«Бала тәрбиесіне байыппен қарайық» ата-аналарм ен өткен конференция

ШҚО, Ұлан ауданы, Алғабас ауылы

«Кәкена Аханов атындағы орта мектеп» КММ

Мектеп психологы Чанваева Бактыгуль Нурлановна

Тақырыбы: Бала тәрбиесіне байыппен қарайық

Мақсаты: Отбасы мен мектеп одақтастығы, жанұялық шығармашылықты

дамыту, ауыл мектептерінің ынтымақтастығын нығайту, отбасы

құндылықтарының сырын ашу

Жоспары:

  1. Сәлемдесу «Жаңғырық»
  2. «5-Т» – ережесімен таныстыру
  3. «Бала тәрбиесіне байыппен қарайық» Слайд-баяндама
  4. «Көк ту және достар» ойтолғау
  5. «Қаңқалар биі» сергіту сәті
  6. «Бала тәрбиесі» топтық шығармашылық жұмыс
  7. «Өрт» ойыны
  8. «Отбасы ағашы» Рефлексия

Барысы:

І. «Жаңғырық» Сәлемдесу

Нұсқау: Әр қатысушы өз атын аузын қолымен басып-ашып айтады, қалғандары хормен қайталайды.

Топқа бөлу: Әр қатысушыдан қорапқа бір-бір зат жиналады. Заттар бойынша топтарға бөлінеді.

ІІ. «5-Т» – ережесімен таныстыру. /Тренинг ережесі/

–Тәртіп

-Талап

-Тазалық

-Татулық

-Тыныштық

ІІІ. «Бала тәрбиесіне байыппен қарайық» Слайд-баяндама

Құрметті ата-аналар, ұстаздар және қонақтар! Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішінде болады да, бүкіл жайдарлылық жағылған отқа үйіріледі. От басының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйытқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н.Ә.Назарбаев

  • Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі – отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінеді. А. С Макаренко: «Бала тәрбиесінде сіздің іс қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, сөйлейтініңіз, қалай күлгеніңіз, осы іс әрекеттің барлығы бала үшін өте маңызды. Ал отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз», – дейді. Күнделікті «беті қолыңды жу, тісіңді тазала, өтірік айтпа, біреудің затын рұқсатсыз алма т. б» деген сияқты сөздерді айтуға жеңіл болғанмен, осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармау керек. Осыдан бала тазалыққа, шыншылдыққа, ұқыптылыққа үйренеді. Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көретіні ата – ана, ал ата – ана өмірінің жалғасы – бала. Өмірінің жалғасы баласының керемет ғалым болмаса да, тәрбиелі үлгілі, ақылды, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді АДАМ болып өсуін ата – ана қадағалайды.
  • «Тәрбие басы тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтылған дана сөздер текке айтылмаса керек. Баланы тәрбиелеуде ата – ананың бір – біріне деген қарым – қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған – туыспен, көрші – көлеммен қалай араласатындығы, келген қонақты қалай сыйлайтыны, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастархан басындағы әдептілігі – бұның барлығы балаға әсер етеді. Бала үлкенге қарап өседі. Баланы үнемі ұрып – соғып, қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ. Ақылмен, мысал келтіре отырып түсіндіру керек.
  • Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктігіне тәрбиелеген абзал. Отбасында ата – ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көріп өскен бала балабақшада да, мектепте де өз ісіне жауап бере алады.
  • Ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн.
  • Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйде балаларды жазу сызуға, ауызша есепке машықтандыру, оларға қызықты әңгімелер айтып беру сияқты істермен қоса оларды бір мезгіл үй шаруасымен айналыстырып отырса, бала үшін оның маңызы зор. Ал еңбек пен білім егіз екенін естен шығармауымыз керек.Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы жас жеткіншекті еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Бұны тек мұғалімдер ғана емес әрбір ата – ана қолға алып, өз балаларының гүл, ағаш егіп, ауланы көгалдандыру сияқты игілікті іске қатысуын қадағалап отыруы керек. Сонда ғана еңбексүйгіштік қасиет берік дағдыға айналады. Еліміздің болашағы – ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру – баршаға ортақ, әрі міндет.
  • Құрметті ата – аналар, балаларыңыздың бойынан жат қылық көрсеңіздер, мұғалімдерді, жолдастарын, қоғамды кіналаудан гөрі, «Мен баламды тәрбиелеуде қай жерінен ағаттық кетті, баламның бойына жақсы әдет сіңіруде, жақсы тәрбие беруде қай жерден жаңылдым» деген ой түйсеңіздер екен.
  • Жақсы перзент ата – ана қолындағы аманаты. Олай болса, құрметті ата-аналар, ұстаздар – бала тәрбиесіне байыппен қарайық!
  • Жаднама тарату

Енді сіздерге әлем халықтарының бала тәрбиесіне қалай көңіл бөлетіні туралы айта кетсек.Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?

  • Швецияның балалары. Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс деп есептейді. Сондықтан, әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.

Үндістан балалары. Үнділер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар кішкентай кезінен бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі. Сондықтан, ер жеткенде немесе бойжеткенде әке-шешесі кімді қалайды, сол адаммен бас қосады.

  • Қытайдың балалары. Дао уағызшыларының бала туралы өсиеті әрбір қытай бүлдіршініне аңыз болып айтылады. «Балаға тәтті жеуді ұсынғанда, ол барлығын алудан ақылдылықпен бас тартады. Неге деген сұраққа: «Мен әлі кішкентаймын, сондықтан маған аз ғана бөлігі жетеді», деп түсіндіреді. Баланың осы қылығын барлық қытай перзентіне үлгі етеді, баламыз қанағатшыл, мейірімді, адамгершілігі жоғары болып өссін, дегені.
  • АҚШ балалары. Жергілікті педагогика «әрбір бала өз бетінше өмір сүріп үйрене алу керек» деген ұстанымды қолданады. Сондықтан, американдық ата-аналар балаларының қалауына қарсы шыға алмайды. Олар мейрамханаға, коктейльге, тіпті түнгі клубқа барамын, десе де, ата-аналар ертіп апарады.

І\/. «Көк ту және достар» ойтолғау

Бейне материял арқылы топтардың пікірін тыңдау.

\/. «Қаңқалар биі» сергіту сәті

\/І. «Бала тәрбиесі» топтық шығармашылық жұмыс

Бала тәрбиесі

\/ІІ. «Өрт» ойыны

Қатысушыларға екі-екіден қағаз таратылып беріледі, бірінші қағазға өрт кезінде үйден бірінші алып шығатын заттың суретін салу керек. Екінші қағазға сол затты не себептен алып шығатынын жазу тапсырылады. Бір қорапқа суреттерді, екінші қорапқа жауаптары жазылған қағаздар жиналады.

Әр қатысушыға екі қағаздан(бір сурет, бір жауап) таратылып, жауаптар оқытылады.

\/ІІІ. «Отбасы ағашы» Рефлексия

Қатысушылар берілген стикерлерге тренингтен алған әсерлерін жазып, тақтада жапсырылған отбасы ағаштарына іледі.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше