Базарова Торғын Ерікқызы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ш.Берсиев атындағы орта мектеп География пәнінің мұғалімі Базарова Торғын Ерікқызы

География 9 «ә» Күні
Сабақтың тақырыбы Түсті металлургия. Ауыр және жеңіл металдар металлургиясы
Сабақты мақсаты Оқушылар түсті металдардың ауыр, жеңіл және бағалы, сирек металдар өндірісі мен кен орындары, шығарылымы мен шаруашылықта пайдаланылуы жайлы жан- жақты оқып біледі.
Күтілетін нәтиже
  • Түсті металдардың негізгі топтарын біледі.
  • Түсті металдар өндірісінің географиясы туралы айта алады және картадан көрсете біледі.
  • Қазақстанның әлемдік түсті металдар өнідірісіндегі орнын сипаттай алады.
КЕЗЕҢДЕРІ МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ
Ұйымдастыру кезеңі Салемдесу

Сыныпты түгендеу.

Оқушылардың көңілін сабаққа аудару

Топқа бөлу,бағалау парақшаларын беру,топ басшылар белгілеу

1,2,3 сандарына санау арқылы топқа бөлінеді.
Қызығушылығын ояту «Миға шабуыл»

ЛОГИКАЛЫҚ ТЕСТ

1.Қара металлургия шикізаты

2.Толық циклді зауыт орналасқан қала

3.Темір рудасын өндіретін негізгі кен орындары

4.Қазақстанның ферроқорытпалар мен прокатын негізгі сатып алушы елдер

5.Қарағанды металлургия комбинатының негізгі өнімі

6.Ең ірі ферроқорытпа зауыт орналасқан қалалар

7.Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты орналасқан облыс

8. Елімізде қай тауда хромит пен никельдің көп қоры шоғырланған?

9.Марганец кені кездесетін кен орындары

10.Қара металлургия өндірісін орналастыру фактор

Оқушылар тест тапсырмаларымен жұппен жұмыс жасайды.
Мағынаны тану Қазақстан жерінде Менделеевтің периодтық жүйесіне кіретін барлық түсті металлдар кездеседі.Кейбірінің қоры жөнінен дүние жүзінде алғашқы орындарды алады. Әсіресе мыс, мырыш, алюминий, полиметалл өнімдеріне бай.

Жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) түсті металдардың үлесі 12%-ды құрайды, ал валюталық табыстың 27%-ы осы өнеркәсіп саласына тиеді. Шетелдік сарапшылардың бағалауынша Қазақстан түсті металдардың халықаралық нарығында жетекші орынды алады.

  • Республикада түсті металлургияның 7 саласынының көрсеткіштері жоғары, олардың құрамында 28 ірі кәсіпорын жұмыс істейді.
  • Қазіргі уақытта еліміз түсті металдарды дүниежүзінің 30-дан астам елдеріне экспорттайды.
  • Түсті металлургия елдің айтарлықтай индустриялық деңгейін анықтап, негізгі құрылымдық материалдар шығарудың көзі болып табылады. Сондай-ақ машина жасау өндірісінің негізгі шикізаты әрі ең бастысы – ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз етуші.

Топтық жұмыс

1-топ. Ауыр металдар

2-топ. Жеңіл металдар

3-топ. Сирек және шашыранды металдар

Оқушылар берілген тапырмалар бойынша топта жұмыс жасайды, бір-бірінің пікірін тыңдайды.

Постер дайындайды.

Постер қорғайды.

Бекіту кезеңі Сәйкестендіру тесті

А Шымкент А мыс
Ә Жезқазған Ә алюминий
Б Павлодар Б мырыш, қорғасын
В Риддер В мыс, алтын
Г Балқаш Г мырыш, титан
Ғ Өскемен Ғ қайта қолданылатын мыс
Д Алматы Д қорғасын

Деңгейлік тапсырма

І деңгей

Картадан негізгі металлургиялық базаларды, түсті металлургия орталықтарын көрсет.

ІІ деңгей

А) Түсті металлдарды өндіру кезінде ең қымбатқа түсетін қандай металдар?

Б) Алюминий зауыты неге Павлодарда орналасқан? Дәлелде(проблемалық ситуация)

В) Арқалықтан-Павлодарға дейін қашықтық 2000 км, 1т алюминий алу үшін 2 т глинозем,18000 кВт сағат электр энергиясы жұмсалады.1 т глинозем тасымалдауға 3000 тг шығын жұмсалады.Арқалықта 1 кВт электр энергиясы 2 тг, Павлодарда 1 тг. Шығын қай қалада аз жұмсалады, зауытты қай қалаға орналастырған тиімді?

ІІІ деңгей

А)Түсті металлургия өндірістік циклінің құрамын анықтайтын кестені толтыр.

Б)Түсті металлургия құрылымы қандай болатынын сызба түрінде көрсет

Циклдің өндірістік құрамын анықтайтын сұрақтар Жауабы
1. Циклдің негізгі өндірісі қандай?

2. Негізгі өндіріске не қажет?

3. Не себепті кенді байытады?

4. Қалдықтар не үшін пайдаланылады?

5. Қосалқы өндіріс немен айналысады?

Оқушылар сәйкестендіру тестін орындайды, бір-бірін жұппен тексереді.

Топпен жұмыс жасайды, деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Үйге тапсырма §19-20. Түсті металлургия. Ауыр және жеңіл түсті металдар металлургиясы

Реферат даярлау

1. Түсті металлургия және денсаулық

2. Дүниежүзілік нарықтағы Қазақстанның түсті металдары

Бағалау Бағалау парақшаларында бағалау Топ басшысы бағалау парақшаларында бағалайды.
Кері байланыс Оқушылар бүгінгі сабақтан не біліп, не үйренгенін, не қиын, не үшін қиын, қиындықтарды ненің көмегімен шешкендігі туралы жазады

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше