Жаңа сабақтар

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Алаш Ор даның тарихи ролі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Бекназарова Рима Аяшовна

1 Кешкі (ауысымды)жалпы білім беру

орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы

Алаш Орданың тарихи ролі

«Туған жерді сүю – парыз, сүю үшін білу парыз»

М.Әлімбаев:

Ұлы қазақ халқымен бірге жасайтын мәңгілік тарих, ол «Алаш қозғалысы» тарихы. Алаш қозғалысы – 20 ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс . XX ғасырдың бас кезінде ресейлік әскери монархиялық басқару жүйесі қазақ жерін орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялады, және ресей халқын қазақ жеріне көптеп қоныс аудартып, егіншілікке, мал бағуға шұрайлы жерлерін таптып алып, қазақ елінің дәстүрлі шаруашылығынан айырып, зорлық көрсетіп терең дағдарысқа ұшыратқан кез болатын. Бұған дейін С.Датұлымен К. Қасымұлының үш жүздің басын қосып елін ,жерін қорғауға бастаған ұлт-азаттық көтерілісі Ресейден ағылып келіп жатқан қарашекпенділердің тасқынын тоқтата алмаған болатын. Қазақтың ең шұрайлы 45млн десятина жеріне1,5 млн орыс шаруларын қоныстандыруы халық наразылығын одан сайын күшейтіп жіберген болатын.

алаш қозғалысы мақала .docx

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.