Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының әдіс-тәсілд ерін «Өзін-өзі тану» пәнінде қолданудың тиімділ ігі. (баяндама)
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы
Талды ауылы Қ.Аманжолов селолық округі
Жалпы білім беретін №19 орта мектеп КММ
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі
Искакова Перизат Рымбековна
Өзін-өзі тану пәні бойынша мақала
Тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының әдіс-тәсілдерін «Өзін-өзі тану» пәнінде қолданудың тиімділігі. (баяндама)
Сын тұрғысынан ойлау курсы батыстың білім жүйесінде ХХғ. 70 жылдарында осы жүйеден туған дағдарысты жеңуге байланысты талаптан туған. Кітапты жай ғана оқып жатып үйренуге болмайды. Сыни ойлау мен оған дайындық орнату – сын тұрғысынан ойлаудың аса маңызды құрамдас бөлігі. Шынайы ойлай алатын адамдар өздеріне де бұл неге керек екенін біледі және жоспарланған жұмысқа және тексерілген әркетке бар күштерін салуға даяр, шешім анық болмаса немесе бірнеше қадам жасау керек болса, ақпараттар жинауда табандылық көрсетеді.
Сыни ойлауды дамыту технологиясы танымдық қажеттілікті дамытып қоймайды, өзін-өзі тануды да үйретеді. Танымдық процесс болғандықтан оқушылар түсініктер мен ойлаудың маңызы жайында ақпарат пен жай білім жайында ойланады. Ал өзін-өзі тану процесі қатар жүргендіктен, олар өз түсініңктері жайлы ойланады. Оқушылар өздеріне сұрақ қояды: «Бұл туралы мен не ойлаймын?», «Алынған ақпарат менің білгеніммен сәйкес келе ме?», «Жаңа ақпаратты ала отырып, мен не істей аламын?», «Жаңа ақпарат, жаңа идеялар менің көзқарасыма, ойларыма қалай әсер етті?». Оқушылар өздерінің бұрынғы ойлау жүйесіне жаңа идеялар мен әсерлерді қабылдауға ашық, өздеріне таныс түсініктер қолданылғандықтан, ойлары мен түсініктерін еркін тұжырымдай алады. Өз білімдеріне сенімді болғандықтан, мәселені шығармашылық тұрғыдан шешуге, жаңа пікірлер мен жаңа ойларды құруға дайындалады.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлау» демекші білім беруді дамытуда аса құнды модуль. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субьектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс тәжірибеде қолданылады деп ойлаймын. Сыни тұрғыдан ойлау Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогтік түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен бақылауын көздейді. Себебі оқышылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауы дамытуды сындарлы да сапалы ойлауын қажет етеді. Яғни бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудан алған ақпаратты ойлауға, талдауға бағалауға және синтездеуге бағытталады.
Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс- әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. «Сыни тұрғыдан ойлауды үйретуді» өз сабақтарымда ықпалдастырып отыруды өзіме мақсат етіп қойдым. «Неге енгіздім?» деген сұраққа біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлануды үйрету технологиясының қызықтырғаны ол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Сыни тұрғыдан ойлау өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан – жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру. Бұл технологияның негізі әлсін – әлсін қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, келіспеушіліктің болмауы, оқушылардың жетістіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балаларды табысқа жетуге жағдай жасау. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Іс тәжірибе кезінде әр сабақтарымда «Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді» әдіс-тәсілдерін қалай қолданғаным туралы жеке тоқталайын. Мысалы, 7-сыныпта «Халық дәстүрі –асыл қазына» тақырыбындағы сабағымды бастамас бұрын оқушыларды топқа бөлдім. Топтық жұмыстар кезінде оқушылар арасындағы ынтымақтастық, сыйластық, жауапкершілік, қызығушылық, бірін-бірі қолдау әрекеттері көрініп тұрады. Топқа бөліну кезінде жақсы немесе нашар оқитын оқушылар бірге отырып жақсы оқушының көлеңкесінде қалаберем деген ойдан арылып өздері белсенді жұмыс жасауға дағдылана бастады. Балалар сабаққа тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту болып табылады. Осы пікірге сүйене отырып оқушылардың үйге берілген тапсырмаларын, тексеру үшін «Ыстық орындық» әдісін қолдандым. Ортаға бір оқушы шығып, орындыққа отырып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұл әдісті қолданған кезде кейбір оқушылар орындықтан тұрып жауап беріп, ыстық орындықтың маңызын білмеді. Бірақ оларға «Ыстық орындықтың» отырып жауап беру маңызын түсіндіре білдім. Бұл әдіс оқушылардың ойлау туралы, ойлануға деген қадамдары болды. Әрине біздің мақсатымыздың өзі сыни тұрғыдан ойлай білуге дағдыландыру. Оқушылар осы арада ешқандай оқулықтың немесе мән-мәтіннің көмегінсіз жауап береді.
Тақырыптағы мәтінмен жұмыс жасағанда сыни тұрғыдан ойлау жобасының «Ойлан, топтас, жұптас» стратегиясын пайдаландым. Топтық жұмыс барысында оқушы алдымен жеке жұмыс жасайды. Бұнда өзімен – өзі диалог жасайды. Содан кейін жұппен, топта талқылайды. Осы іс – әрекет барысында оқушылар өз ойларын еркін айтады, қысылмайды. Әсіресе алдында сабақтарда үндемей отырған оқушылармен жұмыс істеуге көмек көрсетіледі. Осы сабақ барысында үндемейтін оқушы шағын топтарда пікірталастарға қатысып, топ ішіндегі тапсырмаларға біртіндеп тартылып отырғанын аңғардым. Сурет салу, флипчартқа жобаларын түсіру жұмыстары кезінде бақылауда болған оқушылардың жанына барып, жетелеуші сұрақтар қоя отырып ынталандырдым. Оқушы мен оқушы арасындағы диалогтік сұхбаттасу білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі екенін аңғардым. Ал 6-сыныпта өтілген «Денім сау болсын десең…» тақырыбында оқушылар адам денсаулығына пайдалы және зиянды заттарды, оны болдырмау жолдарын ұсынып кестеге жазып толтырып өз ойларын ортаға салады. Шығармашылық жұмыс барысында әр топ «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбында жарнамалау, орны ауысқан сөздерден мақал-мәтелдер құрау, «жолдастарыңды салауатты өмір салтына шақыр» тақырыбында өлең құру арқылы адамның денсаулығына пайдалы және кері әсері бар заттар жайлы айта келе, денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын, оны күте білу керектігін, жағымсыз әдеттерден аулақ болуды біледі. Сонымен бірге күнделікті өмірде салауатты өмір салтын сақтайды, еңбекпен айналысады, қозғалыс қимылдарды көп жасай біледі. Сабақ соңында «Әлемге денсаулық сыйла» атты тренингін ұйымдастырып сабақтан алған әсерлерін «Көңіл-күйімізді білдірейік» атты кері байланыс арқылы қорытындылау тиімді. Әр сабақта «Түрткі сұрақтар» арқылы үй тапсырмасы сұрап отыруда әр тақырыпқа қатысты сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сұрақтарды, тапсырмаларды дайындағанда жас ерекшеліктерін де ескеріп, сыни тұрғыдан ойлай алатындай етіп құрастырғанды жөн деп ойлаймын. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың ең оңтайлы тәсілі – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Сыни тұрғыдан ойлау мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады.
Бүгінгі заман мұғалімнен де, оқушыдан да жаңаша көзқарасты талап етеді. Сондықтан өмір көшінен қалмай, жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, шығармашылықпен жұмыс істей алатын дәрежеде таныта білуіміз керек.
