1 Желтоқсан – тұңғыш президент күні

Ақмола облысы, Целиноград ауданы 96 разъезд «Күншуақ» балабақшасы МҚКҚ

Өткізген тәрбиеші: Есілбай Баян Сайлауқызы

Тақырыбы: «1 Желтоқсан – тұңғыш президент күні»

Мақсаты: Жас ұрпаққа президентімізің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту мен бірге Қазақстан Республикасының рәміздерін білуге үйрету. Балаларға жалпы президент туралы ұғым беру. Балаларға еліміздің тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы түсіндіру. Балалардың ашық тәрбие сағаттарына қызығушылығын арттыру. Еліміз туралы ой өрістерін кеңейту.

Көрнекіліктер: Елбасы суреті, слайд, еліміздің рәміздері.

Әдіс – тәсілдері: Әңгімелеу, ойындар, сұрақ – жауап, сергіту сәті, шаттық шеңбері.

Барысы: Топқа балалар кіреді.(Адай күйі әуенімен).(Қолдарында жазулары бар)

Шаттық шеңбері:

Армысың алтын күн!

Армысыңдар балалар!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Ән ұран орындалады.

Тәрбиеші: – Құрметті әріптестер, балалар бүгінгі меркелеріңіз құтты болсын. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын.Бүгінгі күнгі жетістіктеріміз Елбасымыздың арқасында.Ел басымыз Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаев екенін жақсы білесіңдер,- ия балалар?Олай болса сол ел басымызды мерекесімен құттықтайық.

Бар әлемге шын танылдық міне, біз.

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп,

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

Ардақты қонақтар мен балалар, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемілекеттік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

Ел үшін көтеріп нар жүгін де,

Сенімі нық сезілетін үнінде.

Аты озған дүниедегі дүбірде

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

Тәрбиеші: – Балалар енді Нұрсұлтан Әбіш ұлының қысқаша өмір баянымен таныстырып өтейін.Назарларыңызды экранға аударыңыздар.(Слайд).

Балалар жаңа көргеніміздей ел басымыз барлық халық алдында елімізді өркендетемін, адал қызмет етемін деп халық алдында Қазақстан Республикасының Ата заңдар кітабын ұстап ант бергеніне куә болдық.Ендеше сол кітапты біз осы сабағымызда мүсіндеп көрейік .Балалар екі топқа бөлініп отырыңыздар, қай топ Ата заңдар кітабын әдемі және үлкен жылдам мүсіндейді екен.

(Балалар мүсіндеуге кіріседі.)

Сергіту сәті

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап

Оқып білім аламыз,

Көзді ашып қараңыз

Былай қанат қағамыз

Телефон шырылдайды.

Олай болса балалар, бізге жаңа қоңырау шалған ел басымыз Назарбаев екен, ол бізге қонаққа келе жатқанын айтты.Орнымыздан тұрып қарсы алайық.(Топқа ел басы келеді).

Назарбаев: Құрметті Қазақстандықтар сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын, аспанымыз ашық, еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!Жасай бер Қазақстан.

Тәрбиеші: аса құрметті ел басы сізді осы мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық,қажымас қайрат тілейміз.Баллардың сізге арнаған шағын тақпақтарын қабыл алыңыз.

Тақпақтар:

Дина

Елбасымыз жолдайды,

Халық оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Ерхан

Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды,

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды.

Алана

Ауыр күнді артымызға тастауы,

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы

Тілім,дінім, ұлтым қайта көрген

Елбасымыз Нұрсұлтанды қолдауы.

Адия

Нұрсұлтан Назарбаев

Артамыз сізге сенім,

Елім деп, жерім деген.

Адымдап сенімменен.

Дамир

Президент ең алғашқы,

Қырандай самғап ұшты,

Халқымның көшбасшысы

Келер күн құшақ ашты.

Ясмина

Елбасым, Елбасым!

Айбыным ардағым

Айбыным ардағым

Елбасым,елбасым!

Айбике

Дінмен ұлтты жинаған,

Мәмілеге шақырған,

Бейбіт күнге жол салған

Нұрлы сұлтан- Нұрсұлтан.

Серік

Жасты еңбекке баулыған

Ақсақалын сыйлаған

Салт – дәстүрді сыйлаған

Нұрлы сұлтан Нұрсұлтан.

Амира

Елімізді қорғаған

Болашаққа жол салған,

Үмітіміз көп сізден

Біз сізге сенеміз.

Әли

Мереке меркеге жалғассын!

Ұлан байтақ еліміз жасасын!

Байсерке

Жаса, жайна Қазақстан!

Нұрсұлтан: ал балалар мына тақпақтарын шыны мен әсерлі, әдемі екен.Енді мен сіздердің алдарыңызда өздерің жасаған Ата заңының үстіне қолымды қойып ант етейін.Сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін, еліме адал қызмет етемін. (Туды алып келеді ,ант беру рәсімі)

Алға Қазақстан, алға жастар ынтымағы жарасқан ел болайық. Мереке құтты болсын.(кетеді.) Туды шығарады.

Тәрбиеші:

Ел тынысын тереңінен танып кең,

Шарапаты бар адамға дарып тең.

Елбасының есімі бұл тарихта

Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Топпен: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз».

Тәрбиеші:

Уа, халқым, сөз қадірін білесің,

Жаңбыр жаумаса, жер жетім.

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар

Атадан қалған сара жолым бар.

  • дей отыра осындай еліміз барда, елімізді басқарып отырған президентіміз барда тыныш өмір сүреміз деп және де бақытты өмір сүруге лайықтымыз.Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды .Сау болыңыздар! Келгендеріңізге рахмет!

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше