Түс және жыл мезгілдері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Бабайқорған ауылы
«Бабай-Қорған» жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Назарова Лаура Оразалиевна
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 | Мектеп: «Бабай-Қорған» жалпы орта мектеп | ||||||||||
| Күні: 08.12.2017ж | Оқытушының аты-жөні: Назарова Лаура Оразалиевна | ||||||||||
| СЫНЫП: 1 А | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||
| Сабақтың тақырыбы: | Түс және жыл мезгілдері | ||||||||||
| Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | 1.2.1.1 Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, таныс пішіндер мен бейнелерін білу ( түс, фактура, пішін т.б)
1.2.2.1 Өз идеялары мен сезімдерін айқындау үшін қарапайым тәсілдерді анықтап, қоршаған ортадағы кейбір элементтерді қолдау |
||||||||||
| Сабақтың мақсаттары |
|
||||||||||
| Бағалау критерийлері: |
|
||||||||||
| Тілдік мақсаттар: | Түстер гаммасы– routine gamma,
пейзаж– пейжаз -paid, акварель– акварель – watercolor, гуаш– гуаш – gouache, шырай – колорит – color |
||||||||||
| Түс-суретшінің басты әсерлегіш құралдарының бірі. | |||||||||||
| Құндылыққа баулу | Мәңгілік елден:Рухани жаңғыру, жалпыға бірдей еңбек қоғамын дамытуға өз үлесін қосуға тәрбиелеу | ||||||||||
| Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, жаратылыстану, сауат ашу, ағылшын тілі, музыка | ||||||||||
| Алдыңғы білім | Жылы және суық түстер | ||||||||||
| Сабақтың барысы | |||||||||||
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз) | Ресурстар | |||||||||
| Басы
3 мин 5 минут |
Ынтымақтастық атмосферасын орнату
Мынау менің – жүрегім, бәрі осыдан басталған Мынау –ақылды басым, бәрін осы басқарған Мынау – менің оң қолым, мынау- менің соң қолым Барлық істі атқарған Шаттық шеңберін жасап, бір- біріне гүл беру арқылы жылы тілектер айтады. Жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөлеміз. Мыс: I- топ: Көктем II- топ: Жаз III-топ: Күз IV-топ: Қыс «Миға шабуыл» тәсілі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймыз. Мыс: Түс дегеніміз не? Қандай түстердің түрлерін білесің? Саған қандай түс ұнайды? |
Гүл , жыл мезгілдерінің суреттері | |||||||||
| Ортасы
20 минут 3 минут 3 минут |
Жаңа сабақты мысалдар келтіре отырып, суреттермен, дәлелдемелермен түсіндіреміз. Төрт мезгілдің суреттерін графапроектрмен көрсетіп қоямыз.
I -топ (ТЖ)көктем мезгілінің тіршілігін бейнелей отырып оның ерекшеліктерін көрсетеді. II – топ (ТЖ) жаз мезгілін суреттеуде қолданған түстерін сипаттайды. III -топ (ТЖ) күз мезгілінің адам көңіл- күйіне әсерін айтады және жұмыс жасауда қолданған түстері туралы түсінік береді. IV -топ (ТЖ) қыстың бейнесін суреттеуде қандай түстер қолданғанын, ол мезгіл несімен ұнайтынын әңгімелейді. Сергіту сәті. Ырғақты әуенге дене қимылдарын жасайды. «Бір сөйлеммен түйіндеу» стратегиясы Мыс: Демалыс Ыстық Көнілді (ЖЖ) Жыл мезгілдеріне байланысты өлең шумақтары айтылады I-топ Көкке бояп өңірді Көктем келді көңілді Бау- бақшада, орманда Құстар әні төгілді. II-топ Жаз келіпті дегенше Қарбыз пісті дегейсің Бақшамызда ендіше Қауын- қарбыз көбейсін III-топ Сыйлайды бізге қаласа, Күз күні қандай тамаша! Алмұрт, алма, жүзімді Басқа да жеміс жейсің ғой Бәрі де балдай дейсің ғой. IV-топ Жапалақтап ала қар Жауды күнде қайталап, Қырға шықты балалар, Шаңғыларын арқалап
«Қар кесегі» әдіс тәсілімен 1 оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады, 2-шісі оның айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. 3 оқушы қайталап, өз тұжырымын айтады…………………….. |
Графопроектр, нотбук, ғаламтор дереккөздері, жыл мезгілдерінің суреттері, оқулық
Таспадағы әуенге іс- қимылдар жасау Өлең шумақтары жазылған парақшалар |
|||||||||
| Соңы
4 минут Рефлексия 2 минут |
Оқушылар түс және жыл мезгілдер жайлы мағлұмат білді.
«Ыстық орындық» арқылы жаңа тақырыпты пысықтады. Стикерге сабақ жайында өз ойларын жазып іледі |
Стикер мен смаликер | |||||||||
| Қосымша ақпарат | |||||||||||
| Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтарменбайланыс |
|||||||||
| Жыл мезгілдеріне байланысты өлең жолдарын жаттау | Смайлик арқылы |
|
|||||||||
| Рефлексия
Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Түс және жыл мезгілдері- сабағымның мақсаты шынайы | ||||||||||
| Бүгінгі сабақта оқушылар түс және жыл мезгілдерінің айырмашылығын жете түсінді. Оқушылар тақырыпты меңгеруде топпен және жеке жұмыс жасады. Жоспарланған саралау уақыты тиімді болды.
Берілген уақытта үлгере алдым. Келесі жоспарда оқушылардың алған білімін шынайы өмірде қолдануын, жұмысты өз беттерінше орындауына мән беремін. |
|||||||||||
| Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: Ынтымақтастық атмосферасы 2: Сергіту сәті табысты болды Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: Түстерді, жылы және суық түстерді салыстыру сабақты жақсарта білді. 2:« Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі сабақты жақсарта білді. |
|||||||||||
