3 цифры мен саны

Пәні: Математика Мектеп: Жетібай ауылы №8 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Жиреншиева Жанар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сандар мен цифрлар. 1 – бөлім.

Күні: 15.09. 2017. Қатысқандар саны: 23

Сынып: 1 – сынып Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы: 3 цифры мен саны
Осы мақсатта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 1.1.1.2 **біртаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

1.1.1.3 **біртаңбалы сандардың құрамын анықтау

1.1.1.1** натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

Сабақ мақсаттары 1.3-ке дейін санайды және 3 цифрын таниды.

2.Сандық сәуледегі 3 цифрының орналасуын біледі.

3.3 санының құрамын анықтайды.

Бағалау критерийлері
  • 3 саны нені білдіретінін түсінеді.
  • 3 цифрын дұрыс жазады.
  • 3 санының құрамын анықтайды.
Тілдік мақсаттар Тірек сөздер: үш–три – three

Ашық сұрақтар:

– Сандық сәуледе 2-ден кейін қандай сан тұрады, неліктен?

– 3 саны нені білдіреді?

Құндылықтарды дарыту Еңбек және шығармашылыққа баулу, ынтымақтастыққа және өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Музыка, көркем еңбек
АКТ қолдану дағдылары Бейне ролик
Бастапқы білім Бір таңбалы сандар туралы ұғымы бар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

4 мин

Психологиялық ахуал орнату

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңекөңілді ойын тілеймін!және т.б. –деп оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, топқа бөлу.

№1, №2, №3 топқа бөлінеді. «Ашық журнал» – ға оқушылардың әр тапсырма бойынша жинаған ұпайлары жазылып тұрады, сабақ соңында жинақталып, қорытынды ұпайы айтылады.

  • 1 ұпай
  • 2 ұпай
  • 3 ұпай
https://www.youtube.com

watch?v=BI6s5hHuFEY

Бағдаршам түстері

Сабақтың ортасы

2 мин

2 мин

5 мин

5 мин

3 мин

Сергіту сәті

2 мин

5 мин

3 мин

(Ұ) Ой қозғау әдісі арқылы «Жалғастырып сана» ойыны. Бір оқушы 10-ға дейін кез-келген санды атайды. Екінші ойыншы келесі санды айтып жалғастырады.

Жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

Үш көзді батыр,

Жолды аңдып жатыр. (бағдаршам)

  • Бағдаршамды көргендерің бар ма? Оны қайдан көрдіңдер?
  • Ауылымызда бағдаршам бар ма?
  • Бағдаршамда неше түс бар?
  • Олар қандай түстер?

Дескриптор:

Бағдаршамның түстерін санап шығады. Саны 3-еу екенін анықтайды.

(МТ) Оқулықтағы сандық сәулемен жұмыс. 3 саны қай саннан кейін тұратындығын білдірту,

3 санын оның оң жағындағы сандармен салыстырту.

-3 саны натурал сан және сандық сәуледе 2 санынан кейін тұрады. 3 саны күнделікті өмірде кездеседі. Сыныптағы саны 3 болатын заттарды атайықшы: 3терезе, 3 қатар парта т.б.

(ТЖ)Эвристикалық әдіс арқылы (ішінара ізденгіштік әдіс).

Постер қорғау.

1-топ: «Түстер палитрасы» ойыны. Қатырма қағазға қызыл, сары, жасыл, көк, қоңыр дөңгелектер желімдеймін. Осылардың ішінен бағдаршамның түстерін табуға мүмкіндік беремін.

Дескриптор:

Жұмыс барысында оқушылар түстерді табады.

2-топ: Топ мүшелері бағдаршамды дұрыс әрі тез жинап бітіруін қадағалау. Бағдаршамдағы түстерді санату.

Дескриптор:

Түстерді ретімен қояды. Сандарды өсу ретімен орналастырады.

3-топ: Суретпен жұмыс.

Асланның жасының нешеде екендігін табады.

Кімнің үйінде 3 жастағы бөпесі бар екендігін анықтату.

(ӨЖ) Репродуктивті әдіс(қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту) арқылы «Сандарды салыстыр».

1*3 3*3

3*2 3*1

Дескриптор:

3ке дейінгі сандарды салыстыра алады.

Интербелсенді тақтадан «Көңілді күн» әуені жіберіледі. Оқушылар қосылып айтады, қимыл-қозғалыс жаттығуын жасайды.

Дәптермен жұмыс

Дәптерге үлгі бойынша 3 санын жаздыру.

(ӨЖ) Мысалдар құрастыр және шығар:

1+2

2+1

(ЖЖ) қасындағы көршілерімен «Бақылау әдісі» арқылы

«Мен … білемін» ойынын ойнату.

  • Мен үш қыз есімін білемін…
  • Мен үш ұл есімін білемін…
  • Мен үш әжемнің аттарын білемін…
  • Мен үш қаланың атын білемін…
Бағдаршам суреті

3 арсыз, 3 жұрт, 3 би

Қатырма қағаздағы түрлі – түсті дөңгелектер, желім

https://www.youtube.com

watch?v=TwD0jZdUuC8

Слайд

3 цифрының жазу үлгісі

Сабақтың соңы

1 мин

Рефлексия

«Білім ағашына» өзіңді орналастыр.

Білім ағашы
Саралау

Деңгейлік тапсырмалар:

1.Деңгейі жоғары оқушыларға

3
1
1

2.Деңгейі орташа оқушыға: Суреттен 3 балықты боя.

3. Қолдауды көбірек қажет ететін оқушыға: Суреттерді сандармен сәйкестендір

(3 мысық, 2 доп, 1 қоян)

3 мин

Бағалау

«Ашық журнал» – дағы оқушылардың әр тапсырма бойынша жинаған ұпайлары жинақталып, қорытынды ұпайы айтылады.

3-ке дейінгі сандарды тура және кері санай алады, натурал сандар қатарындағы реттік нөмірін біледі.

3 цифры неше затты білдіретінін атай алады.

3 санының құрамын біледі.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше