Денеге қалай күтім жасаймыз?

Астана қаласы №58 мектеп-гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі

Мусаева Айжан Инжинеровна

Жаратылыстану

Тақырыбы: Денеге қалай күтім жасаймыз?

Сынып: 2-сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2.2.3.4 – денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау;

2.2.3.5 – тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау

2.1.2.4 – бақылау жүргізудің жоспарын құру;

Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Оқушылар қима қағаздардағы суреттер бойынша 3 опқа бөлінеді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Мейірім»

Мазмұны:Жақсы сөз жаныңды жадыратады. Қуаныш сезімі билейді. Ендеше өзгелерге де жақсылық сыйлап көрелік. Өзіңнің жақын туысқаның, танысың туралы қандай жақсы сөздер айтар едің? Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Көңіліңіз қалаған адамды талдайсыз. Ол туралы әңгімеңіз қысқа, нақты болуы шарт, әсіресе қандай қасиетін бағалайтыныңызды айту керек.
Қорытынды: “ Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын «…»

Топтарға бөлу.

Қима қағаздардағы суреттер бойынша үш топқа бөлінеді.

1-топ:

Қаңқалар

2-топ: Сүйектер

3-топ: Бұлшық еттер

Тренинг «Мейірім»

Үй тапсырмасын тексеру

8 мин

Үй тапсырмасы

Өтілген тақырыптарға байланысты әр топ атауларына байланысты тапсырмалар беріледі. Тапсырманы топпен орындап, екі немесе үш оқушы қорғайды.

1-топ.

Адам қаңқасының негізгі бөліктерін жаз.

Қаңқа биін билеу.

2-топ.

Қай оқушының дене сымбаты дұрыс қалыптаспаған? Белгіле ().

Берілген сұрақтар бойынша жауап беріңдер.

1.Омыртқа жотасы неліктен қисаяды?

2. Дене сымбаттылығын сақтау маңызды ма?

3-топ.

Бұлшық ет қандай қызмет атқарады? Қарапайым тәжірибе жасай отырып, дәлелдеңдер.

Кітаптар салынған сөмкеңді бір қолыңмен жоғары көтер. Екінші қолыңмен білектің жоғарғы жағындағы бұлшық етті ұстап көр. Қандай өзгеріс байқадың? Жақшадағы сөздерді пайдаланып жаз.

 Бұлшық ет ______________________________ (жиырылды, босаңсыды)

Енді жүк көтерген қолыңды түсір. Бұлшық етте қандай өзгеріс болды? Жаз.

 Бұлшық ет ______________________________ (жиырылды, босаңсыды)

Жаңа білім

10 минут

Білу және түсіну

Тақырыпты ашу. (видеоролик-денсаулық)

Оқулықпен жұмыс (сұрақ-жауап)

Тістің түрлерімен және олардың қызметімен танысу.

– Балалар, тісіміз ауырғанда не дейміз?

– Ай, тісім-ай…

– Тістегі тесіктер неден пайда болады?

– Тісжегінің қалай алдын алуға болады? Осы сұрақтардың жауаптарын білу үшін тақтаға назар аударайық.

(Видеоролик-тіс күтімі, тіс пастасы туралы мәлімет)

Зерттеу жұмысы.

Оқушылар айнаға қарап, тістерінің пішінін және мөлшерін зерттейді.

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут

Қолдану

Топтық жұмыс.

Талдау

1-топ.

2-топ.

3-топ.

Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады
Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті видеожазба
Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Бағалау

«Қатесін тап»

Тапсырма

• Тіс күтіміне байланысты суреттерді ретімен белгіле.

• Тіс күтіміне қатысты дұрыс тұжырымды белгіле (√).

1. Тісті тазаламаса, ауыздан жағымсыз иіс шығады.

2. Тісті күту міндетті емес, ауру тістің орнына жаңа тістер өседі.

3. Тіс күлкіге сән береді.

4. Тістегі микробтар ауру туғызады.

5. Тіске күтім жасалса, денсаулық та жақсы болады.

Қорытынды тапсырманы орындау арқылы бір-бірінің жұмыстарын тексеріп бағалайды.

Бағалау

2 минут

«Тазалық бекеті»

Түстер бойынша таңдаған стикерлеріне тазалыққа байланысты ұстанатын ережелерін жазып, тазалық бекетіне ілу.

Жасыл түс – бүгінгі тақырыпты өте жақсы түсіндім

Сары түс – сұрақтарым бар

Қызыл түс – бүгінгі өтілген тақырыпты түсінбедім

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше