Рационал сандарды қосудың қасиеттері. Есептер ш ығару.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Боранқұл селосы «Боранқұл орта мектебі» ММ

Математика пәнінің мұғалімі Досқайырова Құралай Төлегенқызы

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды қосудың қасиеттері. Есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Таңбалары әр түрлі, таңбалары бірдей сандарды көбейтіп, көбейтіндіні, бөліп бөліндіні және қосуды, азайтуды таба білуге үйрету;

Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Ой-өрісін кеңейту. Теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: кеспе қағаздар, оқулық,ракета, артына есеп жазылған тағам суреттері.

Сабақтың түрі:Тақырыпты пысықтау, бекіту

Сабақтың типі: Іскерлікті, дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту. Сұрақ – жауап. Ой – қозғау.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең

А) Оқушылармен сәлемдесу; топқа бөлу.

Б) Сабақ мақсатымен, жоспарымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: көршілерімен дәптерлерін ауыстырып тексереді. Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты естеріне түсіру:

1.Рационал сандар дегеніміз не?

2.Қосудың неше заңы бар?

3.теріс санмен теріс санды қосқанда қандай таңбалы сан шығады?

4.Оң сан мен теріс санды қосқанда ше?

ІІІ. Есептер шығару

А) тақтамен, дәптермен жұмыс

Әр топтан бір оқушыдан шығып тақтаға есеп шығарады.

  1. -45+28= -13
  2. -48+(-20)= -68
  3. 56+ (-26)=30
  4. 6,31+(-7,65)+(-3,35)+(+1,69)=8+(-11)=-3
  5. -2,75+(+8,8)+(-3,25)+(+4,2)= -6+13=7
  6. -5,84+(-5,16)+(+4,73)+(+8,27)= -11+13=2
  7. Х+50=30,2 х=30,2 + (-50) х= -18,8
  8. У+60= -48 у=-48 + -(60) у= -108
  9. Z+(-49)= -8 z=-8 + 49 z=41

Ә) Математикалық мейрамхана:

1.Қызықты есептермен әшекейленген қуырдақ: 3 пен 5-тің арасына қандай таңба қойғанда, 2-ден артық, бірақ 5-тен кем сан шығады? (үтір)

2.Математикалық палау: Торғайлар ұшып келіп бұтаққа қонады. Егер торғайлар бұтаққа бір-бірден қонса, бір торғай артық, ал екіден қонса 1 бұтақ артық қалады. Торғай қанша, бұтақ қанша? (4 тоғай, 3 бұтақ.)

3.Сұрақтар қосылған салат:Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың тура ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? (8)

4. ғажайып десерттер : 1. Ең үлкен үш таңбалы сан?

2 . Үстелде 4 алма жатыр, оның біреуі 2-ге бөлінген, үстелде неше алма жатыр?

3. 1 ғасыр неше жыл?

Б) Ракета жарысы.

1. 5 жылбұрынағасы мен қарындасыбірге 8 жастаболды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады? (18)

2. Әкесі 30 жаста ,баласы 5 жаста. Нешежылданкейінәкесібаласынан 27 жасүлкенболады. ( ешқашан)

3. Ағасы 12 жасқатолғандақарындасынешежастаболады, егерағасықазір 8-де, алқарындасы 3 жаскішіболса? ( 9)

4. Бірадамнан , қаншабалаңбардепсұрағанда, олмысқылдап:

«Мендеқаншақызымболса,соншаұлымбар.Әрұлымда 3 қарындасыбар». Бұлотбасынданешебала? (6)

5. Алтыағайындытуралы, (Мальчик-с-пальчик) Перроертегісіндеавторнесебептенекені белгісіз, бір отынкесуші (дровосек) отбасындажетіағайынжәнеәрқайсысындажетіқарындастанболғанынайтпапты.Сондабұлертегідегіотбасынданешебалаболған ? (14)

6. Біротбасындаекіәкесіжәнеекіұлыбар. Отбасында неше адам бар? (3) ата ,әке , немере

7 . Күйеуі мен әйелі және ағасы мен қарындасы 3 алма алып, бірдей бөліпалды. Әрқайсысы қаншаалмаданалды?

(1) күйеуі, әйелі, ағасы (қарындасы)

8.Таяқтың екі басы бар.Егероныңбіржағынкессе, таяқтыңнеше басы қалады? (2)

9. 20 метр матаны 10 бөлікке 2 м-денбөлуүшін ,нешереткесукерек? (9)

10. Әкесі мен ұлыағашты 12 реткесті. Қаншабөренешықты?

(13)

11. Ойыншыларшахматты 4 сағатойнады.Әрқайсысынешесағатойнады? ( 4)

12.Ұлы, әкесі, атасы дойбы ойнады. Барлығы 3 партия ойналды..Әрқайсысы неше партиядан ойнады?

(2)

Тақтада үш ракета ілініп тұрады. Әр топқа 4 есептен беріледі. 4 есептің бәрі дұрыс топтың ракетасы ұшады.

ІҮ. Қорытынды: Үйге: қайталау.

Қай топтың ағашында алма саны көп- 5тік бағасын алады, орташа-4тік бағасын, аз-үштік бағасын алады.

Сау болыңыздар.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше