Жануарлардың қанайналым мүшелері
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы,
Дөң орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Нурлина Гульзира Есенкелдыкызы
| Сабақ: биология
7.2 В: өсімдіктердегі зат тасымалы |
Мектеп:Хромтау ауданы Дөң орта мектебі | |||
| Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні:Нурлина Гулзира Есенкелдіқызы | |||
| Сынып:7 | Қатысқандар саны:18 | Қатыспағандар саны: | ||
| Тақырып: | Жануарлардың қанайналым мүшелері | |||
| Оқыту мақсаты: | 1.Жануарлардың қанайналым жүйесінің маңызын түсіндіру
2. Жануарлардың қанайналым жүйесінің типтерін сипаттау 3. Жануарлардың жүрегінің және қан тамырларының құрылысын сипаттау |
|||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | Барлық оқушылар біледі: жануарлардың қанайналым жүйесінің маңызын түсіндіре алады.
Көп оқушылар біледі: жануарлардың қанайналым жүйесінің типтерін сипаттай алады. Кейбір оқушылар біледі: қан тамырларының және жүректің құрылысындағы байланысты және олардың қызметтерінің арасындағы байланысты біледі. |
|||
| Бағалау критерийлері | 1. Дұрыс қорытынды жасай отырып, қанайналым жүйесінің маңызын түсіндіре алады.
2. Жануарлардың қан тамырларының және жүректің құрылысын дұрыс сипаттай алады. 3. Қан тамырларын және жүректің оң және сол жақтарын ажырата алады. 4. Қан тамырларының құрылысын біледі: артериялар, веналар, капиллярлар. |
|||
| Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология:
Жүрек, тұйықталған және тұйықталмаған қанайналым жүйесі, артериялар, капиллярлар, веналарлар, оттегі, оттегі тасымалы, қоректік заттар тасымалы. Диаллогқа/жазбаға қажетті сөздер Балықтың жүрегі … камералардан құралады, ….. және ….. . Артериялардың қызметтеріне ……………………………. жатады. Веналарлардың қабырғасы …………………………….. және ……………………………… құралады. Ашық қанайналым жүйесі дегеніміз …………………………………., бұл жүйенің қан тамырлары …………………………….. Жабық қанайналым жүйесі дегеніміз …………………………………, бұл жүйенің қан тамырлары …………………………….. |
|||
| Құндылықтарды
дарыту |
Сабақ барысында білім құндылықтары:
– Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; – Сыйластық; |
|||
| Интеграция | Физикамен, заттар тасымалы, қан қысымы.
Химиямен, көмірқышқыл газы мен судың, органикалық заттардың молекулалары. |
|||
| АҚТ қолдану дағдылары | Электронды деректерді қолдана отырып, оқыту процессін визуализациялау | |||
| Сабақтың типі:
Сабақтың түрі: |
Жаңа білімді игеру
Аралас сабақ |
|||
| Бастапқы білім | Тірі ағзалардағы зат тасымалы туралы білімдері | |||
| Сабақбарысы | ||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурсы | ||
| Сабақтың барысы | Ұйымдастыру бөлімі:
|
|||
| 0-2 мин | ||||
| Сабақтың ортасы | (Ұ) Оқушыларға адам ағзасының қан айналым жүйесін және өсімдіктердің тамыр жүйесін қарастыруды ұсыныңыз.
Бұл жүйелердің қызметі мен олар тасымалдайтын заттар туралы айтып беруін сұраңыз. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары айтылады. (Т) Оқушылар «қанайналым жүйесі» ақпараттық парағымен жұмыс істейді (Қосымша 2). (Т) Оқушылар үш топқа бөлінеді: Тапсырма: постер жасау:
Критерийлер : 1) қанайналым жүйесінің типі белгіленген 2) жануарлардың қанайналым мүшелері дұрыс салынған 3) топтың барлық мүшелерінің жұмыс істеуі 4) тайм-менеджментті қадағалау (Ж) Тұйық және ашық қанайналым жүйелері бойынша Венн диаграмманы толтыру. «Карусель» әдісін қолдана отырып мұғалім нұсқауларын береді. Бір-бірін бағалау. |
«Қанайналым жүйесі» сызбасының суреті
Фломастерлер, форматындағы парақтар, ақпараттық парақтар, Қосымша 2. |
||
| 3-10 мин « Лездеме» әдісі бүгінгі сабаққа байланысты сұраққа жауап беру.
11-14 мин ойын « Кім тапқыр» 15-20 мин Дискриптор орындау |
||||
| Сабақтың соңы | Кері байланыс: «Тазалық әдісі»:
Бүгінгі сабақты бағалау отырып, сабақтың қай суретке орналасқандығынды анықтаңыз. Үй жұмысы туралы ақпараттандыру. |
Чемодан, қоқыс жәшігі, еттартқыш суреті | ||
| 43-45 мин | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
| Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Мұғалімнің қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын тексеруі. Өзара тексеру. | Тәсілдердің түрлілігі және шаршауды басу үшін оқушылардың бір-бірімен әңгімелесуі. | ||
| Жануарлардың қанайналым жүйесін және өсімдіктердің тамыр жүйесімен салыстыру барысында ұқсастықтар мен ерекшеліктерді қадағалау қанайналым жүйелерінің жұмысы арқылы оқып біледі.
Қабілеті жоғары оқушыларға артерия, вена, капллярлардың құрылыс ерекшеліктерін салыстыру; 4 камералы жүректің құрысын оның қызметін салыстыру; гемолимфа мен қанның құрылыс ерекшеліктерін анықтау жұмысын беруге болады. |
||||
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
||||
| Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||
