Жануарлар – тірі ағзалар

Сабақ:

Жануарлар – тірі ағзалар

Мектеп: «№1 М. Горький атындағы мектеп- гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жетісай қаласы
Күні: 23.10.2017ж Мұғалімнің аты жөні:Борашева Динара Кутттибековна
Сынып: 1 «Г» Қатысқандар:28 Қатыспағандар: 1
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.2.2.1 Жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Барлық оқушылар орындай алады:

Жануарлардың, өсімдіктердің неліктен тірі ағзаға жататынын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Өсімдіктер мен жануарларды салыстыра алады. Сипаттай алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Ауладан қандай жануар көруге болатыны анықтайды. Олардың айырмашылықтарын ажырата біледі.
Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады: Жануарлардың түрлерін, қоректенуін, қозғалуын, қалай көбейетіндігін түсінеді.
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: жануарлар, қоректену, қозғалу, көбею
Сыныптағы диалог (жазылым үшін) сай келеді:
Талқылауға арналған сұрақтар:

1Жануарлар қайда тіршілік етеді?

2 Қоректену сөзі адамға қатысты айтылады ма?

3 Қозғалу қай тіршілік иелеріне тән ?

4 Көбею сөзін калай түсінесің?

Бағалау критерилері Жануарлар мен өсімдіктерді салыстырады, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
Құндылықтар Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.
Пән аралық байланыс Көркем еңбек, сауат ашу, математика
Алдыңғы оқу: Жануарларды таниды.
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
3 минут Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Біз бақытты балдырған

Достығымыз жарасқан.

Жаратылыстану еліне

Батыл қадам жасаған.

Сыныпты топтарға біріктіру.

1-ден, 3-ке санап 3 топқа бөлінеді. Топтың атын анықтау үшін әріптері бар қима қағаздар тарқатылады, қима қағаздарды реттік санымен қойғанда топтың аты белгілі болады.

Әріптер жазылған, нөмірленген қима қағаздар
Ортасы

2минут

Жаңа сабақты ашу, мақсатымен таныстыру.

Кіріспе

«Қане бастайық» Суретпен жұмыс.

Әртүрлі жануарлармен өсімдіктермен танысып, олардың ерекшеліктерін білетін болады.

Оқулық 21 бет
3 минут «Ойланып көр» тапсырмасы

I топ: Жыл мезгілдерінің ауысуы

жануарлар тіршілігіне қалай әсер

етеді?

II топ: Жануарлардың қандай пайдасы бар?

III топ: Сен жануарларға қандай қамқорлық жасар едің?

Оқулық

Интербелсенді тақта

2минут Дәптермен жұмыс

Топтар өз топтарымен бірлесіп жұмыс атқарады.

«Жануалар мен өсімдіктер» тапсырмасы.

Суреттерге қара.Тек жануарларды таңда және боя. Сен неше суретті боядың? Бос торкөзге санмен көрсет.

10-жұмыс парағы
Мақсат: Жануарлар, өсімдіктер түрімен танысып, ерекшеліктерін білу

Жануарлардың жыл мезгілдеріне байланысты тіршілігін, пайдасын, қандай қамқорлық қажет ететіндігін білу.

Дискриптор Жануарлар түрлерін таниды, ерекшеліктерін біледі.

Жануарлар тіршілігін, пайдасын, қамқорлық қажеттігін біледі.

2минут Оқулықпен жұмыс

«Сен» бөлімінің мазмұнымен таныстыру.

«Біз бүгін нені білеміз, нені түсінеміз»

Жануарлар тірі ағзаларға жататынын түсінеміз;

Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын білетін боламыз.

Оқулық
3 минут «Ойлан, тап» тапсырмасы

Топтық жұмыс. Суретпен жұмыс.

I топ: Фотосуреттерге қара.

Топтарға бөл. Қандай топтар шықты?

II топ: Өсімдіктер мен жануарларды салыстыр.

Суретке қарап, өсімдіктер мен жануарлардың үш ұқсастығын анықта.

III топ: Суреттерді сипатта.

Мысық не істеп жатыр? Мысық пен гүлдің айырмашылығы неде?

Оқулық

Суреттер

Интербелсенді тақта

2минут Дәптермен жұмыс

«Шатасқан буындар» Сөйлемді толықтыру

Құрастырылған сөздердің мағынасын, неліктен топтың атымен байланысын түсіндіру.

11-жұмыс парағы
Мақсат: Жануарлар мен өсімдіктерді ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату және сипаттау.
Дискриптор Жануарлар мен өсімдіктерді ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата алады және сипаттай біледі.
Сергіту сәті

2 минут

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Шеңбер бойында
3минут «Зерттейік» Топтық жұмыс

Ауладан қандай жануарларды көруге болады?

Видео ролик
3минут Дәптермен жұмыс

Мысықтың қалай өсетінін анықтау. Суретке қарап ретімен орналастыр.

11-жұмыс парағы
3минут «Ойлан»

Жануарлар бір жерден екінші жерге қозғалады. Ал өсімдіктерге осындай қозғалыс қажет пе?

Әр топ бірлесіп жауап береді
2минут Есіңде сақта!»

Жануарлар- бұл тірі ағзалар. Олар тыныс алады, өседі, қозғалады, қоректенеді және көбейеді.

Интербелсенді тақта
Мақсат: Ауладан қандай жануарларды кездестіруге болатынын анықтау.

Жануарлар мен өсімдіктердің тірі ағза екеніне көз жеткізу.

Өсімдіктерге қозғалыстың қажеттілігін анықтау.

Дискриптор Ауладан қандай жануарларды кездестіруге болатынын анықтайды және біледі.

Жануарлар мен өсімдіктердің тірі ағза екенін түсінеді.

Өсімдіктерге қозғалыстың қажеттілігін анықтайды

Соңы

4минут

Бүгінгі сабақтан нені білдік? Нені үйрендік?

Топтық жұмыс

Ой толғаныс

«Венн» диаграммасы арқылы жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастықтарымен, айырмашылықтарын ажырату.

«Венн» диаграммасы сызылған А3 парақшасы
Қосымша мәліметтер:
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлаймыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? 1 «Жануарлар мен өсімдіктер» тапсырмасы

Мақсат: Жануарлар, өсімдіктер түрімен танысып, ерекшеліктерін білу. Жануарлардың жыл мезгілдеріне байланысты тіршілігін, пайдасын, қандай қамқорлық қажет ететіндігін білу.

2. «Ойлан, тап» тапсырмасы

Мақсат: Жануарлар мен өсімдіктерді ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату және сипаттау.

3. «Зерттейік» тапсырмалары

Мақсат: Ауладан қандай жануарларды кездестіруге болатынын анықтау.

Жануарлар мен өсімдіктердің тірі ағза екеніне көз жеткізу.

Өсімдіктерге қозғалыстың қажеттілігін анықтау

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Критериалды бағалау

Қалыптастырушы бағалау түрі

«Бағдаршам» әдісі

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік. Қаламсап пен қалам пайдаланғанда сақ бол!

Ноутбукты, интербелсенді тақтаны пайдаланғанда ток көздеріне абай бол!

Рефлексия Жануарлар мен өсімдіктерді салыстырды.

Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше