Мектеп және мектеп қоғамдастығы
| Пән: дүниетану | Сынып: 1 | ||||
| Күнi:
Бөлiмше тақырыбы: |
СҚО Тайынша ауданы Аққұдық ауылы “Алабота орта мектебі” КММ
Мұғалiм: Абильдина Бахытгуль Серикбаевна 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы |
||||
| Оқу мақсаттары (ОМ) ұзақ мерзiмдi жоспардан | 1.1.2.6 Өзiн мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесi ретiнде сипаттау | ||||
| Жетістік критерийі: | Барлығы: өзiн мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесi ретiнде сипаттайды;
Көпшiлiгi. өзiн сипаттайды, сынып ұжымымен танысады; адамдардың ұқсастығы мен жеке ерекшелiктерi туралы бiледi; Кейбiреуi: мектептегi, сынып ұжымындағы iс-әрекеттерге, әдептер мен тәртiпке қатысты ережелердi шығарады. |
||||
| Тiлдiк мақсаттар | Оқушылар мектеп және мектеп қоғамдастығы тақырыбына сәйкес сөздер мен сөз тiркестерiн сөздiк қорына енгiзедi, қолданады.
Пәндiк сөздiк қор және терминдер: есiм, тұрақ/тұратын орын, адам, естелiк, адамның мiнез құлқы, ерекшелiгi, ұқсастығы, айырмашылығы, қызықты дерек. Сыныптағы диалог/жазылым үшiн сай келетiн тiл стилi: -Сынып ұжымы кiмдерден құралады? -Саған ұқсас адам болуы мүмкiн бе? -Адамдар бiр – бiрiнен қалай ерекшеленедi? |
||||
| Құндылықтар | Мектеп және мектеп қоғамдастығы туралы сұрақтарға жауап бере отырып, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершiлiктi, бiр – бiрiне деген құрмет сезiмiн дамытуға тәрбиелеу. | ||||
| Ресурстар | Ботаның суретi «Мен» сөзi жазылған шар, конверт сыныптағы оқушылардың аттары жазылған жеке қағаздар , бейджик, оқулық 8- бет, дәптер 3-бет | ||||
| Сабақтың кезеңдерi | Оқыту әдiстерi | Бағалау әдiстерi | Саралау тәсiлдерi | ||
| Сабақтың басы
5 мин |
І.Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру: -Қайырлы күн, достар! -Айналаға бір сәт көз жіберейікші, бүгінгі күн қандай? -Қазір бізде ерекше сабақ болмақ. Қоршаған әлемді таныстырар, Алыс елдерге де апарар, Өзіңді де өзгені, Құрметтеуге үйретер, Дүниетану сабағы дей отырып, сабағымызды бастайық. (Ұ) Білімді өзектендіру. -Оқулықты қараңдар, сендерге не ұнады? 1) Оқулық сыртындағы иллюстрациямен жұмыс; 2) Сабақ тақырыбы бойынша жұмысты бастау үшiн оқушыларды оқулықтың 1-бетiндегi суретпен таныстырамын. – 5 – беттегi ботаны қараңдар. Оның аты Бота. Ол осы оқу жылы бойында бiзге табиғат, қоршаған орта туралы бiлуге көмектеседi. Сабаққа дейiн қабырғаға «МЕН» сөзi жазылған шарды бекiтемiн. -Балалар, бүгінгі сабағымызға Бота шарын сабаққа алып келе жатқан кезде жоғалтып алыпты. -Ботаға көмектесеміз бе? -Шарда жазылған сөздi кiм оқи алады? -Бұл сөз ненi бiлдiреді? Жауабы: «Мен» – бұл мен туралы айтылған сөз. Егер адам өзi туралы айтса, «мен» дейдi. «Мен» сөзiн хормен айтқыза отырып, бүгiнгi сабақтың тақырыбын хабарлау. -Бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар? -Сабақта не туралы білетін боламыз? |
Барлық
оқушылар сөзді оқиды |
|||
| Сабақтың ортасы
20 мин |
(Ж) Салыстыр.
-Cуреттерге қара. Кiмдердi көрiп тұрсың? Суреттегi адамдарды салыстыр. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықта. (Ұ) Мұғалiмнiң белгiсi бойынша оқушылар тез арада мынадай ерекшелiктерi бойынша топтарға жиналады: – көзi қара/мөлдiр; – шашы ұзын/қысқа; – аяқкиiмiнiң түсi қара; – есiмдерi бiрдей және т.б. (Ж) Бiз қандаймыз? ойын •Бiр-бiрiңе қара. •Араларыңда бiр-бiрiнен айнымайтын екi адам бар ма? •Адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы өз ойларыңды айтыңдар. – Сыныптастар арасындағы оқушыларды ұқсастық пен айырмашылық бар ма екен? -Оны қалай білдік? . (Т) Балалар мен үлкендер. -Балалар мен үлкендер арасында қандай ұқсастық пен қандай айырмашылық бар? Оқулықтағы 1-мәтінді оқып беру. Ер адамдар мен әйел адамдар. Барлығымыз адамбыз. Сен – адамсың. Бiр адам басқа адамға ұқсамайды. Әрбiр адам ерекше. (Ұ) Анықта. -Кiмнiң зерттеушi болғысы келедi? -Бота бізге хат әкеліпті. Онда не жазылған екен? Балалар хаттың ішіндегі есімдерін алып оқиды. -Нені зерттеу керек? Зерттеу дегеніміз бір нәрсені толық анықтауға бағытталған бірқатар әрекеттерді орындау Жаттығу «Маған өзiң туралы айт» Әр адамның есімі бар. «Әр есімнің өз мағынасы бар», – дейді менің атам. Атамның айтқаны дұрыс па? Тексеріп көрейік! (Ұ) Шеңбер жасап отырыңдар мен сендерге өзiм туралы айтып беремiн. . • атым, есiмiм; • жасым; • көзiмнiң түсi; • тұрағым; • жақсы көретiн үй жануарым (Ж) «Кел танысайық» ойыны. Жұппен бiр – бiрiңе өздерiңдi таныстырыңдар. Тұрақтарыңды айтуды ұмытпаңдар. Естерiңе сақтаңдар! – Ненi есте сақтау керек? – Барлығымыз адамбыз. Бiр адам екiншi адамға ұқсамайды. Әр адам ерекше болады. – Әр адам ерекше болады дегендi қалай түсiнесiңдер? – Ойлан, неге сенi ерекше деп айтуға болады? Дескриптор: *өзаты – жөнін айтты; *өз тұрағын, айтты; *өзінің сүйікті ісін айтты. -Бота бізбен «Менің есімім» ойынын ойнағысы келеді. (Ж) Eсiмнiң ненi бiлдiретiнiн айту. -Өз есiмiнiң мағынасын бiлесіңдер ме? -Көп ұлтты елiмiздегi барлық халықтардың есiмдерi әдемi естiледі. -Біз бәріміз бiр-бiрiмізді есiмдерiмізбен атаймыз. Оқушыларға есiмдерi жазылған бейдждердi таратып, оны сол аптада тағып жүруді тапсырамын. Топтастыру стратегиясы. (Т) Орындап көр. -Енді жаңа ұғымдарды қолдана отырып, мектепте, ұжымда өзімізді қалай ұстау керек? – деген сұраққа жауап беріп көрейік. Бота тағы да бірнеше сөз әкеліпті. Солардың тиістісін таңдап қояйық. Оқушылар тәртіп ережелерінің тиістісін таңдап қояды. Сергіту. Ойын «Қол шапалақтау» Мысалы: Асан мектепке барды. Дәптермен жұмыс. 3- бет 1-жұмыс парағы.Бұл – мен. Сен оқушысың. Мектепте өзiңдi қалай сезiнесiң? Өзiңнiң суретiңдi сал. Көңiл- күйiңдi көрсет. Дескриптор: мектептегі көңіл – күйін көрсетті; *өзінің суретінді салып әңгімеле |
Мадақтау арқылы (Жарайсың!!!)
Басбармақ арқылы бағалау Дескриптор бойынша бағалау Смайлик арқылы бағалау Өзара бағалау Дескриптор бойынша бағалау |
Көптеген оқушылар сыныптастар арасындағы ұқсастық пен айырмашы-
лықты айтады. Көптеген оқушылар өз есімдерін оқиды Кейбір оқушылар өз мекен жайын айтады. Кейбір оқушылар қабілеті төмен оқушыларға көмектеседі Кейбір оқушылар тәртіп ережелерін дұрыс табады, шығарады Барлық оқушылар суреттерді салады. |
||
| 5 мин | Оқу мақсаты: 1.1.2.6. Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну Қолдану Бағалау критерийі: Білім алушы Оқушыға тән ерекшеліктерді атайды. Өзінің сынып ұжымына қатыстылығына мысал келтіреді. 1-тапсырма Мектепке бару үшін сөмкеге қандай заттарды салу керек? Сызық арқылы қосыңыз. Бұл заттар кімге және не үшін керек? Сіз мектепке қалай дайындалдыңыз? Жұпта әңгімелеңіз. Дескриптор: Білім алушы – мектепке қажетті құралдарды анықтайды; – мектеп құралдарының оқушыға қажеттілігін айтады; – өзінің мектепке дайындығы туралы әңгімелейді. |
Дескриптор бойынша бағалау | Барлық оқушылар сызық арқылы қоса алады. | ||
| Сабақтың соңы
5 минут |
Рефлексия. Серпілген сұрақтар
Қандай мектеп ережесін білесің? Мектеп ережесін қалай сақтау керек ? Мектеп ұжымында өздерінді қалай ұстайсыңдар ? Неше оқушының есімін есте сақтадың ? Қандай ұжым ережесін білесің ? Осы ережелерді есте сақтау керек пе ? Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін сигналдық карточка арқылы көрсету Жасыл түс – түсіндім Сары түс – әлі де мағлұмат керек Қызыл түс – түсінген жоқпын |
«Бағдаршам» арқылы бағалау | Барлық оқушылар өздерін бағалайды | ||
| Өткiзген сабақ бойынша мұғалiмнiң рефлексиясы | |||||
| 1) ОМ жеткен және жетпеген оқушылар саны
2) Егер жетпесе, себебi не? 3) Жоспардан қандай ауыт қулар болды, неге? |
|||||
| Жалпы баға
ОМ жету үшiн қандай әдiс – тәсiлдер тиiмдi болды? Сабақтың жақсы өтуiне не әсер етуi мүмкiн едi? Келесi сабақта неге көңiл қою керек (сыныптың, оқушылардың жетiстiктерi мен кемшiлiктерi)? |
|||||
