«Ұлтына ұран болған ұлы ақын» әдеби кеш
Астана қаласы № 58 мектеп-гимназиясы
қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Камалова Толкын Мураткалиевна
«Ұлтына ұран болған ұлы ақын» әдеби кеш
Мақсаты:Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктер:нақыл суреттер, А.Құнанабаев суреттері, шарлар,сыйлықтар,плакаттар, түрлі-түсті жарықтар, АКТ т.б.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгін сіздер 4 сыныптар арасында өткелі тұрған Абай шығармашылығына арналған «Ұлтына ұран болған ұлы ақын» атты әдеби кешке жиналып отырсыздар.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
I слайд «Ұлтына ұран болған ұлы ақын»
Бүгінгі кеште сіздер Абай шығармашылығындағы мол деректермен танысасыздар.
Көрмемен таныстыру, призентация.
Барысы: баяу әуен ойналады магнитофоннан Абай сөзі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?
Ертеоянып ,ойланып , ержеткенкім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажөн, құбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
II слайд «Ғылым таппай мақтанба»
1.«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс».
Нұрсұлтан Назарбаев.
Лирикалық өлеңдері
Калиева Ж.- «Ғашықтық тілі» 4в
Шойынбек А.- «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» 4ә
Маратов Е «Базарға»4г
Жанатова А.- «Жүрек-теңіз»4а
Тұрысбек А- «Сабырсыз ,арсыз, еріншек » 4ж
Басамбай А.- «Жаз» 4б
Бейсенбаева Т.- «Күз» 4г
Байтенова А- «Қыс» 4ғ
Еменова Ж.- «Жазғытұры» 4з
Джумадилова Э- «Сенбе жұртқа қаншама мақтап тұрсам»4д
Ән шашу «Желсіз түнде жарық ай»
2. «Қазақтың бас ақыны- Абай Құнанбаев . Онан асқан бұрынғы –соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ».
АхметБайтұрсынұлы.
«Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып , жаңғырып, жаңа өріс алып тұр».
МұхтарӘуезов.
III слайд «Абай- қазақ жазба әдебиетінің көшбасшысы»
Поэмалары
Мусина Ұ- «Масғұт» поэмасы 4а
Сапаева Меруерт- «Ескендір» поэмасы 4а
Ән шашу «Айттым сәлем Қаламқас» әні
3.«Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан , қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда данышпан , хакма философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті».
Шәкәрім Құдайбердиев.
«Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді…. Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық бауырласы екенін таныттты».
Шыңғыс Айтматов.
Көрініс «17 қарасөзі» 4в
Автор: Дильназ
Ақыл: Анаргүл
Жүрек: Шадияр
Қайрат: Сарбаз
Ғылым: Расул
Қара сөздері
Аманов З-31 қарасөз 4в
Жакенова Алина-24 қарасөз 4а
Анарбай Ердәулет- 31 қарасөз 4а
Джумадилова Эльиза – 12 қарасөз 4а
Қарсыбай Ақбаян -19 қарасөз 4а
Ән шашу «Көзімнің қарасы»
Баяу әуеннің ырғағымен қорытынды сөз оқылады.
Абай-дана,ғұламасы елімнің,
Абай-ақын, мақтанышы жерімнің.
Абай атты бір данышпан болмаса,
Ақ-қарасын кім айырмақ өмірдің?
Сүйсінемін жазғанын оқығанда,
Абай сөзі бағдаршам оқығанға.
Адасатын адамдар болмас еді,
Абай ойын кеудеге тоқығанда.
Ол жалғыз ақындықты меңгермеген,
Ақылына еш мықты тең келмеген.
Ресей елі Пушкинмен қатар қойып,
Ескерткішке жай барып сенделмеген.
Келесі кездескенше күн нұрлы болсын! Сау болыңыздар!
