Біз Қазақстанның білімді жастары ретінде Expo-2017 ге өз көмегімізді тигізуге бара жатырмыз. Ол үшін басты тақырып «Баламалы энергия көздері» туралы білімімізді нақтылауымыз керек. Ал бір бірімізге сәт сапар тілей отырып жолға шығайық! Бірінші бекеттен екіншісіне жету үшін тапсырмалар орындаймыз. Әр кезеңде топтан бір оқушы шығады, тапсырмаға ұпай жинай отырып 4 поезд бірінші жетуге жарысады.
- Кезең: Қазір «Талдықорған құпиялары» бекетінен жолға шықтық,Алматы қаласына жету үшін «Тұрақты тоқтың пайда болу шарттары. Электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күші» тақырыбы туралы білімімізді нақтылауымыз керек.
Топ капитандары сайысы: «Кубизм» стратегиясы арқылы «Электр энергиясы», «Күн энергиясы», «Жел энергиясы», «Гидродинамикалық су энергиясы» туралы баяндау.
Кубизм әдісі.
Алты қыры бар:
- Character – сипаттаңыз
- Compare – салыстырыңыз
- Explore – зерттеңіз
- Make analysis – талдау жасаңыз
- Use – қолданыңыз
- Prove – дәлелдеңіз
- Кезең: Біз Алматыға жеттік.Енді «Шу кереметтеріне» жету үшін «Алматының асуларынан» өтуіміз керек. Біз энергия түрлерін білдік, енді соның ішінде электр энергиясының пайда болуы мен жалғану түрлерін қарастырайық, яғни «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тақырыбы туралы білімімізді нақтылайық.
Әр топтан 1 оқушы ортаға келуі керек. Джиксо әдісі бойынша 4 оқушыға 4 түрлі сұрақ беріледі. Тезірек дайындалып қалған 3 оқушыға түсіндіреді. Сосын мұғалім кез келген оқушыдан не түсінгенін баяндауын сұрайды.
1-оқушыға: Электр тогының пайда болуының қажетті шарттары:
А) Берілген ортада еркін ток тасымалдаушылардың, яғни ортада реттеліп қозғала алатын еркін ток тасымалдаушылардың, яғни ортада реттеліп қозғала алатын зарядталған бөлшектердің болуы. Металдар мен жартылай өткізгіштерде өткізгіштің электрондары мен кемтіктері осындай бөлшектер болып табылады; сұйық өткізгіштерде (электролиттерде) ток (заряд) тасымалдаушылар – оң және теріс зарядталған иондар; газдарда – қарама қарсы зарядталған иондар мен электрондар;
Ә) Берілген ортада энергиясы электр зарядтарының реттелген қозғалысына жұмсалатын сыртқы электр өрісінің болуы. Электр тогын ұстап отыру үшін электр энергиясының көзі, яғни энергияның қандай да бір түрін электр өрісінің энергиясына айналдырып отыратын қондырғы керек.
2-оқушыға: Электр тізбегін құру үшін қажетті бөліктерді сипатта.
Электр тізбегінің негізгі бөлігіне ток көзі (энергияның кез келген түрін электр энергиясына түрлендіретін құрылғы), жалғағыш сымдар, тізбекті қосып, ажырататын элементтер, ток тұтынушылар (электр энергиясын жылулық, механикалық энергияға айналдыратын құрылғы) жатады. Осы бөліктің әрбіреуін электр сұлбасында арнайы таңбамен көрсетеді. Тізбек элементінің бойымен өткен токтың жылулық, химиялық және магниттік әрекеті болады.
3-оқушыға: Электр тізбегін тізбектей жалғау. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады.
4-оқушыға: Электр тізбегін параллель жалғау. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды. Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
3 – Кезең: Біз Шуға жеттік. Енді «Қарағанды қамалдарына» жету үшін Шу кереметтерін білуіміз керек.Біз энергия түрлерін, соның ішінде электр энергиясының пайда болуы мен жалғану түрлерін білдік, енді «Толық тізбек үшін Ом заңы. Кирхгоф ережелері» тақырыбын нақтылай отырып формулаларымызды қайталайық.
Әр топтан бір оқушы. «Мозайка» ойыны (Формулалар табу) Жалпы формула саны 7.
, , , , , , ![image-1-png]()
| I |
j |
U |
R |
A |
P |
Q |
| = |
= |
= |
= |
= |
= |
= |
![image-8-png]() |
I |
A |
![image-6-png]() |
U |
A |
![image-10-png]() |
| / |
/ |
/ |
L |
I |
/ |
R |
![image-5-png]() |
S |
Q |
S |
t |
t |
t |
4 – кезең: Біз Қарағанды қаласындамыз. Енді Астанаға жетуіміз үшін Қарағанды қамалдарынан өтейік. Ол үшін «Тоқтың жұмысы мен қуаты» тақырыбын нақтылап алайық. Біз энергия түрлерін, соның ішінде электр энергиясының пайда болуы мен жалғану түрлерін, жалпы формулаларды қайталадық. Енді біз электр тогының жұмысы мен қуатын анықтай аламыз.
Сапалық сұрақтар
- Аккумуляторды зарядтау кезінде оның қақпақтарын ашып қояды неге?
Жауабы: аккумуляторды зарядтау кезінде сутегі мен оттегі бөлінеді. Егер қақпақ ашылмаса жиналған газ аккумуляторды жарып жіберуі мүмкін.
2. Неге электр сымдарына қонып отырған құс, жоғары кернеуді қосқанда ұшып кетеді?
Жауабы: Электростатикалық өрістен құс қауырсындары өзара әсерлесіп аралары ашыла бастайды. Осы қолайсыз әсер құстың ұшуына себеп болады.
3. Тізбекке кернеу шамасы аз шамды жалғауға болады, тізбек пен шамның кернеулері әртүрлі болса да шам жұмыс істейді, бірақ тізбектегі бір шам жанып кеткенде, басқа шамдар жұмыс жасамайды. Бұл қандай жалғану? Жауабы: Тізбектей жалғану.
4. Тізбектегі бір шам жанып кеткенде, басқалары жұмыс жасайды. Бірақ тізбекке кернеу шамасы аз шамды қосқанда, шам шыдамай, жанып кетеді. Бұл қандай жалғану? Жауабы, Параллель жалғау
5. Электр желісіне ұшып келіп қонған құсқа токтың әсері неге білінбейді? Жауабы: Құстың денесі мен оның аяқтары арасындағы өткізгіш бөлігі өзара параллель. Мұндай тізбектегі ток күші кедергіге кері пропорционал құс денесінің кедергісі АВ өткізгіш кедергісінен анағұрлым артық болатын, ондағы ток күші аз. Ол құсқа қауіпті.
5 – Кезең: Мінекей, Әсем қала Астанамызға да келдік. Енді Expo болып жатқан жерге барайықшы. Біз энергия түрлерін, соның ішінде электр энергиясының пайда болуы мен жалғану түрлерін, жалпы формулаларын білеміз, электр тогының жұмысы мен қуатын анықтай аламыз. Енді «Электр тогының жылулық әрекеті. Джоуль-Ленц заңы» тақырыбын қайталай отырып электр энергиясын қалай үнемдеу керектігін анықтайық.
- Есеп:
Оқу бөлмесідегі энергияны үнемді қолдануын санайық, егер қонырау уақытында светті сөндірсек. Бір күнде қанша свет энергиясын үнемдеуге болатынын.
1. Неше оқу бөлмесі бар екенің қарастырайық (12)
2. Неше жарық шамы әр оқу бөлмесінде?
8 жарық шамында 1 қызу лампасыдан болса 8*1= 8 қызу лаппасы
3. Барлық үзілістің ұзақтылығы қоссақ 5 мин +5 мин+15 мин+5 мин + 5 мин =35 мин + (түстен кейінгі ауысым) 25 мин = 1 сағ
1 лампаның қуат күші 20Вт
- Шешуі:
1. Оқу бөлмедегі барлық қызу лампасының саны
8*1*12=96
2. Энергия шығыны қандай
96*20*1сағ = 1920Вт сағ = 1,92 кВт сағ
3. Тарифқа байланысты электроэнергия құны қанша?
4. 1,92 кВтс * 26 теңге= 50 теңге
Жауабы: Энергия үнемділігі 50 теңге. Айына 1500 тг үнемделеді.
|