Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сыз ықша
| Пәні: Қазақ тілі
Күні: 14.11 Сынып: 3 |
Мектеп: Жетібай ауылы, №8 орта мектеп
Мұғалімнің аты- жөні: Сейтмуханова Алтынай Қатысқандар саны: 24 Қатыспағандар саны: 0 |
||
| Сабақтың тақырыбы | Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатынсызықша | ||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Оқушылардың « Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатынсызықша » туралы білімін бекітеді. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатынсызықшаның қойылу жолын үйрену | ||
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
| Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||
| Пәнаралық байланыс | Өнер, қазақ тілі сабағы | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. | ||
| Тілдік құзыреттілік | Қазақ тілі | ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Психологиялық дайындық Өткенді пысықтау сұрақтары Оқулықпен жұмыс Сергіту сәті Ойын ойнау Сабақты шағын көрініс арқылы қорыту Рефлексия Бағалау |
Ресурстар Суреттер, оқулық, сызбалар, кетелер, бағалау смайликтері, үлестірмелі материалдар | |
| Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Қатар –қатар тізіліп
Оқушыға лайық Қолымызды жіберіп Түп-түзу болып тұрайық Жақсы оқып сабақты, Әдеп сақтау сәніміз Отыруға нақпа-нақ Дайындалдық бәріміз. 3.Өткенді пысықтау сұрақтары: І топ
2. Сөйлем мүшелері деген не? 3. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? ІІІ топ 1.Сан есім дегеніміз не? 2. Бастауыш қандай сөз табынан жасалады? 3. Бастауыш дегеніміз не? ІV топ 1.Сын есім дегеніміз не? 2.Баяндауыш дегеніміз не? 3.Баяндауыш қандай сөз табынан жасалады? 4.Әр топқа амалдар беріледі, оладың мәнін тауып, өсу ретімен орналастыру. Сонда жаңа тақырыпқа байланысты сөз шығу керек. Мысалы: 4х5=20, 20:4=5, 6х4 =24, 24:4=6, 3х4=12, 5х5=25, 4х4=16 сонда «сызықша» деген сөз шығады. Дұрыс айтасыздар сонымен бүгінгі жаңа тақырыбымыздың аты «Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша» Жаңа тақырыппен таныстырылып, ереже шығару |
Шаттық шебері | |
| Сабақтың ортасы
8 минут |
47- жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып, салыстыру
Сәуле – биші Сәуле биледі….. |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс | |
| Сергіту сәті
1 минут |
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз. Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып шығамыз. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ | |
| Қызықты тапсырма
8 минут Аяқталуы 16 минут |
48- жаттығу Тақтаға орындау
Шерхан Мұртаза – халық жазушысы Нұрпейіс Байғанин – ақын Күләш Байсейітова – атақты әнші Абай Құнанбаев – ұлы ақын Ойын ойнау І топ Әке – асқар тау Ана – бауырындағы бұлақ Бала – жағасындағы құрақ ІІ топ Бірінші байлық – денсаулық Екінші байлық- ақ жаулық Үшінші байлық – он саулық ІІІ топ Баланың тілі – бал Ананың сүті – бал ІV. Дау мұраты – біту Жол мұраты- жету Қыз мұраты – кету 49- жаттығуды орындау «ия», « жоқ» ойыныны ұйымдастырылды 51- жаттығу ауызша орындалды 52- жаттығу Жатқа айтылды Ойын «Кім шапшаң» 53- жаттығу Ребус шешу |
Оқулық, дәптерлер. | |
| Сабақты қорыту
2 минут |
Сабақты шағын көрініс арқылы қорыту
Кіммін мен? Бәрінің иесімін Маған қарап құрайсың Ойыңның сен жүйесін / Бастауыш/ Ешқашанда ол аянбайды Не болғанын баяндайды Жазған бала нүкте қойып, Сөйлемін аяқтайды / Баяндауыш/ Ол дағы атау тұлғалы Сөздерді байланыстырады Байланысу түрі оның- қиысу Интоноция тәсілімен түйісу / Сызықша/ Сонымен, балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық. Қай уақытта сызықша қойылады екен? Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім |
Смайликтер | |
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Жұмбақтар құрастыру,өлеңдер шығару |
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
| Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Бағдаршам арқылы өзін-өзі және өзара бағалайды. |
Өнер, қазақ тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|
