«Еліміздің болашағы-білімді жастар» Тарихи-таны мдық сайыс
ОҚО, Шардара ауданы “Жаушықұм” ауылы “Жаушықұм” мектеп-лицейі тарих пәнінің мұғалімі Райқұлова Ақмарал
«Еліміздің болашағы-білімді жастар»
Тарихи-танымдық сайыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тарихи-танымдық білімдерін шыңдау. Отанымыздың басынан кешкен тарихи оқиғаларды, сан-жылдар бойы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғаларымыз туралы алған білімдерін пысықтап, қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылығы: Интеллектуалдық білімдерін шыңдау. Шапшаңдық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу, ұлттық сана, рухани қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Слайд, ережелер, карталар мен суреттер.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпты түгелдеу. Сынып оқушыларының сабаққа түгел қатысуын қадағалау.Сыныпты топқа бөлу.
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты деме сен,
Білімді болсаң жығарсың дегендей бүгінгі «Еліміздің болашағы-білімді жастар» атты тарихи танымдық сайысымызды бастайық.
Бұл білім сайысына 6 сынып оқушыларынан құралған 2 топ қатысқалы отыр және әділқазылар.
Сабақтың жоспары:
- Сыныпты топқа бөлу
- Ой қозғау.
- Ғасырлар сыр шертеді
- Жасырын кейіпкерлер
- Жұмбақ оқиғалар
- Полиглот
- Термин сөздер
- Тарихи ескерткіштерге саяхат
- Зымыран сұрақтары (топ басшылары)
- Қорытындылау, марапаттау.
1.Ой қозғау.
1. Көшпенділердің ерекше қасиеттерінің бірі.(Қонақжайлылық пен жеті атасын білуі)
2. Қазақтардың алғашқы наным-сенімдерін туғызған діни бастау.(Тәңірге сиыну)
3. Аттары қоса жерленген қорған.( Берел)
4. Ерекше қасиет тұту, қастерлеу ұғымы.( Мінәжат)
5. Марқұм болған адамының қасына қандай заттары қойылған.(Темір және қоладан жасалған заттар)
6. Ондаған және жүздеген обалардан тұратын ірі-ірі рулық зираттар.(Шілікті, Есіл, Бесшатыр, Жуанөбе,Сыпыраоба, Қараоба, Ұйғарақ)
2. «Ғасырлар сыр шертеді» сайысы.
«Ғасырлар сыр шертеді» сайысы жазылып берілген әр сүраққа әр топ сол ғасырларда болған оқиғаларды атауы қажет. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
«Сақтар» тобына:
1.Б.з.б. VIII ғасыр. ( Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың темірді ашу және кеңінен пайдалану)
2. Б.з.б. V-IV ғасыр.( Берел кезеңі)
3. Б.з.б. 2 мыңыншы жыл. (Қазақстанда қола дәуірінің басталған мерзімі)
4. Б.з.б. ІІІ ғасыр-б.з IV ғасыр.( Ғұндар кезеңі)
5. Б.з.б. VIII ғасыр б.з V ғасыр. (Еліміздің батыс аумағында сарматтар мекендеген)
«Ғұндар» тобына:
- Б.з.б. 3 мыңыншы жылдары. ( Металды игере бастауы)
- Б.з.б. 5 мың жылдық.( Қазақстан жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі)
- Б.з.б.ІІ ғасыр. ( Ұлы Жібек жолы қалыптытасты)
- Б.з.б. 100-13мың жыл. ( Мұздықтар ери бастаған кезең)
- Б.з.б. 12 -5 мың жыл. ( Орта тас дәуірі кезеңі)
- «Жасырын кейіпкерлер» сайысы. Бұл қай кейіпкер екенін табу. Әр дурыс жауап 1 ұпай.
«Сақтар» тобына:
- Атақ-абыройы асып, ерлігі аңызға айналған Еділ жөнінде құнды деректер келтірген. Көне заман шежірешілерінің бірі. ( Приск)
- Ежелге грек тарихшысы және географы. Б.з.б. 64 жыл – Б.з. 24 жылдары шамасында өмір сүрген. «Географияның» авторы оның кітабында Кавказбен орта Азияда ежелгі халықтар мен тайпалар туралы көптеген құнды мағлұматтар келтірген. (Страбон)
«Ғұндар» тобына:
- Грек тарихшысы Б.з.б.484-425 жылдар шамасында өмір сүрген. Цицерон оны «Тарихтың атасы» деп атаған.( Геродот)
- Қола дәуірінің жоспарлы зерттеуін 1946 жылы бастаған. Қазақтың бір туар энциклопедист ғалымы. ( Ә. Х. Марғұлан)
4.«Жұмбақ оқиғалар» сайысы. Берілген оқиғалардың атын атауы қажет. Әр дұрыс жауап 2 ұпай.
«Сақтар» тобына:
- Ғұндар бүкіл Еуразия және Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың құрамына үлкен өзгерістер әкелді. Ғұн тайпаларының батысқа қарай жылжуы басқа да ірі тайпалардың өз орнынынан қозғалуына әсерін тигізген оқиға тарихта қандай атпен белгілі. ( Халықтардың ұлы қоныс аудару кезеңі)
- Мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан келгендеріңді «істей беріңдер» деп ерлік көрсеткен оқиға. ( Шырақтың ерлігі)
«Ғұндар» тобына:
- «Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз» деп әскерін жиып, Дунхуға щабуыл жасап,оны талқандап, олардың аумағын өзіне қосып алған қандай оғиғамен байланысты. ( Ғұн державасының пайда болуы)
- Бұл шабуылдан грек әскеріне қауіп төніп, олар қырғынға ұшырай жаздады. Күннің ыстығы сақтардың жиі-жиі қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасы гректерде әбден әлсіретті.( Грек – Македон басқыншыларына қарсы Спитамен басқарған күрес)
5.«Полиглот» сайысы. Дурыс жауабын тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару.
«Сақтар» тобына:
- Қазақ халқы келген қонаққа дастархан жайып сый-сыйапат көрсетуі.(Қонақжайлылық
- 9 мамыр қандай мейрам.(Жеңіс күні
«Ғұндар» тобына:
- Әрбір іске кірісер алдында жасы үлкен адамның екі қолын жайып, оған жақсы тілек білдіруі.(Бата беру
- 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласы қандай атауға ие болды? ( Әлем қаласы
- Термин сөздер. Берілген сөздерге анықтама беру.
«Сақтар» тобы:
- Кремация дегеніміз не?(Неолит соңында пайда болған, мәйітті өртеп , қалдығын жерлеу ғұрпының бір түрі)
- Микролит сөзіне анықтама?(Ұзындығы 1-2 см болатын геометриялық пішіндегі құралдан жасалған ұсақ тастар)
- Петроглиф дегеніміз не?(Тас, жартас бетіне қашау арқылы сызып немесе ойып салынған сурет)
«Ғұндар» тобы:
- Полихромдық стилі дегеніміз не?(Безендіру кезінде бұйымға сәндік үшін түрлі түсті асыл тастар, алтын түйреуіштер жапсыру)
- Реконструкция сөзіне анықтама?( Қалпына келтіру)
- Этногенез дегеніміз не?(Әртүрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы)
- «Тарихи ескерткіштерге саяхат»
«Сақтар» тобына:
- Қ.А. Яссауи кесеңесі. (Түркістан қаласындағы ислам дінінің ғұламасы, сопы Қожа Ахмет Йассауидің басына тұрғызылған кесене. Бұл кесене 1396-1404 жылдары салынған. Орта ғасырлық сәулет өнерінің сирек кездесетін туындысы. Бұл кесене сол кездегі Орта Азия, Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған.
- Қорқыт ата кесеңесі (Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан. Шамамен 9-10 ғасырларда тұрғызылған.
- Астана қаласы.(Қазақстанның тарихи даму барысында Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары астана қызметін атқарған. 1997 жылы 10 желтоқсанынан бастап Ақмола Қазақстанның астанасы болып ресми түрде жарияланды. Ал 1998 жылы 6 мамырда Елбасы Н. Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы болып өтті.
«Ғұндар» тобына:
- Арыстан баб кесеңесі ( Көне Отырар жеріндегі сәулеь өнері ескерткіші.Бұл кесене ХІ ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің 12 –ші құрылысы 14-15 ғасырларға жатады.18 ғасырларда кайтадан жөндеуден өткен.
- Қозы Көрпеш Баян сұлу мазары (10-11 ғасырларда тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші. Шығыс Қаз обл Аягөз ауданында Таңсық ауылына таяу Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан.
- Бәйтерек монументі.(Астананың нағыз символы. Манумент ұзын темірлі құрылымдардан , керемет ұзын щардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 т асып, 500 қалқаға тіреледі.97 метрді құрайтын көрініс кешені заманауи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес , астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.
- «Топ басшылар» сайысы. Шарты: Сұрақ-жауап, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.
«Сақтар» тобына:
- Е.Зұлхарнайынның Сырдарияға дейінгі жетуі және Сақтардың оны тоқтатуы.(б.з.б 330-327 жылдар)
- Мөденің көшпелі ғұндарды біріктіру жолындағы күрес кезеңі. (Б.з.б 209-202 жж)
- Томирис патшайымының бастауымен сақ массегетерінің Кирді талқандауы.(б.з.б. 530 жыл)
- Ғұндарды Европаға жорықтары.(437ж)
- Жаңа тас дәуірі (б.з.б5-3 мың жыл)
- Есік қорғанынан табылған Алтын киімді адам.(б.з.б.5-4 ғ)
- Ботай тұрағы.(б.з.б. 3-2 мың жыл)
- Томирис патшайым өмір сүрген жылдар. (Б.з.б.570-520 жылдар)
- Полихром стилінің барынша гүлденуі.(б.з.б. ІІІ-Yғасырлар)
- Хаома сусының дайындайтын сақтар. (Хаомаварга сақтары)
«Ғұндар» тобына:
- Каталон шайқасы. ( 451ж)
- «Саналы адам» қалыптасты.(б.з.б.40-30 мың жыл)
- Бәйгетөбеден табылған.( Шілікті алтын адамы б.з.б. YIIIғ)
- Ерте палеолиттің Мустье кезеңі (б.з.б 140-40 мың жыл б)
- Бірінші Дарийдің сақ массагеттерге жорығы.(519-518ж)
- Сақтар мәдениетінің гүлденуі.(б.з.б. YIII-IIIғғ)
- Ұлы Қытай қорған салына бастауы.(б.з.б. ІІІ ғ)
- Ерте палеолиттің Олдувэй кезеңі.(б.з.б. 2млн 600-800 мың жыл)
- Ежелгі Арқайым қалашығы. (б.з.б 2-1 мың жыл)
- Ерте палеолиттің Ашель кезеңі.(б.з.б. 140-40мың жыл)
- Қорытындылау. Марапаттау
- Бағалау
11.Рефлексия (Кері байланыс).
