Менің достарым

Сынып: 2 «Ә»
Мектеп : № 58 МГ
Күні : 12.09.2017ж
Мұғалімнің есімі: Ерикбаева Мадениет Сапаргалиевна
Пәні: Дүниетану
Сабақ тақырыбы: Менің достарым
Оқу мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.
Барлық оқушылар: Достық құндылығы жайлы ақпарат алады.
Оқушылардың басым бөлігі: сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейтеді;
Кейбір оқушылар:мектептегі құрбы-құрдастар арасындағы әдептер мен тәртіпке қатысты ережелерді сақтауды үйренеді.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, көркем еңбек, математика, музыка, жаратылыстану
Сабақтың барысы: Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Күтілетін нәтиже Ресурстар:
І. Ынтымақтастық атмосферасы Тренинг: «Достық көпірі»

Мазмұны: оқушыларды ортаға шақырып, көпір бойына тізбектеле тұруын сұрау. Жолақша бойына қатар-қатар орналасқан оқушылар бойларының биіктігіне қарай жолақшадан шығып кетпей, орындарымен ауысуы керек.

(Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын алдымыздағы көпір үстіне тізбектеле тұра қалайық. Енді бой ретін сақтай отырып, жиектен шықпай бой-бойымызбен тұрамыз.

Міне балалар біз бір-бірімізге көмек бере отырып «Достық көпірін» құрадық. Сабақ барысында да ұйымшыл болып, белсенділік танытайық.

Жолақша бойына қатар-қатар орналасқан оқушылар бойларының биіктігіне қарай жолақшадан шығып кетпей, орындарымен ауысуы қажет. Орындарын ауыстыру барысында балалар бір-біріне көмек қолдарын созады.Ұйымшылдық, жанашырлық, намысқа тырысу қасиеттері қалыптасады. Сабақ барысында берілген топтық тапсырмаларды орындауда осы қасиеттерді назарда ұстау ескертіледі. Қатты қағаздан жасалған ұзын жолақша
Топқа бөлу:

Мынау тұрған түстерден өздеріңізге ұнаған түстеріңізді таңдап ала қойыңыздар.

Осы түстер бойынша топқа бөлініп отырамыз. Тандап алған қима қағаздарыңыздын артындағы сөздерден бір сөйлем құрастыру керексіздер.

Дайын болған топтың топ басшысы құрастырған сөйлемін дауыстап оқысын.

(осы сөйлемдер кімге тәуелді айтылған деп ойлайсыздар?)

(Оқушылардың жауабы)

-Олай болса, бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Менің достарым», сабақтың мақсаты «достық» құндылығы туралы түсініктеріңді одан әрі жетілдіру.

Қима қағазда жазылған сөздерден сөйлемдер құрастырады, мағынасын ашады. Тақырыпты ашу Түрлі-түсті қима қағазға жазылған сөздер
Мағынаны тану -Балалар мына тағамның дәмін татып көріндерші.

-Дәмі туралы не айтар едіңдер?

-Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады.

«Доссыз адам – тұзсыз тағам!» деп бекерге айтылмаған. Ендеше бүгінгі сабағымызды осы тақырып төңірегінде өрбітпекпіз. Олай болса, мына бейнероликке назар аударайық. Бейнеролик көрсету арқылы «Достық» ұғымының асыл қасиеттері аталып, мағынасы ашылады.

Оқушылар қойылған сұраққа жауап береді

Бейнероликті ынталана қарап, түсініп, ой түйеді.

Мақалдың мағынасын ашады. Тұзсыз тағам
Ой толғау Оқушылар алдарындағы парақшада сөздер берілген. Соның ішінен адал достыққа тән қасиеттерді тауып белгілендер. Адал достыққа тән қасиеттерді тауып, құс қанатымен белгілейді. Достық туралы жалпы ұғым қалыптасады. Жағымды, жағымсыз қасиеттерді ажыратуға үйренеді Бейнеролик
Топпен жұмыс Қазір топпен жұмыс жасаймыз. Топ ережесін естен шығармайық.

Топтық тапсырмалар таратылады

І топ. Мақалды аяқта, мағынасын түсіндір.

ІІ топ. Ойлан. Дос және таныстың аражігін ажыратып жаз.

ІІІ топ. Достарың туралы 1-2 сөйлем жаз.

ІҮ топ. Шынайы достыққа сипаттама бер.

Достық – бұл ….. .

Тапсырмаларды топпен орындайды, талдайды. Топ ережесін сақтай отырып, ұйымшылдық таныту арқылы шапшаңдық танытады А3 форматта жазылған тапсырмалар
Сергіту сәті Балалар енді кішкене бойымызды серігітіп алайық. Ол үшін төрт топ екі-екіден бірігіп, тақта алдында шашырап жатқан фигуралардан көңілді әуенмен «Достық» мұнарасын құрастырайық.

Балалар үйді қалай құрастырдық?

(Бір-бірімізге көмектесе отырып құрастырдық)

-жарайсындар, әрқашан бір-бірімізден достық көмегімізді аямайық.

Әр топ өз мұнарасын құрастырады Әрекет барысында балалардың көңілдері көтеріліп, сергіп қалады, ұйымшылдық пен шапшаңдықтары дамиды Әр түрлі геометриялық фигуралар
Кері байланыс -Балалар, енді бүгінгі сабақта орындаған жұмыстарымызды аяқтай отырып, сабақтан білгендерің көп болса жасыл түсті, егер сабақта қызыққан сәттерің көп болса, сары түсті, егер қиындықтар кездессе қызыл түсті алақанды тақтадағы достық шеңберінің жан-жағына жабыстырамыз. Сабақтан алған әсерлерің бойынша таңдаған алақандарын тақтадағы достық шеңберіне жапсырады. Балалар сабақтан алған әсерлерін жеткізе біледі. Түрлі-түсті алақандар, достық шеңбер
Қорытынды « Дос болайық бәріміз» әнімен қорытындылау.

-Осымен, балалар бүгінгі «Достық» тақырыбына байланысты сабағымыз аяқталды. «Достығымыз нығая берсін!» деген мақсатта сіздерге мына сыйлығымды тарту етемін.

«Дос болайық бәріміз» әнін орындайды. Әнді нақышына келтіріп орындайды. Үнтаспа

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше