Су. Табиғаттағы су айналымы

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы «№9 бастауыш мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Ешмуратова Гулсай Оңғарбайқызы

Сыныбы: 4«В»

Күні: 22.11.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы Су. Табиғаттағы су айналымы

Сабақтың мақсаты Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсініе отырып, оны қорғауға, үнемді пайдалануға үйренеді. Оқушылардың ой – өрісі, тілі, дүниетанымы кеңейеді,өз ойларын айта алады.

Сілтеме 4 сынып, дүниетану

Көрнекіліктер слайдтар, куб, үлестірме карточкалар, географиялық карта , видеоролик, ақ парақтар.

Қолданған әдіс – тәсілдер СТО, АҚТ, топтық жұмыс, рефлексия түрлері, диалогтік оқыту және оқу, көшбасшылық және басқару, формативті бағалау, өзін-өзі бағалау.

Сабақтың түрі Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті

І.Ұйымдастыру

кезеңі:

1. Топқа бөлінеді. 3 мин 2. Топтың ережесін таныстыру. 3. Әр топқа бағалау парағы таратылады, жақсы қатысып отырған топқа тамшы беріледі. 1.Топ- бұлт 2.Топ- жауын-шашын 3.Топ-тұман Бағалау парағымен танысады. Жұмысты аяқтаған топ «Топ шаңырағын құрады»

ІІ.Үй жұмысын

тексеру

Үй жұмысын тексергенде «Шахмат» әдісі. Кәне, ұй жұмысын шахмат әдісі арқылы тексерейік. Әр шахмат тақтасында сұрақ жазылған. Сол санның астында үй тапсырмасының сұрақтары берілген. Сұрақты оқи отырып үй жұмысына жауап алу. Бірден жауап қайтарған оқушыларды топ басшысы бағалап отырады. Пайдалы қазбалар тарауын аяқтадық. Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексеріп шығады.

ІІІ. Қызығушылықты ояту. Жаңа сабақ А) Сабақтың тақырыбын ашу: Мұғалім: Тақырыпты ашпастан бұрын, сендерге бір құпия қонақтың хатын оқиын, ал сендер оның не екенін табыңдар! Құпия қонақтың хаты: Мен сұйықпын да, мұзбын да, Тамшысымын жаңбырдың. Оюланған қыраумын, Жылымын да, салқынмын. Шөлдесең кеуіп кенегең, Мейіріңді қандырдым. Сыйлаймын мен тазалық, Рақат беріп денеңе, Айта қойшы бұл не?(Су) Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Су. Табиғаттағы су айналымы» «Релакция» Үнтаспадан «Судың дыбыстары» -Су туралы түсіндіру,әңгімелеу. -Глобуспен жұмыс Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр.Сусыз өмір жоқ.Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат.Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі.Күн суытқанда су қатып, мұзға айналады. Мұз бен қар-судың қатты күйі. Су қайнағанда, моншадан шыққанда бу шығады. Ол судың бу кезіндегі күйі. Бу-мөлдір, түссіз газ.Бу-судың газ түріндегі күйі. 1. Тапсырма.Су күйлерін білу үшін алдымен жұмбақ шешу 1. Жылт – жылт етеді Жылғалардан өтеді (судың сұйық күйі) 2. Өзі судан жаралған, Бірақ судан қорқады (мұз – судың қатты күйі) 3. Көзге көрінгенмен, Ұстасақ қолға тимейді 1. Оқушылар оны шешуге тырысып сұрақтар береді.

(бу – газ күйі) 2.Тапсырма. Топтық жұмыс 1- топ. «Судың қасиеті» (Су түссіз, иіссіз, мөлдір, ағады, суда пішін жоқ, сұйық, жабысқақ.) 2-топ. «Судың өмірлік маңызы» 3-топ. «Суды үнемдеу» Бұл жерде қандай тұжырым жасауға болады? Судың тіршілік үшін маңызы өте зор. Дүние жүзі бойынша ішуге жарамды су тек 1-ақ %. Сондықтан оны үнемді пайдалану керек. Суды үнемдеуде өзің қандай үлес қосасың? Видео көрсету. 3.Тапсырма. Мозайка әдісі А.«Түсіндір, көрсет, дәлелде» Табиғаттағы су айналымы тізбегін құрады. Бұлт жаңбыр жылға өзен теңіз булану (Әр топтан бір бала тақтаға шығып, құрастырған тірек – сызба бойынша ойларын қорытындылап, түсіндіреді) Б) Сергіту сәті. «Кім жылдам?» ойыны арқылы 2-топқа бөлініп ыдысты суға толтыру тапсырманы орындайды. 1. Оқушылар су туралы білгендерін еске түсіріп айтады. Топ баяндамашысы қорғайды. 3.Әр топқа қима қағаздар таратылады. Қима қағаздар арқылы «Табиғаттағы су айналымы» тізбегін көрсетеді. 5. Дәптерлеріне бүгінгі күнді,сабақтың тақырыбын және

ІV.Мағынаны тану: В) Дәптермен жұмыс Г)Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Тізбектей оқыту «Табиғаттағы су айналымы» тізбегін жазып алады. 6. Оқушылар тізбектей оқиды.

V. Бекіту

Ә) Географиялық картамен жұмыс «Мен көрсетемін, сен атауын жаз» а. Мынау – қай теңіз? (Каспий) б. Мынау – қай өзен? (Есіл) в. Мынау – қай көл? (Балқаш) 8. Оқушылар өзара тексереді.

VІ. Қорытындылау

VІІ Үйге тапсырма

беру

VІ Бағалау

Сұрау – қорытындылау · Сабақта қандай мәселе басты болды? · Қандай жаңалықпен таныстыңдар? Әр сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін Әр топ көшбасшылары өздерінің мүшелеріне қорытынды бағаны шығарып мұғалімге береді.1 мин Сабақ соңындағы кері байланыс Баспалдақ Түсіндім Түсінгендеймін Түсінбедім Үй жұмысын жазады. 40-бет оқу, мазмұндау. Судың маңызы, суды қорғау, үнемдеу туралы шағын эссе жазу. Егер су болмаса… Мұғалімнің қорытынды бағасы.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше