Тарау тақырыбы: «ІРІМШІК ЖӘНЕ ЖҰМЫРТҚА тағамда ры»
Жамбыл облысы, Меркі ауданы “№ 9 Меркі колледжі” коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнайы пән оқытушысы Абдельдинова Ақбөпе
Сабақтың тақырыбы: Ірімшік қосылған вареник
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттердің іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелеу, бағыттау. Ірімшіктердің ағзаға әсерін жете түсіндіру. Ғылыми ізденіс жасауға баулу, тиянақты білім беру.
Дамытушылық: Студенттердің өзіндік жұмыс барысының әр кезеңдерінде ізденуге, зерттеуге, талдауға, сараптауға, сыни ойлауға, салыстыра білуге, шығармашылық жұмыспен айналысуға баулу.
Тәрбиелік: Тағам жасаудың тәсілдерін үйрету барысында тазалық пен ұқыптылыққа, инабаттылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Оқыту әдісі: теориялық сабақта алған білімдерін практика сабағында жетілдіру
Пән аралық байланыс : «Арнайы технология», «Тауартану», «Тамақтану физиологиясы санитария және гигиена негіздері», «Жабдықтау», «Тамақтану кәсіпорындарын ұйымдастыру», «Келушілерге қызмет көрсету», «Тамақтану кәсіпорынның экономикасы».
Сабақта пайдаланатын құрал – саймандар:
Нан илейтін ыдыс, пышақ, әр шикізатқа тақтайлар, өнімді пісіретін ыдыс, тарелкалар, оқтай- тақтай.
Пайдаланатын шикізаттар: ұн, ірімшік, сары май,сұйық май, су, жұмыртқа т.б.
САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
- Жарыс сабақ.
- Зертханалық жұмыс.
- Қорғау жұмысы
Топ екі командаға бөлінеді:
- Тапқырлар 2. Шеберлер
Қазылар алқасын сайлау:
Жарыс сабақ.
Білімгерлердің өткен сабақта алған білімдерін тексеру, білім деңгейін анықтау
- «Бой сергіту» Карточкамен жұмыс
- «Кім жылдам» Өткенсабақта алған білімдерін тексеру үшін «Кім жылдам» стратегиясы бойынша сұрақ дайындадым. Мына ұяшықтардың артында жасырынды әріптерді қай қоманда ең көп табады ,сол командаға смайлик ұсынамын.
- Салқын цехте темп – ны салқындатып ұстау үшін қандай құрылғы қойылады? (Вентилятор)
- Ірімшіктің түсі қандай (Ақ)
- Жұмыр кеспеге қандай шикізатын қоспайды? (Рыхлитель)
- Ірімшік құрамы қандай тағаммен бірге бағаланады? (Ет)
- Ірімшік адам ағзасында қандай пайдасыз затты 10% – 15 % жояды? (Никотин)
- Ірімшікте ең көп элемент? (Иілгіш заттары)
- Ірімшікте бағаланатын құрамы ?(Кальций)
Зертханалық жұмыс.
МАҚСАТЫ:
Білімгерлердің біліктілігін арттыру , теориялық білімін практика түрінде көрсету
Топтастыру әдісін пайдаланып ,білімгерлерден жан жақты білімдерін тексеру.
- Вареник дайындау үшін қандай шикізаттар пайдаланамыз?
- Ірімшік қандай тағам, адам ағзасына қандай әсерін тигізеді?
Кіріспе – нұсқау:
Ірімшіктің құрамы:
- Ақуыз – 18 г
- Май – 9 г
- Көміртек– 3 г
- Су– 67,8 г
- Май қышқылдары– 5,2 г
- Сахарид – 3 г
- Органикалық қышқылдар – 1,2 г
- Күлділігі – 1 г
- Холестерин – 27 мг
Дәрумендер (мг):
А, В1, В2, В3, В6, В9, В12, С, Н, Е, РР.
Минералдар (мг):
Калий, кальций, магний,
натрий, темір, фосфор,
хлор, холин, қорғасын, кобальт, марганец, мыс, молибден, селен, фтор
Ірімшіктен әзірленген вареник:Түйілге және жалқау вареник болып бөлінеді.
Вареникілерді даярлау төмендегідей процестерден тұрады. Алдымен қамыр дайындалады:
Вареникиге қамырды дайындау үшін оны тұшпараға дайындағандай түрде дайындайды. Сүт пен жұмыртқаны не суды қосып араластырады да тұз және қант қосады. Еленген ұнды үстел үстіне не ыдысқа үйіп салып, ортасынан дайын сұйық қоспаны құйып қамырды илейді. Тығыз, серпімді қамыр алынғанша, яғни июі қанғанша илейді. Ұнның 1-1,5% үстел үстінде қалдырады. Ол қамырды жаю кезінде керек болады. Дайын қамырды көтерілуі және серпімділігі артуы үшін 40 минут тындырады.
Тартым даярлау үшін сүзбені үгеді, шикі жұмыртқа, қант, тұз, қосып жақсылап араластырады да оны кішілеу шар түрінде бөлшектейді.
Қамырды қалыңдығы 1,5-2 мм етіп жазады, ені 40-50 мм, әрі таспа не жолақ түрінде болады.
Алынған таспа-жолақты жұмыртқамен немесе льезонмен сыйлайды.
Шеттерінен 3-4 см-дей қалдырып, арақашықтығы 4 см етіп тартым шариктерді салады.
Салынған қамыр жолағын шеттерінен көтеріп тартымды жабады.
Әрбір шариктің айналасын қамырдың жоғары қабатымен біріктіріп жапсырады да вареникті металл ойғышпен ойып алады.
Қалған қамыр кесінділерін екінші рет жазады. Болмаса алдымен қамырды жазып, оны дөңгелекшелерге ойғышпен ойып алады да үстіне тартым салып, шеттерін біріктіріп жапсырады.
Варениктерді кесу үшін тақтай беті бар үстел немесе жалпақ тақтайша қолданылады.
Дайындалған жартылай фабрикатты салқында ұстайды. Ең соңында пісіріп , үстінен сары май салып дастарханға ұсынады
Жалқау вареникті дайындау рецептурасы
Жалқау варениктерді әзірлеу үшін бізге келесі төмендегі қажет:
- Ұн
- Жұмыртқа
- Тұз
Барлық аталған индигриеттерді қосып бір масса құраймыз
Иленген қамыр жұмсақ болуы қажет
Вареникті тақтай үстіне ұн сеуіп және шұжық формасын келтіріп 20-20 гр салмағында текшелеп кеседі
Кесілген текше қамырды ұнға аунатып шар тәрізді формаларға келтіруге болады. Жалқау вареникті 100-110 ° С тұздалған суға баяу салып бетіне шыққан уақытынан бастап 4-5 минут пісіреді.
Дайын пісірілген «жалқау варениктерді» қаймақпен немесе тосаппен, сары май қосып беруге болады
Өнімнің сапасына қойылатын талаптар
Түйілген вареник:
Пішіні – жарты ай формасына келтіріліп шеттері түйілген, қолға жабыспайды, консистенциясы біркелкі, жұмсақ және нәзік.
Түсі – ақ-сары, ірімшік-ақ. Варениктің беті майдан кейін жылтыр түс береді. Дәмі өзіне тән тәтті, қышқылсыз, бөгде иіссіз және дәмсіз. Салмағы 12-25 грамм.
Жалқау вареник:
Пішіні- ромб немесе дөңгелек, басы біріккен,, пішінің сақтаған, қамырда түйірлер жоқ, пішіні сақталған.
Түсі- ақ-сары, ірімшікке және майға тән иіс, дәмі тәтті, жұмсақ. Салмағы 15 грамм.
(Білімгерлерге нұсқау картасын тарату)
Өзіндік жұмыс:
Екі топ әр түрлі вареник дайындайды
Тапқырлар тобы –
«Ірімшік қосылған жалқау вареник»
Шеберлер тобы –
«Ірімшік қосылған түйілген вареник»
Қорғау жұмысы
Мақсаты:
Ірімшік қосылған «жалқау» және «түйілген» варениктерді бір-бірінен ажырата білулерін , олардың дайындау технологиясын және ұсыну ережелерін анықтау.
Керекті құрал-жабдықтарды таңдап аламыз
Қорытындылау:
ВЕНН диаграммасы:
Үйге тапсырма:
«Үй жағдайында ірімшік қосылған вареники жасап үйрену»
БАҒАЛАУ:
- бірін-бірі бағалау
- топтық бағалау
