Айтуова Айнур Шарипбековна

Пәні: Сауат ашу Мектеп: №83
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Айтуова Айнур Шарипбековна
Сынып: 1 Қатысқандар саны: 25 Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Мен ұнататын жыл мезгілі. Дыбыс
Оқу мақсаты 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.

Сабақ мақсатты 1: суретте бейнеленген жыл мезгілдерін таба алады және суреттермен байланыстырады.

2: әр жыл мезгіліне байланысты болатын табиғи өзгерістерді айта алады

3: жыл мезгілдерінің аттарына сәйкес берілген сызбалардағы дыбыстарды ажырата алады

Бағалау критерийлері – дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтап, дыбыстарды дұрыс атайды;

– дауысты, дауыссыз дыбыстарды сәйкес белгімен көрсетеді.

Тілдік мақсаттар/ зерттеу дағдылары

Тыңдалым

Айтылым

Жазылым

Тірек сөздер: жыл мезгілі, дыбыс

Өтілген тақырыпты түсінеді.

Өз ойын еркін жеткізеді.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Құндылықтарды дарыту

(Мәңгілік ел)

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу
Пәнаралық байланыстар

АКТ қолдану дағдылары

Дүниетану,математика
Алдыңғы білім

(осы тақырып бойынша оқушылар нені біледі?)

Табиғат, дыбыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері (Сыныпты қадағалау) Сынып бөлмесінің оқушылардың өміріне қауіпсіз екендігін қадағалау
Сабақтың барысы
Уақыт

(минут, секунд)

Мұғалімнің әрекеті Білім алушының әрекеті Білім алушының ойлау дағдылары Қалыптасты

ру

шы бағалау

Ресурстар
Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

– оқу құралдарын әзірлеу;

– сабаққа назар аудару;

Психологиялық дайындық.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

(ҰЖ) Белсенді оқу жаттығуы.

«Бұл қай кезде болады?» өлеңін аудиотаспадан тыңдату

Бұлттар төніп,

Жерге төгіп,

Дымқыл тұман басады

Өңі тайып,

Дала сұры қашады,

Ойнай алмай…

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?-оқушыларға Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған?

Өзіңізге ұнайтын жыл мезгілі жайлы әңгімелеңіздер деген тапсырма беріледі.

Сабаққа назар аударады.

Тыңдайды, қайталайды.

Жауап іздейді, мезгіл туралы айтады.

Мезгілдің белгілерін санамалайды.

Білу, түсіну, қолдану.

Түсіну,іздену, ойлау, пікірлесу, талдау.

Мадақтау

Жақсы айтылды!

Сенің ойың өте құнды!

Тамаша!

Жыл мезгілдерінің суреті
Сабақтың ортасы

15 минут

Тыңдалым мен айтылым

Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

8 мин

Тыңдалым мен айтылым

Дәптермен жұмыс

5 мин

Тыңдалым мен айтылым

Талдау жасау. Есіңе сақта!

Жазылым

(Ұ.Ж)

Аудиожазбадан жазбадан жануарлардың дыбысын естірту. Оларды ажыратуды тапсыру.

Дыбыс – дыбысты естиміз, айтамыз.

Дыбыстар екіге бөлінеді. Дауыссыз дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,ауа қысылып шығады. Дауысты дыбыс айтылғанда кедергіге ұшырамайды.

Дескриптор:

Білім алушы

Аудиожазбаны тыңдайды, дыбыстарды ажыратады.

Дыбыс туралы біледі.

(Ж.Ж)

Оқулықпен жұмыс.

Суреттегі жыл мезгілдерін ата.

– Мына берілген суретте қандай жыл мезгілдерін көріп тұрсыңдар?

– Екі жақтағы суреттерді сәйкестендір.

– Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістерді байқауға болады?

– Сөз құрамындағы дыбыс түрлеріне назар аудар.

– Сен жылдың қай мезгілін ұнатасың?

Неліктен?

Айтылым

– Енді балалар, осы жыл мезгілдерінің атауларын буынға бөліп, неше буын барын анықтайық.

(Оқушылардың жауаптары)

Сөз дыбыстардан тұрады. Оны сызбамен былай белгілеуге болады:

Дәптердегі әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сергіту сәті «Жұмыр қылыш» бейнебаяннан тамашалау.

Назар аударады, суреттерді сәйкестендіреді.

Сұраққа жауап береді.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Бейнебаяннан карап, қайталайды.

тыңдау, қабылдау, ажырату, талқылау

пайымдау,ойды жеткізу.

Мұқият тыңдау,талдау.

Қабылдау, есте сақтау.

дұрыс жазу, көркем жазу.

Қабылдау, есте сақтау.

Өте тапқырсың!

Керемет!

Теңеу жоқ!

Бәрі ойдағыдай!

Аудиожазба

Суреттер

Оқулық, тақтамен жұмыс

Бейнебаян

Сабақтың соңы

Айтылым мен жазылым

(Ж.Ж)

Саралау тәсілі.Тапсырма әдісі.

Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмалар беріледі.

1- тапсырма. Суреттегі заттарды атаңыз. Әр сөзде неше дыбыс бар?

2- тапсырма. Сөздегі дауысты дыбыстарды қызыл түспен, дауыссыз дыбыстарды көк түспен бояңыз.

3- тапсырма. Суреттегі заттардың атауына сөйлем құрастырыңыз.

Дескриптор:

Білім алушы

1.Заттарды атайды.

Дыбыс санын табады.

2.Дыбыс түрлерін сәйкес түспен бояйды.

3.Суреттегі зат атауларына сөйлем құрастырады.

Білу, түсіну, қолдану. Жарайсыңдар! Алғырлық таныттың! Тапсырмалар
Кері байланыс. БҮБ әдісі

1 мин

Білдім Үйрендім Білгім келеді
Өздерінің ой-пікірін білдіреді. Нақтылайды,

қорытындылау.

Мадақтау Кесте
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қабылдау көрсетуді жоспарлау. Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау. Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлау. Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Рефлексия

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше