Компьютерде зиян келтірмей қалай жұмыс істеуге болады?

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылайхан атындағы орта мектептің
информатика пәнінің мұғалімі Абильжанов Нуржан Галиевич

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 5.1.А Мектеп: Абылайхан атындағы орта мектеп
Күні: 23.06.2017ж Мұғалімнің аты-жөні: Абильжанов Н.Г.
Сынып: 5- сынып Қатысушылар саны: 15 Қатыспағандар: 0
Сабақ тақырыбы: Компьютерде зиян келтірмей қалай жұмысістеугеболады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.1.1 – қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамаудың салдары туралы талдау
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Компьютердің қауіпсіздігі туралы біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды, кабинеттегі ережелер мен талаптарды түсінеді.
Кейбір оқушылар: Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу салдарын талдай алады
Бағалау критерийлері Компьютердің қауіпсіздігі туралы біледі.

Кабинеттегі ережелер мен талаптарды түсінеді.

Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қолдана біледі.

Қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзудың себеп-салдарын анықтайды.

Төтенше жағдай кезінде алғашқы жәрдем көрсету әрекеттерін жасай алады.

Тілдік мақсаттар Оқушылар:

Қауіпсіздік ережесімен таныстыра отырып, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастырады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Техника, қауіпсіздік, ереже, медицина

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қауіпсіздік ережесі не үшін сақталады?

Егер оқыс жағдайда қандай көмек бересіздер?

Информатика пәнінің маңыздылығы қаншалықты?

Компьютерден жағымсыз иіс шыққан жағдайда не істейсіздер?

Құндылықтарға баулу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 4 құндылығы.

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

Білім – барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Ал оқушыларымыз Омар Хайам айтқандай:
Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасам лапылдап,
Аспан қайдан ашылмақ дегендей, -оқушыларымыз да заман ағымынан қалыспай, ұлттық құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болуымыз керек. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз “Мәңгілік ел” боламыз.

Құндылықтарға баулу арқылы техника қауіпсіздік ережесін білуде сын тұрғысынан ойлау, жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады

Алдыңғы білім Ақпарат туралы түсінік.

Информатика нені оқытады?

Пәнаралық байланыс математика, физика, ағылшын тілі, өмір қауіпсіздігі негіздері
Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

(2 минут)

(8 минут)

Миға шабуыл

– Ұйымдастыру

– белсенді әрекетке жұмылдырылады;

– ойлау жұмысына ынталандырылады

Фигуралар арқылы 2 топқа бөлу.

Қалай ойлайсыңдар, компьютер алдында неге көп отыруға болмайды?

Көзді шаршатпаудың жолдары қандай?

Үлестірме сүреттер бөлігі

оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

(2 минут)

(3 минут)

(3 минут)

(5 минут)

.

Сергіту сәті

(2 минут)

(10 минут)

Сабақтың соңы

8 минут

Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз

« Компьютерде зиян келтірмей қалай жұмыс

істеуге болады?»

Бейнеролик көру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

1 тапсырма

Суреттегі жағдайлар неге қауіпті екендігін түсіндіріңіз

Дескриптор Білім алушы

– компьютер алдында тамақтанудың салдарларын

түсіндіреді;

– компьютер алдында дұрыс отырмау салдарларын

түсіндіреді;

– компьютердің электр өткізгіш құралдарын ұстау

салдарларын түсінідіреді;

– компьютерде жұмыс істеу уақытын сақтамау салдарларын

түсіндіреді.

(ҚБ) «Бас бармақ» тәсілі бойынша топтар бір бірін бағалайды

2 тапсырма

«Стоп кадр» әдісін қолданып, бейне роликтегі қателерді дұрыстайды.

Дескриптор Білім алушы

  • Компьютерде дұрыс отыру ережесін түсіндіреді.

3 тапсырма

Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу салдарын әр топ бір-бірімен пікір алмасады.

(ҚБ) Фигураларды қолдану(жұлдызша, төртбұрыш, дөңгелек)

Көздеріңді шаршатпаудың жолы қандай?

Ол үшін мына талаптарды орындау керек.

  1. Мониторға дейіінгі арақашықтықты 60-70 см –ден кем болмауы керек (созылған қолдың ұзындығындай).
  2. Компьютер алдында жұмыс 25 минуттан аспауы тиіс.
  3. Жиі-жиі көз, мойын, арқа үшін арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек.
  4. Экранның дәл ортасына қарау керек.
  5. Жұмыс істеу үшін дәрігер көзілдірік киюге кеңес берген оқушылар компьютер алдында міндетті түрде көзілдірік киіп отырулары тиіс. Олкөру қабілетін одан ірі нашарлатпауға көмектеседі.

Көзге арналған жаттығуды компьютермен

жұмыс істеген уақытта әрбір 10-15 минут

сайын орындап отыру керек.

Бейнероликке қарап әуен арқылы көз жаттығуын жасау.

4 тапсырма

«Джигсо» әдісі Топ берілген тақырып бойынша посттер дайындайды, қорғайды. (топтық жұмыс) Мақсаты: оқушыларды топтық жұмыс жасауға баулу, өз ойларын ашық жеткізе білуге үйрету

Төтенше жағдай кезінде алғашқы жәрдем көрсету әрекеттерін жазыңдар. Талып қалған және тынысы тарылғанда көрсетілетін көмекті топпен іздеп толтырыңдар.

1 – топ Күйген жағдайда

2 – топ Талып қалған жағдайда

3 – топ Тынысы тарылғанда

(ҚБ) «2-жұлдыз, 1-тілек» тәсілі бойынша топтар бір бірін бағалайды

5 тапсырма

А деңгейі

«Артығын тап» әдісі

Компьютермен жұмыс істеу кезінде қауіпті белгілердің суретін алып тастау

В деңгейі

Тыйым салынады:

  1. … 3) …
  2. … 4) …

С деңгейі

Техникалық диктант алынады.

  1. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін толықтырыңдар.
  • Экранның ортасы мен оқушының көзінің арақашықтығы ……см кем болмауы тиіс:
  • Компьютерде жасалатын үзіліссіз жұмыс …… минуттан артық блмауы тиіс, одан кейін міндетті түрде жаттығу жасауға үзіліс болуы керек.
  • Компьютермен жұмыс жасау кезінде …… болмайды.
  1. Информатика кабинетіндегі оқушы міндетті:
  • Тәртіп пен тазалықты, қауіпсіздік техникасы ережелерін ……керек.
  • Жұмыс орнына мұғалімнің нұсқауымен отырып, өздігінен орын … керек;
  • Құрылғының кез келген ақауы білінгенде немесе программаның дұрыс жұмыс істемей тұрғанын көргенде жылдам … керек;
  • Кабинетте алынған кез келген жарақан кезінде, әсіресе электр тоғына түскенде міндетті түрде … керек.

Дескриптор Білім алушы

  • Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін толтырады.
  • Информатика кабинетіндегі оқушы міндеттерін толтырады:
  • Тыйым салынған ережелерді жазады.
Оқулық, дәптер

https://www.youtube.com/watch?v=5CHceodbc98

Қалыптастырушы бағалау жиынтығы

5 сынып

https://www.youtube.com/watch?v=cjdbUFFhT78

постер

https://www.youtube.com/watch?v=_lx7d4eIkVE

маркерлер,

плакаттар,

стикерлер

Оқулық,

Үлестірме қағаздар,

стикерлер

Кері байланыс

(2 мин)

Осы сұрақтарға жауап беру үшін «ыстық орындық» ойыны арқылы жүзеге асады

Тақырып бойынша 1 оқушы ортаға шығады.Қалғандары сұрақ қойып,пікірлерін айтады.Топ оқушыны бағалайды,бағдаршам арқылы.

Жасыл сигнал: жақсы түсіндірді;

Сары сигнал: жартылай түсіндірді, бірақ тағы жұмыс істеуі қажет;

Қызыл сигнал:түсіндіре алмады, көмек қажет.

Рефлексия «Алма ағашы» стикерлерді қолданып

Жасыл түс: жақсы түсіндім.

Сары түс: жартылай түсіндім, бірақ тағы жұмыс істеуі қажет;

Қызыл түс: түсіне алмадым, көмек қажет.

Үй тапсырмасы Техника қауіпсіздік ережелерін жаттау
Бағалау критерийі

Компьютердің қауіпсіздігі туралы біледі.

Кабинеттегі ережелер мен талаптарды түсінеді.

Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қолдана біледі.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу салдарын талдай алады.

Төтенше жағдай кезінде алғаш жәрдем көрсету әрекеттерін жаза біледі

Дескриптор

-компьютердің қауіпсіздігі туралы біледі.

-кабинеттегі ережелер мен талаптарды түсінеді.

-компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қолданады.

-компьютер алдында тамақтанудың салдарларын

түсіндіреді;

-компьютер алдында дұрыс отырмау салдарларын

түсіндіреді;

– компьютердің электр өткізгіш құралдарын ұстау

салдарларын түсінідіреді;

– компьютерде жұмыс істеу уақытын сақтамау салдарларын

түсіндіреді.

-қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу салдарын талдайды.

-төтенше жағдай кезінде алғаш жәрдем көрсету әрекеттерін жазады

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Бағалау –Сіз оқушылардың Материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Оқушының жеке қабілеттерін ескере отырып, кесте толтыру, жеке, топтық тапсырмаларды орындайды. «Стоп кадр» әдісі,

Фигуралар, «Екі жұлдыз, бір тілек»

Кері байланыс арқылы, «Бағдаршам» әдісі,

Өзін-өзі бағалау.

Көзге арналған сергіту жаттығулар.

Оқушылардың компьютер алдында дұрыс отыруын қадағалау.

Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше