Шетел тілін ерте жастан оқытудың маңызы және оны ң ерекшеліктері

Астана қаласы № 15 мектеп-лицейдің

ағылшын тілі пәні мұғалімі Кырканова Г.А.

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуде жолға қою мақсатында ерте жастан оқыту қолға алынып отыр.

Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейінде де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні XXI ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Мемлектіміздің білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі ретінде шетел тілдерін оқыту оның ішінде ағылшын тілін оқыту атап көрсетілген. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2016-2017 оқу жылынан бастап, № 15 мектеп- лицейінде Қ.Р.Үкіметінің қаулысына сәйкес ағылшын тілін 1-ші сыныптан бастап оқыту қолға алына отырып жүзеге асырылып жатыр.

Американ ғалым философы Дейль Карнеги « Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолыннын келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады.» деген екен. Бала бойындағы қажеттілікті тудыру үшін бірінші міндет шетел тілін меңгертіп үйрету керек. Яғни тілді меңгеру үшін үлкен ынта, зейін және талап сондай-ақ оқушының тілге деген бейімділігі қызығушылығы керек. Содан кейін ғана оқушының ойын дамыту міндеті келеді. Бала бізден тілді тек сабақ барысында ғана меңгереді. Бастауыш сынып табалдырығында оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы есту, тыңдау, көру және ауыз-екі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін яғни оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

« Ойын бала қанының азығы» деп қазақтың көрнекті жазушысы С.Торайғыров айтқандай бастапқы этапта шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ барысында қандай дидактикалық ойын қолдануға болатының сабақтың мазмұнына, мақсатына және жас ерекшелігіне сәйкес таңдауы керек. Ойын арқылы баланың өтіп жатқан тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігі байқалады.

Ойын үстінде көп сөйлемейтін тұйық, ұян оқушының өзі де, өзін жан-жақты көрсеткісі келіп, сыныптастарымен, ұстазымен қарым-қатынасын жақсарта -ды, сөйлеу дағдысын байқатады. Ойын баланың жеке ерекшелік қасиеттері -нің дамуына, ішкі жан дүниесінің жаңаруына, пәнге деген қызығушылығын оятады. Ойын оқушының байқампаздығын жетілдіреді, тілді білуге деген құмарлығын арттырады. Осыдан да ойын араласқан сабақтың жаңа түрін ойлап табу мұғалім шығармашылығын талап етеді. Ойындар оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып ынтымаққа, бірлікке баулиды. Баланы оқыту, балаға берілетін білімнің сапасын арттыру, сабақтың жаңа заманға сай жаңаша сипатын күшейте түсу, біліміне, ізденімпаздығы мен шеберлігіне байланысты. Осыған орай күнделікті сабақта әр түрлі ойын түрлерін пайдаланумен қатар, тақырыпқа сәйкес ойын сабақтарын пайдалану оқушыларға өте қызықты болды.

Шет тілін үйрену әрекеті оқып үйренудің барлық деңгейінде тұлғалық бағыттағы іс-әрекеттерді қамтуы керек. Оқытудың негізі ретінде шет тілінде сөйлеу, тыңдап-түсіну, көру, есту жане жазу оқушылардың жас ерекшеліктері мен қабылдау қабілеті, білім деңгейіне қарай олардың оқып үйренетін белсенді сөздік қоры анықталады. Ағылшын тілін үйретуде алынатын материалдар тақырыпқа сәйкес яғни байланысты белгілі бір жүйеде оқытылып келеді. Мысалы тақырыпқа сәйкес сөздік қор көлемі алынса, онымен қоса берілген мәтінде кездесетін жаңа сөздер, жаңа сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған зат есім, сын есім немесе етістіктер түсіндіріледі. Жақсы нәтижеге жету үшін әр сабақта сөйлеу мәнері, грамматика, сөйлеу тілі және ауызекі тілді естіп қабылдау жұмыстарын орындап отырған жөн. Ал жаңа грамматикалық материалды сөйлеу тілінде қолдану және есту арқылы түсінуге арналған үйретуші жаттығуларының маңызы ерекше. Мұндай жаттығулар оқушының есте сақтау қабілетін дамыта түседі. Шет тілін ерте жастан оқытудың тиімділігін оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен бірге олардың сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі, бір-біріне қалғысы келмей емін-еркін сөздерді қайта-қайта қайталап айтуда бір-біріне ықпалдарының әсер етуі жақсы нәтижелерге жетелейді. Қорыта келе айтарымыз білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, психологиялық және педагогикалық негіздерін теориясы мен тәжірибесі тереңірек қарау қажеті қандайда болмасын қиыншылықтарды жеңе отырып, оқушының жан-жақты терең сапалы білім алуына бар мүмкіншілігімізді салуымызды жүктейді.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше