« ҒАРЫШҚА САЯХАТ»

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге кенті

№21«Назерке» балабақшасының тәрбиешісі Баколбаева.Энипа

« ҒАРЫШҚА САЯХАТ»
Мақсаты: білімділік:
Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу, көктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне түсіре отырып әңгімелету. Ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Сөздік қорларын байыту.
Дамытушылық:
Есте сақтау қабілеттерін, ой-өрістерін, зейіндерін,көріп тану қабілеттерін дамыту
дүниетанымдарын кеңейтіп,қиялдарын шарықтату.
Тәрбиелік:
Табиғат сұлулығын сезінуге,оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:
Әңгімелеу,сұрақ-жауап,ой қозғау, көңіл-күйді көтеру,сурет бойынша әңгіме,ойша саяхат,ойын.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту,құрастыру
Көрнекіліктері:
Көктемгі табиғат құбылыстарының атрибуттары,геометриялық пішіндер,
суреттер және интерактивті тақта
Сөздік қоры:
Ғарыш,ғарышкер,ғалам.
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар жаттату.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Амандасу:
– Ал көктемнің осы айы нешінші айы?
– Екінші айы.
– Осы ай қалай деп аталады?
– Сәуір айы деп аталады.
– Иә,бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар.Ол – ғарышкерлер мерекесі.
Қандай мереке?
– Ғарышкерлер мерекесі.
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.
Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз
Қандай ғаламда өмір сүреміз?
– Жер ғаламында өмір сүреміз.
– Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
– Ұшақ,тікұшақ,зымыран.

– Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық. Сурет арқылы әңгімелеу.
Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин деген кісі.Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі.
Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышерлері – Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз.
Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары.
Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін,білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
– Аспанда тағы нелер болады,балалар?
– Күн,ай,бұлттар болады.

Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар аспанға ұшып,аспан кеңістігін зерттейді екен.Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен.Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан.
Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы киім, яғни скафандр киген.Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.
Балалар,біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой.Қане есімізге түсірейікші,кім айтады Балалардың тақпақтары.

Балалар,сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?
Иә,ұшқымыз келеді.
Ендеше,мына зымыранға қарайықшы.Дене бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?
Төртбұрышқа,шаршыға,үшбұрышқа,дөңгелекке.
Өзімізге осындай зымыран құрастырсақ қайтеді?
Ендеше,мына жерде әртүрлі геометриялық пішіндер бар.Соларды мына тақтадағы суретке қарап тұрып,құрастырайық.
Балалардың ұжымдық жұмысы.
Міне,біздің де зымыранымыз дайын болды.

Енді қиялымызға ерік беріп,
бір сәт бізде ғарышқа саяхаттап қайтайық.
Қане ұшуға дайындаламыз.3,2,1 ал ұшып барамыз,ұшып барамыз.
Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгендей.Қонуға
дайындаламыз.3,2,1.Қондық.
Балалар,біз «таңғажайып табиғат» әлеміне келгендейміз.Міне қараңдаршы,
бұл ғаламның суы да,талдары да біртүрлі екен,ия. Мынау не?
Құстың ұясы.
Иә, ол төменде жатыр.Ал көбелектері қайда ұшып жүр?
Суда ұшып жүр.
Иә,бұл ғаламда бәрі керісінше екен.Қане бұларды өзіміздің жеріміздегідей әр нәрсені өз орнына орналастырайық.
«Өз орнын тап» ойыны:
Жарайсыңдар, балалар.Қане ұшуды жалғастырайық.
Міне,біз тағы бір ғаламға жақындап қалдық.Қане қонамыз.
Мынау кім, балалар?

Робот
Иә,біздер онда роботтар ғаламына келген екенбіз.Қане сәлемдесейік.
Робот: Са-ла-мат-сың-дар ма ,ба-ла-лар,сен-дер қай ға-лам-нан кел-дің-дер?
Балалар: Жер ғаламынан келдік.
Робот: Сен-дер-дің жер-ле-рің қа-лай деп а-та-ла-ды?
Балалар: Қазақ жері деп аталады
Робот: Иә,сен-дер-дің ға-лам-да-рың-нан кел-ген а-дам-дар, о-сы жер-де зерт-теу жұ-мыс-та-рын жүр-гізеді.Мен де оы жер-де жұ-мыс іс-тей-мін. Ма-ған та-мақ-тың,су-дың,ауа-ның еш қажеті жоқ.Сон-дық-тан мен осы жер-де үне-мі жүремін. Ал,ба-ла-лар ме-нің әлі жұ-мысым көп, сау бо-лың-дар. Робот кетеді.
Балалар, біздің де қайтатын уақытымыз болған сияқты.Осында көргенімізді жердегі достарымызға,апайларымызға айтып берейік.Қане,ұшуға
дайындалайық. 3,2,1.Ұштық.
Рефлексия: – Балалар ,біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Кімдер туралы білдік?
Сендерге не ұнады?
Балалардың жауаптарын тыңдап,қорытындылау.

Аружан:
Тұңғыш қазақ ғарышкер.
Әубәкіров ағаның,
Даңқы көкке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин,
Салған жолды жалғаған.
Тоқтар ағам- жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан Аумай қалғым келеді.
Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған.
Ұшқыш болды жас ұлан,
Аспанда еркін самғаған.
Бабасындай асауға,
Салған құрық-бұғалық,
Ұшақтарды сынауға, Артқан еді құмарлық.
Жанел:
Жұмбақ әлем,
Жұмбақ жұлдыз,
Олар көп.
Ғарышкерлер,
Біреуіне қонар кеп,
Қонып тұрып,
Адам ойы мазасыз,
Сұрар тағы,
Бұдан әрі не бар?- деп
Әрқашан ерлікке құштармыз,
Қажымас, дарынды жастармыз.
Жол салып ақмаңдай айға да,
Достарды жұлдызға бастармыз.
Қанат берді еліміз,
Ұлы Отанның ері біз.
Ертең- ақ Марсқа барамыз,
Ұшамыз біз айға да,
Ұшамыз біз ғарышқа,
Ғарышкер де боламыз.
Біз не білдік?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше