1986 ж. Желтоқсан оқиғасы

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы № 8 Жалпы орта білім

беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі, тарих магистрі

Жубаева Акнур Онаевна

Сыныбы: 9 «ә» пәні: қазақстан тарихы
Тақырып 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы
Мақсаты
  • Қазақстандағы 1986 ж Желтоқсан оқиғаларының себептері,салдары туралы түсінік беру;
  • Желтоқсан оқиғасының қазақ халқының шынайы ұлттық санасының оянуы мен тәуелсіздікке қол жеткізудегі тарихи рөлін көрсету. Желтоқсан құрбандарын еске ала отырып,халық бостандығы мен елдігі үшін күрескен сол үшін құрбан болған ағалар ерлігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
  • Желтоқсан оқиғасының қазақ халқы тарихында бұдан бұрын ұлт-азаттық көтерілістермен сабақтастық байланысын және алып империя Кеңес Одағының күйреуіне тигізген ықпалын түсіндіру;
Кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ресурс

тар

Ұйымдастыру А) оқушылармен амандасу

Б) сабақ қатысымын тексеру

В) топқа бөлу(психологиялық тренинг «Сәлемдесу»)

Сәлемдесу

Өз тобын табу

І топ. «Жас тұлпар»
ІІ топ «Қазақ халқын қорғаушылар одағы»
ІІІ топ «Жас ұлан»
ІV топ «Сары Арқа»

Үй тапсырмасын сұрау «Лездеме сұрақтар» арқылы Экологиялық проблемалар тақырыбын сұрау Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып өздеріне ұпай жинайды оқулық
«ой шақыру» 1. тәуелсіздік дегеніміз не?

2. ұлт-азаттық көтеріліс деп?

3. Желтоқсан оқиғасы дегеніміз не?

Оқушылар сұрақ бойынша ой қорытынды айтады
Жаңа тақырыпты түсіндіру Нені меңгеру керек:
1. Бетбұрыс алдында қалыптасқан жағдайлар.
2. Демократияшыл жастар қозғалысының себептері мен басталуы.
3. Желтоқсан оқиғасының сипаты.
4. Жаппай жазалау.
5. Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы.
Мәтінмен жұмыс оқулықдәптер
Мағынаны тану
Топтық жұмыс

Постер қорғау

«алты қалпақ» әдісі

«Ғылыми зерттеулерге жол ашық»

І топ. Желтоқсан қозғалысының себептерін сарала (сызба)

ІІ топ Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын 1916ж. Ұлт-азаттық көтерілістің тарихи Маңызымен салыстыр (Венн диаграммасы)

ІІІ топ 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған оқиғаны әңгімелеп, үзінді келтіру. Бұрқасын-86 операциясын түсіндір

ІV топ. Желтоқсан оқиғасының мазмұнын сатымен көрсет.

Тарихи тұлғаны таны

І топқа сұрақ. Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырылсын және жазаның ең ауыр түрі өлім жазасына кесілсін деп кімге айып тағылды?

ІІ топқа сұрақ. 1990 ж бейбітшілік қорғау ісі жөніндегі халықаралық Нобель сыйлығының иегері, Ресей федерациясының президенттігіне үміткер болып,сайлауға өз кандидатурасын ұсынған кім?

ІІІ топқа сұрақ. 40 жылдан астам Қазақстан өкіметінің,Республика партия ұйымының басшылығында болып,КОКП ОК саяси бюро мүшелігіне дейін көтерілген кім?

ІV топқа сұрақ. КОКП-ның Ульяновск обкомының 1-ші хатшысы болып істеген, республикада еңбек етпеген, халыққа мүлдем бейтаныс кім еді?

Даталармен жұмыс

І топ. 22.09.1989 жыл
ІІ топ. 25.10.1990 жыл
ІяІІ топ. 10.12.1991 жыл
ІV топ. 16.12.1991жыл

Берілген тапсырма бойынша бірлесіп жұмыс жасап, постер қорғау

Оқушылар алған білімін нақтылау мақсатында тапсырманы ашып орындайды

Оқушылар берілген жыл бойынша болған оқиғаны тауып, оны қалпақ бойынша қорытындылайды

Оқулық, дәптер, плакат, бояулар
қорытындылау
Рефлексия

«екі жұлдыз, бір тілек»

бүгінгі сабақтан не білгендігін, не үйренгендігін, тілегін жазғызу. бүгінгі сабақтан не білгендігін, не үйренгендігін, тілегін жазады. Дәптер
Бағалау 3 шапалақ
Үйге тапсырма беру Мен елімнің болашағын қалай елестете аламын? Эссе жазып келу.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше