Киіз басуды жаңғырту арқылы оқушыларды шығарма шылыққа баулу»

ОҚО, Шымкент қаласы

№72 жалпы орта мектеп

Алтынбайқызы Гулпаш

Технология пәнінің мұғалімі

Киіз басуды жаңғырту арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу»

Халқымызды дәстрүрлерітұрмысында киіз бұйымдардын жасау жетекші орын алды .Берекелі ,салмағы жеңіл,фактурасы жұмсақ және жағымды ,ауа өткізетін және жылу ұстайтын қасиеттері бар материал болып табылатын киізді түрлі бұйым жасауда басқа ештеңе алмастыра алмайтын .Киізбен киіз үй сүйегін сыртынани айналдыра жабады.

Киіз басу-ұжымдық үдеріс, бұған әдетте көрші әйелдер мен қыз келіншектер шақырылған.Күллі еңбек үдерісі ән салумен ,әзіл айтумен, рәсімдік әрекеттер жасаумен астасып жататын болған.Киіз басу үшін қой жүнін таңдап алады,негізінен күзем жүн алынады.Қазақ қойларының Еділбай және Қарғалы тұқымдарынан қырқылған жүн құнды болып табылады.Қазіргі кезде киіз бұйымдары нағыз қауырт өркендеу үстінде.

Бұл икемді және классикалық қасиеті бар материал іс жүзінде бүкіл әлемге танымал.Қазіргі шеберлер бұйым жасауда өте кең ауқымды киізді пайдаланады.Ол жиһазбен интерьер заттарынан ,пуфиктер мен орындықтарды сәнді кілемшелерінен ,перделер мен жастықтардан,үстелге қойылатын сәнді жаймалар мен мата салфеткаларға арналған сақиналардан,ыстық жұмыртқаларға арналған қорапшалардан және жылытқыштардың қаптамаларынан,шамдардың абажуларынан және перделердің безендірмелерінен,сәнді панно мен еденге төсейтін кілемдерден тиісті орын алған.Бұл тамаша материалды модельерлер де өз назарынан тыс қалдырмаған.Олар қазіргі заманға әр түрлі технологияларды пайдалана отырып,сан түрлі фактуралар мен маталарды –жібек,мақта,кендір,тоқыма заттарды үйлестіре отырып ,нағыз өнер жауһарларын жасап жүр.Киімге арналған киіз бижутериямен аксессуарларды да кездестіруге болады.Олардың ішінде –моншақ,сәнді түйме,шаш қыстырғыш,бөкебай мен білезіктер,белдіктер мен сөмкелер,әмияндар мен ұялы телефондарға арналған қаптамалар,жеңіл аяқ киім,тіпті етіктер,бөріктер мен береттер ,косметика қалталары мен құжаттар үшін мұқабалар,бизнес-папка мен пеналдар бар.Қол өнершілер сый етіп тартуға ыңғайлы өнімдерді ,шыршаны безендіретін ойыншықтарды ықыластана жасайды.Бұларға мысалды көптеп келтіре беруге болады.

Қазіргі заманғы технологиялар киізді жылдың кез келген уағында , шағын орында және аз ғана шығын шығарып жасауға мүмкіндік береді.Киіз бұйымдар дайындау тіпті балалардың да қолынан келеді,тек оған белгілі бір машықпен төзім керек.

Киіз жасаудың дымқыл және құрғақ әдістері деп аталатын жолдарының бірнеше техникалық тәсілі бар.Бірінші әдіс,атынан көрініп тұрғандай,суды және киіз басу үдерісін жылдамдататын құралдарды қажет етеді.Оның сабын немесе «Турбо » тәрізді арнайы жуғыш құрал болуы ықтимал .Екінші әдіс соңғы кезде пайда болды.Ол жазық заттарды да ,жұмыр көлемі бар заттарды да жасауға мүмкіндік береді.Онда арнайы инелер қолданылады.Бірімен –бірін үйлестіре қолданғанда ,олар шығармашылық үшін шектеусіз мүмкіндік туғызады.

Қажетті материалдар:

  • Жүн(нақты жасалмақ затқа байланысты меринос ,қылшық жүнді немесе биязы жүнді флис)
  • Сұйық балалар сабын,ы 1 л ыстық суға сұйық сабынның 1 ас қасығын қосу есебінен .Сабын нейтрал РН болғаны жақсы
  • Қалың клеенканы төселген,қалың клеенка үстелдің бетің бүлдіріп алмау үшін керек
  • Синтетикалық полотно тюль,тор,копрон немесе тығыз қағаз-мақта,бұлар сулы жүн қодға жабыспау үщін қажет
  • Түбінде ұсақ тесіктері бар кез келген тостаған немесе су шаушуға арналған щетканы пайдалануға болдады
  • Суға арналған тостақ
  • Сұйықты жақсы сіңіріп алатын түңкті немесе басқалай қағаз-мақта полотно
  • Артық суды сорғытуға арналған губка

Инелер техникасы

Жазыған жүнді арнайы инелердің көмегімен тығыздау-киізді құрғақ ьасу деп аталады.Жұмыр детальдарды әзірлеу кезінде бұл техника жабыстыруды еске алады сондай-ақ ,құрғақ басуды кейде фильцнаделдеу деп атайды.Бұл жүнді алдын ала тығыздауды білдіретін неміс сөзінен шыққан (filz-жүн,nadel-ине).Ағылшын нұсқасында бұл техника needle felting деп аталады.Бұл жағдайда басу үдісі тұла бойында кертпелері (кертіктер)бар инелер арқылы жүреді.Бұл кертіктер жүн ішінен өткенде,жүн талшықтарын іліп әкетіп,араластырады,түрлі қабаттағы жүнді матастырып кіріктіреді.Иненің сұлбасы әдетте үшбұрыш болып келеді.Инелер неше түрлі болады-жуадығы,ұзындығы мен белгіленуі әр түрлі:32,36,38,40,42 мөлшер (халықаралық классификация);ірі,орташа және жіңішке немесе А,В,С,D.

Қабатталған шикізатты көктей тесіп өтетін ең жуан инені пайдалана отырып ,өңдеуді бастайды.Содан соң жұмысымызды мұқият ,ұқыппен жалғастыру үшін орташа немесе жіңішке инені алуға болады

Инелерге арналған арнайы сұғындырмаларда болады.Үдерісті жылдамдату үшін 3-10 инеге дейін орнатылатын сұғындырмаларды пайдалануға болады.

Инелер өте өткір және морд сынғыш болып келеді,сондықтан зор ұқыптылық талап етеді.Үдеріс айақталғанг

Етеді,үдеріс аяқталған соң инелерді арнайы қаптамаларда сақтау керек немесе пороломға шаншып қою қажет.

Бұл әдістің артықшылығы;

  • Суреттің шекарасын айқын етіп салуға мүмкіндік береді;
  • Бұйымды жұмыс барысында түрлі детальдармен толықтыруға болады;
  • Түрлі тәсілдің бірнеше түрін пайдалануға және әр түрлі материалдарды араластыруға болады;
  • Тура жасалмаған суретті түзетуге немесе салынған суретті мүлдем алып тастауға болады.

Жүннің түрлі түстерін айқын жіктен шекарасын дәл ажыратуға болады;

  • Көлемдік детальдарды және тіпті мүсін жасауға болады .
  • Суретке тоқыма жіп пен матаны енгізуге болады;
  • Киізбен ұсақ бұйымдар жасауға болады;
  • Ою-өрнекті оңай салуға болады

Осындай артықшылықтардың арқасында инелер арқылы киіз бұйым жасау бүкіл дүние жүзіне таралып отыр

Инелермен жұмыс істеудің иек кейбір тәсілдері ғана қарастырылады.Суретті бедерлеу үшін алдымен киіздің негізін дайындап алу керек.Бұл үшін пороломға бірнеше қабат жүнді біріне-бірін айқастыра ,перпендикуляр бағытпен саламыз.Жазық жуннің бетін тегістеп тығыздау үшін оны инелермен өңдейміз.Инені жазыққа тік сұғуға тырысамыз.Жүн қабаттарын инелердің көмегімегімен өңдеген соң,айналдырып басу кезінде ол киізді дәстүрлі әдіспен дайындағаннан гөрі азырақ шөгеді.

Көлемдік детальдарды инемен тік шанышпай,детальді майыстырып алмас үшін инені көлбеу ,тіпті көлденеңдеу ұстап ,өте абайлап бекіту керек

Егер сурет екі түрлі түске боялған жүннен салынып ,олардың бір-біріне бірітіндеп ,жатық аусуын қамтамасыз ету қажет болса,онда керек түстерді бір-біріне қатар салады.Сосын сол түстес жүндерден бірдей мөлшерде алыр,өз ара жақсылап араластырылады.Мұны киізге арналған щеткалар жәрдемімен жасаған жақсы.Немесе мұқият тарап,талшықтарға бөлу керек те,барлық талшықтарды бір жаққа бағыттап біріне-бірін араластыру қажет.Екі тустің шекарасынна mix жүннің жұқа қабатын салу керек.Барлық талшықтардың бір бағытта жатқаны дұрыс.Бұл қабатты өте абайлап бекіту керек.Талшықтардың бағыттын өзгерттіп алмас үшын инені көлбей мейлінше көлденең қадаған жөн.Киізді мұндай әдіспен дайындау принципі мынады сіз инені бұйымға неғүрлым көп сұққан сайын,киіз соғырлым тығызырақ бола түседі. Сондықтан,жүннің тығыздау кезынде шөгеттінін ескеріп,әзірлемені мөлшері жағынан біршама үлкендеу етіп алады.

Суреттің шет-шекарасын айқын етіп бедерлеу үшін жүннің сурет бойынша қажет түсін үлгі бетіне сурет шекарасынан біршама асырып салады.Сосын сурет сұлбасын ұқыппен,тәптіштеп,инемен жиі-жиі шабақтайды.Одан кейін инемен шабдақталған сызықпен жүн ішке қарай бүктеледі де,инемен бекітіліп қойылады.

Егер киіздің неғұрлым тығызырақ болғанын қаласаңыз,оны одан әрі»ылғал әдіспен» басуыңызға болады.Сурет салынып,шикізат инемен өңделгеннен кейін,киізді тормен жауып,қолымен ақырын сипалау қажет.Осылайша талшықтар арасындағы ауаны қысып шығарамыз және полотноны аздап тығыздаймыз.Содан соң оған кеуекпен сорғысып сүртіп тастайды|.Өйткені артық сабын киіздің тұтасып ұстасуына мүмкіндік бермейді.Полотноны қолмен айналдыра сипалауды жоғарғы қабаттың талшықтары бір-біріне кірігіп кеткенше,қайтып тікірмейтін орап,одан әрі рулонды әдеттегідей тәсілмен айналдырып баса беруге болады.

Суретке мата фрагменттерін енгізу қажет болған жағдайда иненің мөлшерін дұрыс таңдап алу керек.Ол матаның фактурасы мен қалыңдығына сәйкес, матаны бүлдіріп алмайтындай болуға тиіс.Мата неғұрлым нәзік болса, иненің де соғұрлым жіңішкесін алған жөн.

Оң-өрнекке немесе суретке ерекше әсерлі сипат беру үшін оның нобайын иірілген жіп жақсы.Түкті иірме жіппен өте жақсы жұмыс істеуге болады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше