Қазақстанның топырақ түрлері

Алматы облысы «Ескелді ауданы әкімдігінің Қаратал орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

география пәнінің мұғалімі Бекбаева Маржан Катенқызы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Күні: 17.01.

Сынып: 7 «А»

Мектеп: «Ескелді ауданы әкімдігінің Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Бекбаева М.К.

Қатысқандар: 24 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның топырақ түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес). 7.3.4.3 Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын анықтайды
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:

Қазақстандағы топырақ түрлерінің таралуын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Топырақ түрлерін ажырата алады, топырақтың қолданылуы мен қорғау жолдарын сипаттайды.

Кейбір оқушылар:

Топырақ түрлерінің су өткізгіштік қасиетін анықтау арқылы қандай топырақта өсімдік өсуге қолайлылығын ажыратады.

Бағалау критерийі Қазақстанда кездесетін топырақ түрлерін айтады.

Топырақтың кездесетін аймақтарын топтастырады.

Қазақстанда топырақ түрлерінің таралу себептерін графикалық түрде сипаттайды.

Тілдік мақсаттар Оқушылар оқиды, сөйлейді, сұрақ қояды, жауап береді, жазады.

Сабаққа қатысты терминдермен жұмыс жасайды.

Топырақ – Почва – Soil

Мелиорация – Мелиоративтік – Amelioration

Гумус – Гумус – Humis

Пестицидтер – Пестициды – Pesticides

Рекультивация – Рекультивация – Recultivation

Эрозия – Эрозия – Erosion

Құндылықтарға баулу Топпен жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық қалыптасады. Табиғатты қорғауға баулу.
Пәнаралық байланыс География және биологиядан, химиядан қосымша материалдар, АКТ.
Алдыңғы білім Топырақ құрамын, түрлерін анықтап, құрылымын графикалық түрде көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Дереккөздер

Ресурстар

Сабақтың басы Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа психологиялық дайындығын тексеру. «Тілек гүлі» арқылы оқушылар бір-біріне жүрек жарды тілектерін білдіріп, топырақ түрлері бойынша 3 топқа бөлу.

1 топ – Қара топырақ

2 топ – Қара қоңыр топырақ

3 топ – Қоңыр және сұр топырақ

«Уақыт шеңбері» әдісі арқылы өткен сабаққа шолу:

1.Топырақ деген не? (жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты)
2.Жұқа топыраққа баты алғаш қай кезде пайда болған? (кембрий дәуірі, 500млн жыл бұрын )
3.Топырақтану ғылымының негізін кім қалады? (В.В.Докучаев)
4.Топырақ құрайтын факторларды ата? (су, ауа, өсімдік, тіріағзалар, жылу)
5.Шұбалшындар топырақты қалай өңдейді? (Асқазан шырынымен шылап,өңдейді)
6.Құнарлы топырақ қандай топырақ? (құрамынд ақарашірігі басым)
7.Топырақтың қарашірігі қалай пайда болады? (ағзалар қышқылдар бөледі, қышқылдар тау жыныстарын ерітуі әсерінен шірінді пайда болады)
8.Өз өлкеңнің топырағы жайлы не білесіңдер? (оқушылар пікірлерін ортаға салады?)
9.Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады? (ірі және ұсақ минералдар жиынтығы)
10.Құрылымды топырақ қандай топырақ? (ауа, су оңай өтетін кесек (10мм) топырақ)

Оқушылар амандасады.

Интерактивті тақта, «Тілек гүлі» арқылы 3топқа бөлінеді.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, география оқулығы.

«Уақыт шеңбері» әдісі

Сабақтың ортасы «Ой қозғау» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашу

(Жаңа сабаққа көшуде біз өткен сабақта топырақтармен таныссақ, бүгін топырақтың түрлерімен танысамыз)

Бейнематериалды көрсету. Өзен жағасындағы табиғатқа, үлкен гранит тастарға, өзен жағалауындағы құмға, сазға, жарқабаққа көңіл аудару.http://www.bilimland.kz
Тұжырым:
Бұл жерде еш нәрсе өсіп тұрған жоқ. Өйткені, гранит, құм, саз, тау жыныстары. Таза тау жыныстарына ешқандай өсімдік өспейді.
Өзеннің жоғарғы бетінен не көрдіңдер? (Ағаштар, шөптер, гүлдер т.б.)
– Бұл жерде өсімдіктің өсуі неге байланысты?
Бұл жерде өсімдіктің өсуі топырақтың болуына байланысты.

І. «Кластер» әдісі арқылы жеке жұмыс орындайды (Ж)

Берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орында:

  1. Топырақ дегеніміз не?
  2. Топырақ түзуші факторларды сызбаға толтыр
  1. Сипаттама арқылы топырақтың түрін анықта және механикалық құрамын толықтыр

/Бұл топырақ орманды дала және дала зоналарында кең таралған. Көп жылдық шөпті өсімдіктер астында, борпылдақ жыныстарда түзілген және аса құнарлы топырақ деп саналады/.

  • Топырақ түрі
  • Механикалық құрамы
  1. Құрылымы жоқ топырақтың құнарсыз болу себептерін түсіндір.

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісімен жүргізіледі

Өте жақсы – барлығын түсіндім

Жақсы – енді түсініп келемін

Орташа – түсінбедім

ІІ. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі (ЖЖ)

Берілген суретке қарап, топырақ қабаттарын анықтап, ерекшеліктерін жазыңдар?

Топырақ қабаттары Ерекшеліктері

Кері байланыс: «Алақан» әдісімен жүргізіледі

Оқушылар «Алақанға» кері байланыс жазады.

Бас бармақ – керемет әрі қызықты болды!

Екінші бармақ – осыған көңіл бөлу керек.

Ортаңғы бармақ– маған ұнаған жоқ.

Төртінші бармақ – бұл жерде орташа

Кішкентай бармақ– маған жеткіліксіз болды…

ІІІ. Картамен жұмыс (Т)

Қазақстанның физикалық картасы

  1. Картада көрсетілген табиғат зонасын табыңдар?
  1. Карта арқылы осы табиғат зонасындағы топырақ түрін анықтаңдар?
  2. Осы табиғат зонасында кездесетін топырақтың құнарлылығы жоғары. Себебін түсіндіріңдер?
  3. Осы табиғат зонасынан солтүстікке қарай топырақ гумусының жоғары неге байланысты екендігін түсіндіріңдер?

Кері байланыс: «Смайликтер» арқылы бағалау

Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор
Топырақ құрамын түрлерін ажыратады 1 Топырақ анықтамасын береді, сипаттама арқылы топырақтың түрін, механикалық құрамын анықтайды
Топырақ құрылымын графикалық түрде бейнелейді 2 Суреттегі топырақ қабатынның
атауын, ерекшелігін жазады;
Қазақстанда топырақ түрлерінің таралу себептерін дәлелдейді 3 Карта арқылы көрсетілген табиғатзонасын, түрін анықтайды және құнарлылығының әр
түрлі болуының себебін және топырақ гумусының арту себебінтүсіндіреді.
Бейнематериал

Жеке тапсырманы орындайды, сызба толтырады

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі

Жұптасып тапсырмалар орындайды

Кері байланыс: «Алақан» әдісі

Картамен жұмыс жасайды

Бағалау критерийі дескриптор

Сабақ соңы «5 жолды өлең стратегиясы» бойынша тақырыпты қорыту.

1. Не? Топырақ.

2. Қандай? Қара, бозғыл, құнарлы, борпылдақ.

3. Не істейді? Өседі, салынады, түзіледі.

4. Сөйлем Құнарлы топырақ табиғатқа қажет.

Тұзды топырақта өсімдік аз өседі.

5.Синоним Қарашірік.

5 жолды өлең құрап, қорытынды жасайды
Бағалау Оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек!» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты стикерлерге жазып көрсетеді.

Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді. Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.

«Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс
Үйге тапсырма § 35 – 36 оқу. Топырақты зерттеген В.В.Докучаевтың еңбегі туралы шығармашылық жұмыс, кескін картаға Қазақстанның топырағын түсіру. Күнделікке жазып алады
Саралау

Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу арқылы.

Әр оқушының қабілетіне қарай топырақ түрлерін танып білу, салыстыру тапсырмаларын ұйымдастырамын

Бағалау

Өзін-өзі, топты бағалау арқылы

Түсіну, теориялық білімді қолдану

Оқушылар бағаланып, кері байланыс жүзеге асырылды

Пәнаралық байланыстар

География және биологиядан қосымша материалдар, АКТ. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Сабақ бойынша рефлекция Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
  • Оқушылар Қазақстандағы топырақ түрлерінің таралуы туралы білді, түсінді.

Топырақтың түрлерін ажыратып, қолдануды үйренді;

  • Топырақ түрлерін және терминдерді үш тілде айтып үйренді;
  • Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың білімдері тексерілді;
  • Сабақ жоғары деңгейде өтті;
  • Уақытты тиімді пайдалана білдім.
Қорытынды бағалау

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше