С.Сейфуллин. Мәңгі жасар өмір

Астана қаласы № 58 мектеп-гимназия

Бастауыш сынып мұғалімі

Саматова Рыскул Ермагамбетовна

Жоғары санат

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин. Мәңгі жасар өмір.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды халықтың арман-мұраты үшін күрескен ақын

С.Сейфуллин өмірімен, шығармашылығымен таныстыру.

Халықтың өнерге деген сүйіспеншілігі мен Сәкен

шығармаларының өміршеңдігімен,оның өмірінің мәңгі жасар өмір

екендігін түсіндіру.

2. Оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

3. Оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: С.Сейфуллин портреті, үнтаспа, ребус, сандықша

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау, пікірлесу.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар, жер бетіне жылу не арқылы тарайды, күн болмаса жер бетінде не болар еді?

Олай болса күн анаға тілек айтып көрейік:

Көк аспанда күн күлсін!

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда күн күлсін!

Жерге ұдайы нұр құйсынІ

Күн анаға ризашылығымызды білдіре отырып күннен алған шуақты жүрегімізбен сезініп сабағымызды бастайық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1.Сұрақ-жауаппен үй тапс. бекіту.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Мәтін авторы кім?

-Шерхан Мұртаза кім?

-Мәтінде кім жөнінде айтылған?

-Ол кім?

-Мәтінге басқаша қандай ат қояр едің?

-Серікке ара түскен Тұрар кімге хат жазды, ол хатында не деді?

-«Интернат» дегенді қалай түсінеміз?

-«Қойма» деген не?

Бекіту

«Интернат қоймасы» мәтінді сахналау.

Қорытынды

-Тұрардың түсінігі не болды? (өзіне жағылған жалған жала)

Жаңа сабаққа кіріспе

Ребус шешу

«Ата-бабам тарихы- менің тарихым»

– Бұл сөйлемнен нені білуге болады?

Жаңа сабақ

Жалпы Сәкен есімі бізге таныс па, ол кім, шығармаларын оқыдық (оқушылар жауабы)

Олай болатын болса балалар, бүгін біз Тұрсынбек Кәкішевтің халқымыздың біртуар ұлдарының бірі С.Сейфуллин туралы жазылған «Мәңгі жасар өмір» мәтінімен танысамыз.

Дәптермен жұмыс (түртіп алу)

Мәтін авторы Тұрсынбек Кәкішев 1927-2015 Ақмола обл.дүниеге келген. Кеңес Одағының еңбек сіңірген қайраткері. Әдебиет зерттеу ғылымының докторы, профессор. Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығын зерттеуші.

Видео таңшолпан (Сәкен туралы мағлұмат кетеді)

Тақырып мазмұнын ашу «Мәңгі жасар өмір» деп аталу себебі неліктен?

«Үш арыс туралы айту, фотосын көрсету

Репрессия видео

Кітаппен жұмыс.

  1. Сөздікпен жұмыс (сұраққа жауап алу)
  2. 1, 2 бөлімді оқыту (жақсы оқитын оқушыға оқыту)
  3. Бөлім мазмұнын талдау. (сұрақ жауап)

Мәтін мазмұнын қаншалықты мұқият тыңдап, оқығандарыңды тексеру мақсатында «Құпия сандық» ойынын ойнап жіберейік. Менің қолымда сандық бар, ол жай сандық емес құпия сандық. Ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

1бөлім бойынша

–Әңгіме кім атынан баяндалды?

-Бұл әңгіме қайда айтылды? (Шілдехана деген не?, «Басқарма» деген кім?)

– Әнші қандай әнді айтқысы келді?

-Оның назары кімге ауды?

-Басқарма Қосбақан неге сыртқа шығып кетті деп ойлайсындар?

-Басқарма неге әншіге басқа ән айтуды бұйырды?
-Жиналған қауым қандай әннің шырқалуын қалады? Неге деп ойлайсыңдар?

1 бөлімге ат қою (Алтынның естелігі)

2 бөлім сұрақтары

-Басқарма Қосбақан Исламқұлға неліктен «Тау ішінде» өлеңін айтуды сұрады?

-Ән неліктен 2-3 рет айтылды?

-Неге әнді айтып, тыңдауға халықта үрей болды? ( «С.Сейфулиннің мұрасы» еді)

2 бөлімге ат қою (Әннің құдіреті)

Бекіту.

Қазір осы әннің шығу тарихымы мен әнді тыңдап көрейік. (Видео Айгүл)

Шығармашылық жұмыс

Суретпен жұмыс

-Суретті қалай атар едің?

-«Халық жауы» деген жаламен атылып кеткен кімдерді білдің?

-Оларды атқан адамдарға деген өз көзқарасыңды білдір.

-Берілген сурет пен мәтіннің арасында байланыс бар ма?

Қорытынды

Поэзия минуты

Берілген ұйқастармен өлең құрастыру.

……………….. пірісің,

……………….. сырысың.

……………….. жырысың,

……………….. тірісің.

Үйге тапсырма

1.«Мәңгі жасар өмір» мәтінін оқу, мазмұндау.

2.Сәкен өлеңдерін 1 шумағын жаттау

Бағалау

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше