Менің сүйіп тыңдайтын әндерім

Алматы облысы, Қарасай ауданы , «Береке орта мектебі» ММ-інің

бастауыш сынып мұғалімі – Жубаева Акмарал Калжановна

Пән: Әдебиеттік оқу Мектеп: «Береке орта мектебі» КММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні :Жубаева Акмарал Калжановна
Сынып: 2 «Ә» Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны:0
Бөлім Өзім туралы
№4 сабақтың тақырыбы Менің сүйіп тыңдайтын әндерім
Сабақтың оқыту мақсаттары 2.2.1.1. Мәтінді дауыстап, дұрыс әрі түсініп оқу /рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу
Күтілетін нәтиже Оқушылардың бәрі: мәтінді оқиды, мазмұнын түсінеді, бағалауға қатысады
Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты болжайды, өлеңді мәнеріне келтіріп оқиды.
Кейбір оқушылар: Біржанның өмірінен қосмыша мәліметтер келтіреді.
Өткен сабақтардан алған білім Кітап оқи аламын

Жоспар

Уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту:

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Үй жұмысын сұрау. Алда қандай кітаптар оқығысы келетіндері жайлы.

Ой сергек: «Сәлемдесу» ойыны

Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен.. қолмен… иықпен… құлақпен … тіземен… иекпен… өкшемен ….. арқамен.

Стикерлер
Сабақтың ортасы

30-35 минут

Мағынаны ажырату

Ой қозғау

Мақал-мәтелдерді түсініп оқы. Жаттап ал.

*Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

*Саусақ бірікпей,

Ине ілікпейді.

Тақырыпты болжау

Тақтаға адасқан сөздер ілінеді. Оушылар сол сөздерді дұрыс орналастырып, тақырыпты табады. (менің сүйіп тыңдайтын әндерім)

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Масатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып, жетістік критерийін анықтау.

Сұрақ. «Жасырын сөз» ойыны. Осы мақал-мәтелдердегі сөздерден құралған қандай сөз болуы мүмкін?

БІРЛІГІ ,,,, ЖОҚ ,, ,,ТОЗАДЫ,, Н САУСАҚ ,,,, ,ЕЛ

Сал – сәнді киініп, ерекшеленіп жүретін сері әнші

Оқылым.

Сәкен Сейфуллин. Біржан.

Тапсырма. Біржан сал туралы өлеңді түсініп әрі мәнерлеп оқы.

Жетістік китерийі: өлеңді түсінген, мәнеріне келтіріп оқи алады.

Бағалау: ЖК бойынша бағалау.

Жазылым. Кестені оқып, салыстырып, сұрақтарға жауап беріп көр.

Айтылым.

Топтық жұмыс.

Тапсырма .

Кестені пайдаланып, автор туралы әңгімеле . Біржан салдың әншілігі туралы өлеңде не айтылған? Дауысының зор екендігі туралы ше? Біржан есіміне сал сөзі неліктен тіркесіп айтылады?

Бағалау: Бас бармақ көрсету арқылы бағалау.

Жұптық жұмыс .

Оқулықтағы №5 тапсырма.

Дәптерге жазған сұрақтарыңды бір-біріңе қойыңдар.

Бағалау: Бас бармақ көрсету арқылы.

Ойтолғаныс

Жеке жұмыс.

Біржан әндерін тыңдап көріп пе едің? Тағы қандай індерді тыңдайсың? Әңгімелеп жаз.

Ү л г і : Мен «….» әнін сүйіп тыңдаймын. Оны ….айтады. Маған ос әншінің …. ұнайды.

Бағалау: Қол соғу арқылы бағалайды.

Сәкен Сейфуллин

(1894 – 1938)

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы: өлеңді мәнерлеп оқуға дағдылан.

Кері байланыс . Ауызша. Сабақтың жетістік критерийін еске түсіріп, бүгінгі сабақтың мақсатына жеткен, жетпегендері туралы айтады. (барлық сабақтарда осылай қайталанып отырады)

Рефлексиялық шеңбер.

Мұғалім оқушыларға рефлексияны жасайтын мынандай сұрақтар қояды:

  • Сабақ барысындағы көңіл күйіңіз қандай болды? Неліктен?
  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?
  • Сабақ аяғындағы көңіл күйіңіз қандай болды? Неліктен?

Қосымша мағлұматтар

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсрыма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережеері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

А,А+ мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырып, ақын сөздерін пайдаланып, көркем сөйлейді. Жетістік критерийлері арқылы Құндылықтарды дарыту: ынтымақтастық , құрмет.

Пәнаралық байланыс : қазақ тілі , сурет, өнер.

АКТ-ны қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.

Тәрбиелік мәні: жақсылыққа жақын, жамандықтан аулақ болуға тәрбиелеу.

Ойлану

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстамдым бая? Мен жоспарыма қандай өзгерістер нгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімдіосы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап берңіз.
Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз ( сабақ беру және оқытуға қатысты):

1………………………………………………………………………………………………………………………

2………………………………………………………………………………………………………………………

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді ( сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1………………………………………………………………………………………………………………………

2………………………………………………………………………………………………………………………

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы мені келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

………………………………………………………………………………………………………………………………………..

………………………………………………………………………………………………………………………………………..

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше