін!
49 топ студентінің орындауында күй.
1-ші Жүргізуші
Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық дейтін ұғымның,
Желтоқсан тұрар басында!
2-ші Жүргізуші
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік мақталады.
Хор: «Елім менің», «Атамекен».
1-ші Жүргізуші
Өскелең ұрпақтың бейбіт өмірі үшін өз өмірлерін тәркі еткен қайсарлы да жігерлі батыр ағаларымыз апкелерімізді біз ешқашан ұмытпаймыз, сыйлаймыз, құрметтейміз.
2-ші Жүргізуші: Құрметті көрермендер! Қадірменді қонақтар мен ұстаздар! Осымен біздің кешіміз өз мәресіне жетті.
1-ші Жүргізуші: Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын!
