С.Бегалин.Қырдың жас түлегі
| Сабақтың тақырыбы: Қырдың жас түлегі | Сыныбы:
4 «Д» |
Мұғалімнің аты-жөні:
Закарина Асел Толегеновна № 58 мектеп-гимназия Бастауыш сынып мұғалімі |
||
| Тақырыбы | С.Бегалин.Қырдың жас түлегі | |||
| Жалпы мақсаты | Мәтін мазмұнын түсініп оқу.Шоқан Уалиханов туралы өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіру,кеңейту. | |||
| Оқыту нәтижелері | 1.Пәндік нәтиже:оқушыларға Шоқанның өмірі,шығармашылығы мен қызығушылығы туралы қосымша түсінік алуға мүмкіндік беру,мәтіннің мазмұнын аша отырып,таным мүмкіндіктерін анықтау.
2.Жүйелі іс – әрекет нәтижесі:ізденуге деген қызығушылықтарының оянуына жағдай туғыза отырып,шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3.Тұлғалық нәтиже:туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,оқушыларды мейірімділікке,әдептілікке тәрбиелеу. |
|||
| Күтілетін нәтиже | Мәтінді түсініп,мәнерлеп оқиды.Сыни ойлауы қалыптасады.Ауызша сөйлеу,есте сақтау қабілеттері артады.Топпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
Шығармашылық қабілеттері дамиды. |
|||
| Сабақтың түрі | Жаңа материалдарды меңгерту, түсіндіру,топтық жұмыс,сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, көрнекілік,эссе, сурет салу,Рефлексия. | |||
| Стратегиялары | Ой қозғау,синквейн,сергіту сәті | |||
| Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
| 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Психология лық ахуал 3.Топқа бөліну |
(Хормен)
Әрбір адам – туысым,досым,жұрағат. Әрбір сабақ – үйрену ,ұғу ,ұлағат. Әрбір ісің – тірек,тірлік,адалдық. Әрбір сөзің – шындық ,бірлік, адамдық. 1-топ «Ақындар» 2-топ «Жазушылар» 3-топ «Суретшілер» 4-топ «Ғалымдар» |
Хормен айтады.
Топқа бөлінеді. |
||
| 4.Үй тапсырмасын сұрау | 1.Абылай хан туралы әңгіменің мазмұнын айтқызу.
2. Сөзжұмбақ шешу 1.Қалдан Сереннің ұлы кім? 2.Қазақ жеріне кімдер шабуыл жасады? 3. Жоңғар қонтайшысы кім? 4.Жоңғарға қарсы шыққан хан 5.Абылай кім? Шоқан Уәлиханов- тарихшы,историк,нistorian (хисториян). |
Әңгіменің мазмұнын айтады,
сөзжұмбақ шешеді. |
||
| Жаңа білім
(слайд) Оқулықпен жұмыс |
Олай болса,бүгінгі сабағымызда Сапарғали Бегалиннің «Қырдың жас түлегі» атты әңгімесімен танысамыз.
Сапарғали Бегалин (1895 – 1983) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Қазақтың белгілі жазушысы. Ол балаларға арнап 20 – дан астам кітап жазып, қазақ балалар әдебиетін дамытуға елеулі еңбек сіңірді. С. Бегалин ”Сәтжан”, “Көксегеннің көргендері”, “Шоқан асулары”, “Алтай аңызы”, т. б. көптеген шығармаларды жазған. Ең алдымен әңгімедегі кездесетін мағынасы қиын сөздермен таныс болайық. Қамау көше-тұйық көше Кадет корпусы-патша үкіметі заманындағы әскери оқу орны Жатақ-жатақхана Енді әңгімені әр топ бөліктерге бөліп оқимыз. |
Жазушы туралы мәлімет алады. | ||
| Сергіту сәті
2 минут |
« Көңілді күн» | Оқушылар би билеп сергіп қалады. | ||
| Ортасы
Топтық жұмыс |
Ғалымдар – планшеттен Шоқанның өмірбаянын іздейді.
Суретшілер – әңгіме мазмұнына сай сурет салады,қорғайды. Ақындар тобы-Корпус бастығының шығарған бұйрығы (көрініс) Жазушылар – әңгімедегі басты кейіпкерге мінездеме береді. |
Берілген тапсырмалар
ды топта бірлесіп орындайды, қорғайды. |
||
| Аяқталуы
Сабақты бекіту |
Ой қорыту | Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады. | ||
| Рефлексия | «Ақылды қалпақ» | Қалпақты айналдыра киіп,
сабақтан алған әсерлерін білдіреді. |
||
| Үйге тапсырма | Мәтінді оқу, мазмұндау. | Күнделіктеріне жазады. | ||
| Бағалау | Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау. | |||
