Алгоритмдер және оны орындаушылар

Информатика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Кусаинова Алтын Маратовна информатика пәні мұғалімі

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Талды ауылы ЖББ № 19 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы) КММ

Сабақтың тақырыбы Алгоритмдер және оны орындаушылар
Сабақтың мақсаты Алгоритм ұғымымен таныстыра отырып, алгоритмді орындаушылар туралы айту және алгоритмді орындауда мұқият, тиянақты болуға үйрету
Сабақтың міндеттері
  • алгоритм ұғымымен таныстыру;
  • алгоритмді орындау және орындаушы ұғымын қалыптастыру;
  • алгоритм ұғымын күнеделікті өмірде кездесетіндігіне көз жеткізу;
  • өмірде іс әрекетті тиянақты жүзеге асыра білуге тәрбиелеу;
Сілтеме 6-сыныпқа арналған оқулық.

Авторы: Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ. Әбенов.

Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық.

Күтілетін нәтиже
  • Алгоритм ұғымымен танысады және оны орындаушы болатынын біледі.
  • Кез-келген орындалатын іс-әрекеттің алгоритм болатынын түсінеді.
Негізгі идеялар
  • Қызығушылық қабілеті артады.
  • Өзін-өзі бағалау қабілеті артады.
  • Алған ақпаратты тиянақтайды, өз ойын еркін жеткізе алады.
Оқыту әдіс-тәсілдері әдістер: Блум таксономиясы, АКТ, диалогтық оқыту

тәсілдер: жеке, жұптық, топтық

Ресурстар оқулық, үлестірмелі карточкалар, А4 форматты қағазы, компьютер, интерактивті тақта, стикер

Сабақ бойынша мұғалім мен білім алушының іс-әрекеті

Сабақ кезеңі Мұғалімнің іс-әрекеті Білім алушының іс-әрекеті Уақыты
Ұйымдастыру
  1. Ынтымақтасқан орта құру (қызыл, жасыл, сары түске жазылған компьютер құрылғыларының аты жазылған қағаз алады)
Ұнаған түстегі қағаздарын алады. Алған қағаздағы құрылғы аты бойынша «Бұл құрылғы маған қажет, өйткені ол…» деп өз ойын айтып, келесі баланың айтуын меңзейді 2 минут
2. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Оқулық 53 бет. Өзіңді тексер. Тест жауабы интерактивті тақтада көрсетіледі.

1.А, 2.С, 3.В, 4.А, 5.Д, 6.А, 7.В.

Тест жауабын жазады. Тексеру үшін көршісімен дәптерін алмастырады. 2 минут
ә) §7 бойынша «Дешифратор» әдісімен «иә», «жоқ» жауабын айту арқылы тексеру.

  1. Компьютер компоненттерінің құрамы оның конфигурациясы деп аталады. (Иә)
  2. Қазіргі компьютерлер Джон Фон Нейманның принципіне негізделіп жасалмаған. (Жоқ)
  3. Компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы компьютердің сәулеті болып табылады. (Иә)
  4. Деректер мен бұйрықтарды бейнелеу үшін екілік принципі қолданылады. (Иә)
  5. Компьютердің ең басты жүйелік шинасы 2 шинадан тұрады. (Жоқ)
Жұмысты білім алушылар жеке орындайды. Жауабын

анықтау арқылы графикке нүктелерді салады.

Жауабын тақтадан көру арқылы өзі тексереді.

3 минут
3. Қолдарындағы қызыл, жасыл, сары түстер арқылы 3 топқа бөлінуін өтінеді. 3 топқа бөлінеді.

Қызыл түс – «Алгоритм»

Жасыл түс -«Орындаушы» Сары түс – «Бұйрық» тобы

1 минут
Білу (ой шақыру) Жұптық жұмыс.

Тапсырманы орындаудың қадамдарын құр. Өзара екі білім алушыға карточкаға жазылған тапсырманы береді және оны орындаудың дұрыс ретін дәптерге жазғызады.

Берілген тапсырма бойынша орындалу ретін дәптерге жазады. 3 минут
Түсіну

(теориялық материалды меңгертеді)

Білім алушының орындаған жұмысын оқыта отырып, оның Алгоритм екендігін түсіндіреді. Алгоритм ұғымы туралы түсінігін қалыптастырады.

  1. Сұрақ. Осы тапсырманы кімдер орындады?
  2. Сұрақ. Осындай алгоритмді тағы кімдердің көмегімен орындауға болады?

Алгоритмнің адамдар, роботтар, компьютерге арналып жазылатынын айтады.

Орындаған тапсырма бойынша түсінеді.

Оқулықтағы 55 беттегі 2-ші абзацтан бастап оқиды.

4 минут
Қолдану

(теориялық материалды бекіту)

Топтық жұмыс.

Алгоритм құру. 3 топқа тапсырма береді.

  1. Тапсырма береді.
  2. Тапсырманың орындалуын бақылайды.
  3. Топ мүшелерінің жұмыс жасауын қадағалайды.
1-топ. Аққала соғу

2-топ. Қар тазалау

3-топ. Шыршаны безендіру

Тапсырманы ақылдаса отырып А4 формат қағазына орындайды.

5 минут
Талдау Топтық жұмыс

Топтарға дайын құрылған алгоритмдер береді. Құрылған алгоритм ішіндегі іс-әрекеттердің орындары ауыстырылған.

Алгоритмнің дұрыс орындалу ретін жазғызады.

Тапсырманы топта талдайды. Орындары ауысқан іс-әрекет қадам-дарын орындалу ретімен жазады. 3 минут
Жинақтау Жұптық жұмыс.

  1. Оқулықпен жұмыс. 57 бет 6-тапсырма. «Сурет сал» алгоритм кестесін толтыру.
Кестедегі бұйрықтың орындалу нәтижесін жазады. Тапсырманы жұбымен орындайды 3 минут
Жеке жұмыс

  1. 57 бет. 7-тапсырма
Жеке орындап, нәтижесін айтады 4 минут
Жалпы сыныппен жұмыс

Сұраққа жауап (Кубизм әдісімен)

  1. Алгоритм дегеніміз не? (дәл сипаттаған тапсырма)
  1. Алгоритмдегі кез-келген іс-әрекет не деп аталады? (Бұйрық)
  2. Кез-келген алгоритм қандай бұйрықпен аяқталады? (Соңы)
  3. Алгоритмді орындайтын адамды кім дейді? (орындаушы)
  4. Тақтаға «Информатика» сөзін жаз бұйрығының орындалу нәтижесі. («Информатика сөзі тақтаға жазылады»)
  5. Бұйрықтың орындалу нәтижесі неге байланысты болады? (алгоритм бұйрығына байланысты)
  6. Берілген тапсырмаға жазған бұйрықтар саны біркелкі болуы мүмкін бе? (жоқ, әр-түрлі болады)
  7. Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсетіңдер (жазу үстелі, адам, ыдыс жуатын машина, робот)
Фигураны лақтырып, түскен бетте көрсетілген сан бойынша сұраққа жауап береді. Сұраққа жауап беру арқылы білімдерін тиянақтайды. 7 минут
Білім алушы-ның білімін бағалау Білім алушылардың жауаптарын бағалау парағына ұпай сандары бойынша есептелініп бағалайды. Ұпай сандарын мұғалім өзі белгілеп отырады. 2 минут
Кері байланыс Сабақ кезеңдері бойынша білім алушыға, топқа, топ мүшелеріне кері байланыс жасайды. Сабақ кезеңдерінде достарына, топ жұмы-сына, топ мүшелеріне кері байланыс береді. Сабаққа берілетін кері байланысты стикерге жазып, монитор суретіне жапсырады.
Үйге тапсырма беру §8 (55-57бет), б/с-т (1-5, 7), Ө/т. 1 минут

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше