Табиғат – тал бесігің, аялай біл! № 22-23 сабақ

ШҚО Аягөз ауданы Мамырсу ауылы

«С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

Өзін-өзі тану сабағы

Сабақтың тақырыбы: Табиғат – тал бесігің, аялай біл! № 22-23 сабақ

Мұғалімі:Абзелова Айгерім Жақыпқызы

Сынып – 8 Мерзімі

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс,өткен тақырып пен жаңа тақырыпты үйлестіре талдау АКТ-ны пайдалану т.б

Пәнаралық байланыс: әдебиет,саз,география

Сабаққа пайдаланылатын көрнекіліктер:

Суретті альбом,кітаптар,сұлу табиғат көрністері мен табиғатқа жасалған қиянаттар жайлы суретті слайдтарды салыстыра көрсету,туған жердің табиғаты, тарихи мекендер жайлы суреттерді көрсету, плакат,маркер,үлестірме қағазды пайдалану.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың «табиғат» «жер-ана» «жер» «су» «ауа» «топырақ»ұғымдарымен қосатабиғатпен үйлесімділік, оны аялау туралы түсініктерін кеңейту,өз пікірлерін ортаға сала білулерін дамыту.

Сабақтың міндеттері::

– оқушылардың табиғаттың ең үлкен байлық көзі, тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы ұғымдарын нақтылау,түйіндеу;

– оқушыларды табиғатты қорғауға оның тазалығын сақтауға, табиғат пен байланыстылықты таба білуге жетелеу;

– мейірімділікке, жауапкершілікке, сұлулықты бағалауға, салауатты өмір салтын сақтауға,ұқыпты болуға жұмылдыру

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен амандасу.

– сабақ бастау үшін сыныптың тазалығына, қолайлылығына назар бөлу

– оқушыларды түгендеу.

Тыныштық сәті.«Орманға саяхат»

2. Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардан К.Салықовтың «Арал кеуіп кетпесін!»,Қ.Толыбаевтың «Қайыңның қасіреті» мәтіндеріне байланысты слайдты көрсете отырып, берілген шығармашылық тапсырмалар және атаулы сұрақтар арқылы білімдерін тексеру .

Бірінші топтың жетекшісіне берілген «Жер-тіршілік анасы»;

Екінші топтың жетекшіне берілген «Адам-табиғаттың бір бөлшегі»;

Үшінші топтың жетекшісіне берілген «Табиғатты қорғау-біздің парызымыз»;

атты жазып келген эссені әдебиет пәні мұғаліміне ұсынып, соңынан пікірі мен айтылған бағыт-бағдары бойынша ойларын жүйелеу.

Жұмыс тексеріліп жатқанда атаулы сұрақтар арқылы үш топтың білім деңгейлерін,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін бақылау.

1.Арал теңізі Қазақстанның қай өңірінде?

2.Табиғат апаттарына не жатады?

3.Табиғат байлықтарына нені жатқызамыз?

4.Жер –тіршілік анасы дегенді қалай ұғамыз?

5.Табиғатты қолдан жасауға бола ма?

6.Ақ қайың қандай ағаш, оның қандай пайдалары бар?

7.Ағаштың діңі деген қай жері?

8.Қайыңға жазылған «Н», «М», «С»деп жазылған жазулардың зияндылықтары қандай?

9.Табиғат жылай ма? «Қайыңның қасіреті» мәтінен мысал келтіре айт.

10.Арал теңізінің жыл санап азайып бара жатқаны неліктен, оған қандай үлес қосуға болады деп ойлайсың?

11.Қыстағы қар -жерге ырыс,

Жердегі ылғал-елге ырыс мақалын қалай түсінесің?

12.Өз туған ауылының табиғат байлығы деп нелерді атай аласың?

Үш топтың қайсысы көп сұраққа жауап берді әрі қандай деңгейде жауап бергеніне талдау жасау.Осы кезде эссені оқып болған әдебиет пәні мұғалімінің пікірі тыңдалады, баға беріледі.

Жаңа сабақ :

Табиғат-тал бесігің, аялай біл! (Слайд арқылы көрсетіледі)

Слайд арқылы сұлу табиғат көріністері мен табиғатққа жасалған қиянаттар көріністерін көрсетіп,оқушылардың пікірлерін ортаға салғызу.

Экраннан А.Франстың : «Адам табиғатқа тәуелді болса,табиғат та оған тәуелді» деген сөзін көрсетіп, Қ.Мырза Әлидің «Табиғат тазалығы»деген өлеңін мәнерлеп оқу,түсінбеген сөздерін сұрау, «Сексеуіл», «Шаһар» ,«Сұқсыр», «Мазут», «Бидауа», «Шуда» ,«Қабарған өкпе», «Дүние азса»деген сөздерге түсінік беру

Қуанышты жаңалықты хабарлау.Жуырда өнер тапқыш бір студенттің ластанған ауаны тазартатын құрал ойлап тапқанын айтып,сендер де табиғатты қорғауға өз үлестеріңді қосу үшін білімді әрі саналы болуға тырысыңдар деп үміт арту.

Тыныштық сәті. Теңіз түбіне саяхат.

Экранда: «Табиғат- біздің анамыз,біз- табиғатқа панамыз!» тақырыбы жазылып,эссе жазу тапсырылады.

Экранда: «Газ, түтін,улы заттар,табиғат апаттары адазаттың рухани әлемін улап, түрлі ауруға ұшыратса,ал адамдардың ішкі ластануы ойдың сөздің ластығы табиғатқа кесірін тигізеді…»деп басталатын сөздер көрсетіліп,оны эссе жазуға тірек ой ретінде пайдаланылу керектігі ескертіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін әдебиет пәні мұғаліміне табысталып, соңынан пікірі тыңдалады. Жұмыс тексеріліп жатқанда «Құстар әлемі» атты слайд көрсетіліп, соңында бозторғай құсы ерекше дара көрсетіледі де,саз мұғалімінің жетекшілігімен Е.Хасанғалиевтің «Бозторғайым» әнін айтумен сабақ аяқталады.

Сабақты қорытындылау:

Оқушылар табиғаттың байлығымыз, тіршілік көзі, жанға жайлы таза ауа, денсаулық тірегі, сұлулық келбеті екенін айта келе, табиғатты қорғау ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын табатын зор парыз екендігіне тоқталды. Табиғат пен адам егіз, бір-бірін толықтырған жағдайда, тіршілік нұрлы болатынын айтты. Сабақты: «Таза сана бар жерде, таза табиғат бар» деген ойтүйінмен аяқтады.

Үйге тапсырма:

Қ.Мырза Әлидің «Табиғат тазалығы» өлеңін жаттап, табиғат туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, дәйексөздер жазып келу.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше