Мен-патриотпын
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Шағалалы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мунаева Жанар Жуматаевна
Сабақтың тақырыбы: Мен-патриотпын
Классный час по теме: «Я- патриот своей страны».
Мақсаты:
1 – Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2 – Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Цели урока:
1. Формирование у учащихся понятия «Патриотизм», углубление и расширение знаний и представлений детей о нашей Родине;
2. Развивать чувство патриотизма у учащихся, стремление быть полезным для своей страны
3. Воспитывать чувство гордости за свою страну, свой народ.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер, бейне таспа
Оборудование: иллюстрации, плакаты
Барысы:
1.Ұйымдастыру.
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
Ход урока:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
– Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос–жарандарың, туған-туысқаның. Отан – бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Учитель: Здравствуйте, дорогие ребята! Мы вновь все собрались после долгих летних каникул.
А теперь мы начинаем наш первый в этом учебном году классный час. Тема нашего классного часа «Я – патриот своей страны».
Самое прекрасное на свете — Родина. У каждого человека есть своя Родина. И каждый любит ее. Любит место, где он родился и живет. Любит свой родной язык, танцы, книги. Без Родины и без своего народа человек не может жить.
Отандеген не, кім қалай түсінеді?
Отандейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
– Біздің Отанымыз қалай аталады?
– Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
– Қазақстан Республикасының президенті кім?
– Президент деген кім? Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
– А сейчас я предлагаю встать и размяться.
(Учащиеся встают в круг и проводят разминку)
-Если вы по утрам с радостью идете в школу, помашите правой рукой.
-Если у вас есть друг, сделайте шаг вперед.
– Если уверены в своих силах, топните ногой.
-Если вы считаете, что мы должны уважать права людей, независимо от их национальной сделайте шаг назад.
-Если вы любите свою родину, хлопните в ладоши.
-Если вы считаете себя патриотами, поднимите обе руки вверх.
– Мне хочется, чтобы на уроке вы были внимательны, находчивы, а главное — чтобы вы показали, что знаете и как умеете работать.
Астана
Астана – Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерің, Астанаға барғандарың бар ма? (оқушылардың ойын тыңдау). Ендеше алдымыздағы қима қағаздан не шығатынын жабыстыру арқылы көрейік. (жапсырмалау жұмысын жасату)
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн. Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көкеме сол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күнс әулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді
Елтаң басы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Учитель: Ребята! Все мы и каждый из нас в отдельности — частички огромной страны — Республики Казахстан. Мы — граждане своей страны.
Слышишь песенку ручья? Это – Родина твоя.
Слышишь голос соловья? Это – Родина твоя.
Школа, где твои друзья, – Это – Родина твоя.
Руки матери твоей, Звон дождей и шум ветвей,
И в саду смородина – Это тоже Родина.
– Ребята, найдите среди флагов флаг Республики Казахстан.
Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Оттай жанып жанарың
Одан қуат аламын
Әнұран ол — тынысы
Кең жазира даламның.
Міне, осы Қазақстандай үлкен жерімізді, елімізді, танытып, намысымызды шет елде қорғап келген спортшыларымызды айтпасақ болмайды. Өз елінің патриот азаматы ретінде көк туымызды Риода желбіреткен спортшыларымызға мың алғыс. Қазақстан құрамасының Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан ұтқан медальдар саны-17.2012-жылғы Лондон Олимпиадасының алтын медаль иегері, жеңіл атлет Ольга Рыпакова бұл жолы қола медаль алды. Боксшы Василий Левит күміс медальға қол жеткізді. Ауыр атлет Александр Зайчиков қола медаль ұтып алды. Бокстан алтын медальді Қазақстан құрамасына Данияр Елеусінов тарту етті. Еркін күрестен Эльмира Сыздықова Олимпиаданың қола медалін иеленді.
Боксшы Әділбек Ниязымбетов осымен екінші мәрте Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Еркін күрестен Гюзель Манюрова – күміс, Екатерина Ларионова қола медаль ұтып алды. Бокстан Иван Дычко мен Дариға Шәкімова жартылай финалға шығып медальға ие болды. Қазақстан спортшылары Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жақсы өнер көрсетті, мықтылығын дәлелдеді. Осы орайда ел намысын қорғаған, көк туымызды желбіреткен барша спортшыларымызға біз өз ризашылығымызды білдіруіміз керек.
Учитель: Ребята, назовите вашу ассоциацию со словом «Казахстан»
Ученики:
Казахстан — это наша Родина
Казахстан — это люди, живущие в мире.
Казахстан — это место где мы родились.
Казахстан —…
У нас в Казахстане живут люди многих национальностей. Все говорят на разных языках. Но государственным языком является казахский. Давайте мы сейчас узнаем, на сколько хорошо вы знаете казахский язык Ваша задача представленные слова перевести на казахский язык.
Родина-отан,
язык-тіл,
народ-халық, ел,
государство- мемлекет,
семья – отбасы,
друг – ДОС, жолдас,
родная земля – туған жер.
«Көк тудың желбірегені» әуенін видеосымен көрсету.
Келешекте сіздер де осындай атақты спортшы, танымал адам болуға тырысуларыңыз керек.
Учитель: Любить и защищать Родину — это значит быть патриотом, гордиться своей Родиной, уважать и соблюдать законы страны, выполнять свои обязанности, быть активным в общественной жизни.
Патриот, кто он??
1.Каждый, кто любит то место, где родился и вырос
2. Тот кто любит и не забывает свою маму, свой дом
3. Кто с гордостью осознает, что нет на Земле страны лучше нашей
4. Сказочно богата природа Казахстана. Тот кто не только любит, но и охраняет природу.
5. Готов стать на защиту Отечества
6 Отстаивает престиж своей страны
7 Знает государственную символику
8 Готов отдать своей Родине все силы и способности
9 Патриот, тот, кто украшает Родины своим трудом
10 Строит свое будущее, связывая его только со своим отечеством
11Знает свой родной язык
12 Знает историю своей страны, гордится своими предками
«Мен кім болам?» тақырыбында ауызша оқушыларға айтқызу.
Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
«Мақалды тап» ойынын ойнайық.
Отан – оттан да ыстық.
Отан от басынан басталады. Т.б
Қортынды: Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Атазаңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтап мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.
Учитель: Наш сегодняшний урок подошел к концу. Мне очень хочется верить, что вы многое поняли и усвоили. Каждый человек, живущий на планете, испытывает чувство гордости за свою Родину, свой народ и страну, свою землю и историю. И нам сегодня стоит помнить о прошлом, знать настоящее, чтобы построить светлое будущее.
