Менің мектебім. The theme of the lesson: My school.
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
№ 9 жалпы білім беретін орта мектебі қазақ тілі пәні мұғалім
Қарағаева Анар Зарлыққызы
Үш тілді білу-қазіргі заман талабы. Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Бүгінгі күнде үш тілді білу жарқын болашақтың кепілі. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген.
Тілге үйрету – ұстаздар қауымына жүктеліп отырған үлкен міндет. Біздің негізгі мақсатымыз – бәсекеге қабілетті азаматты қалыптастыру. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін адам бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек.
Осы ретте Шығыс Қазақстанда көптілділікті дамытудың өңірлік бағдарламасы жасалып, жүзеге асырыла бастады. Көптілділікті дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында қазақ және ағылшын тілдерінен кіріктірілген сабақтар жүргізу оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Менің мектебім.
The theme of the lesson: My school.
(5-сынып бойынша өткізілген кіріктірілген сабақ)
Сабақтың мақсаты\ Aims:
а) білімділік: лексикалық тақырыпты меңгерту, грамматикалық тақырыпты пысықтау, сөздік қорларын молайту; educational: to teach the lexis to the theme, to enlarge the grammar and vocabulary;
б) дамытушылық: оқушылардың жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындату арқылы тілдерін дамыту, қатесіз сөйлеп, өз ойларын еркін айту, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту; developing: to develop pupils’ speech habits through reading, speaking, listening and writing.
в) тәрбиелік: білімге ынталандыру; upbringing: to bring – up love and interest to the subject, our school.
Form of the lesson: traditional lesson.
Type of the lesson: mixed.
Methods of the lesson: explanation, exercises.
Intersubject connection: Kazakh, English.
Literature: text book “English”for form 5 by A.T. Ayapova, internetresources.
Materials for the lesson: interactive board, pictures, text book, copy books.
Сабақтың барысы: / The procedure of the lesson.
I.Ұйымдастыру кезеңі / Organization moment.
1) Сәлемдесу/ greeting.
2) Оқушыларды түгендеу/ and duties’ report.
II.Үй тапсырмасын тексеріп, бағалау./ To check h/t.
«С» деңгей /тест/. Test.
1.Көптік жалғауы бар сөзді тап.
А) кітаптар
В) күнделік
С) дәптер
Д) қарындаш
2.Жалғаудың неше түрі бар?
А) 4
В) 3
С) 2
Д) 5
3. Найди слова во множественном числе.
А) pen
В) desk
С) pencil
Д) books
4.Зачеркни в ряду лишнее слово:
А) school, shop, pupil, book;
В) pen, pencil, copy book, kitchen;
С) drink, write, read, learn;
Д) copy book, book, note book, juice.
«В» деңгей /сұрақтарға жазбаша жауап бер/.
1.Қазақ тілінде неше септік бар?
2.Қай септікте жуан жалғаулар жоқ? 3. –ның, -нің, -дың,-дің,-тың, -тің жалғаулары қай септік жалғаулары? 4. Барыс септігінің жалғаулары қандай?
Answer the questions: 1. Where are you from? 2. Say in English “Дүйсенбі”. 3. Do you like English? 4. Do you like Kazakh? «A»деңгей (сұрақтарға ауызша жауап бер). Сөйлемдегі сөздердегі көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қой, жалғау түрін анықта.
Мен бесінші сынып … оқимын. Біз кеше театр… бардық. Алексей… кітабы парта… жатыр. Бүгін сабақ… соң кітапхана … барамыз.
Answer the questions: 1. Have you got English today?
2. How many lessons have you got today?
3. Are you writing or watching TV now?
4. What are you doing in English?
III. Білімді жан-жақты тексеру
1.«Мектеп» тақырыбына сөздік қорларын тексеру. /Экранда сандар жазылған ұяшықтар көрсетілген. Оқушылар ұяшықтарды таңдайды, әр ұяшықтың ішінде сөздер жазылған. Егер сөздер қазақша жазылған болса, оқушылар оны ағылшын тіліне аударады. Егер сөздер ағылшынша жазылған болса, сөзді қазақ тіліне аударады./
мектеп a school
сынып a form/ a class
мұғалім a teacher
abook оқулық
a pupil оқушы
a lesson сабақ
Сергіту сәті /экранда көрсетіледі/.
IV. Жаңа сабаққа кіріспе.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру /балалар анықтайды/.
The aims of the lesson. Экранда мектептің суреті беріледі.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгін біз қандай тақырыппен жұмыс істейміз?
-Тақырып бойынша нені үйренеміз?
V. Жаңа сабақ.
1.Оқушылардың алдына аудармасымен жаңа сөздер жазылған үлестірме қағаздар беріледі. Сөздерді дұрыс оқуға жаттықтыру. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құру:
әртүрлі-разный (-ая, -ое, -ые)
өз-свой (-ая, -оё, -ои)
мұражай-музей
2.Мәтінмен жұмыс (тыңдалым қазақ тілінде, аудио).
Менің атым Арман. Мен тоғызыншы мектепте оқимын. Біздің мектеп Абай даңғылында орналасқан. Мектеп үш қабатты.Оның іші кең, жарық және таза.Мектепте кітапхана, асхана, мұғалімдер бөлмесі екінші қабатта орналасқан. Біздің кітапхана үлкен. Онда оқулықтар, сөздіктер,қызықты
кітаптар, әртүрлі әдебиеттер бар. Біздің мектепте өз мұражайымыз бар. Мұражай материалдарын мұғалімдер, оқушылар жинаған.
3.Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер:
– Баланың аты кім?
– Ол қай мектепте оқиды?
– Мектеп қандай?
-Мектепте кітапхана бар ма?
4.Сұхбат (сөйлесім ағылшын тілінде).
– What school do you learn?
– Where is located your school?
– How many stories are there in your school?
– Where is located the study of Kazakh language?
– Where is located the study of English language?
Сергіту сәті /ағылшын тілінде/.
Stand up, please. Repeat after me (показываю движения, ученики повторяют за мной и повторяют слова стишка): One and two, and three, and four. I`m standing on the floor. I`m jumping very high,
To be healthy and hooray.
VI. Жаңа сабақты пысықтау
Топпен жұмыс.
1-тапсырма.
Әр топқа оқу құралдарының суреттері беріледі. Суреттердің жанына оқу құралдарының атауларын қазақша, ағылшынша жазу.
1-топ
2-топ
3-топ
2-тапсырма. Ойын «Жоғалған әріп» (ағылшын тілінде).
Берілген сөздерде көп нүктенің орнына керекті әріпті қой.
1-топ :
p…n, s…hool, bo…k, copy…ook;
2-топ:
rub…er, ru…ler, p…ncil, les…on;
3-топ:
t…me, b…g, En…lish, teac…er;
3-тапсырма. Ойын “Артық сөз” (қазақ тілінде). Берілген сөздер қатарынан артық сөзді тап.
1-топ:
Мектепке, кітапханаға, асханадан, бөлмеге.
2-топ:
Кітап, дәптер, сызғыш, ақпан.
3-топ:
Қазақ тілі, математика, орыс тілі, ағылшын тілі.
VII. Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау.
-Не білдік?
Синквейн.
Мектеп School
1. 2 сын есім big, 3 storied
2. 3 етістік to learn, to write, to speak
3. 1 сөйлем We learn in a big 3 storied
4. ассоциация school.
The institution.
-Сабақ ұнады ма? (Сабақ ұнаса, алдарыңдағы смайликтерді тақтаға жапсырыңдар):
–ұнады, – сұрағым бар, -ұнамады (түсініксіз болды).
-Сабақта не істедік?
VIII.Бағалау/marks for the lesson ….
IX. Үйге тапсырма:
148-бет, 2-тапсырма, мәтінді мәнерлеп оқу.
/h/t: to learn new words, do ex. 5. P. 142
