Ұланымын мен бүгін, Тәуелсіз болған елімнің

Ақмола облысы, Целиноград ауданы

96 разъезд «Күншуақ» балабақшасы МКҚК

Өткізген тәрбиеші: Нығметолла Кенжегүл

Тәрбие сағат тақырыбы:

«Ұланымын мен бүгін, Тәуелсіз болған елімнің»

Тәрбие сағат мақсаты: Желтоқсан көтерлісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақбойына еліне ,жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Көрнекіліктер:Қайрат Ырсқұлов, Сабира Мухаматжанова, Ербол Сыпатав, Ләззат Асанова, суреттеры ілінген

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар кішкентай бүлдіршіндер , бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген ,тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған « Ұланымын мен бүгін, Тәуелсіз болған елімнің» атты ертеңгімізді өткізбекпіз.

Шаттық шеңбер:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!

Мықты болсын еліміздің керегесі.

Жүректе намыс оты лапылдаған.

Күш-жігері жастардың сарқылмасын.

Қазақстан республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Слайд: Балалар мұндағы суретте желтоқсан құрбандары .осы аға апаларымыздың арқасында егемен ел болып , көк туымыздың байрағы желбіреді . Ләззат, Ербол,Қайрат,Сабира

Аға-апаларымызға 1 минуттық үнсіздік жариялайық.

Адия: Желтоқсаның ызғары –ай,

Кірпікке қатқан мұздар-ай.

«Елім –ай» деп егілген.

ұлдар мен қыздары –ай.

Дамир : Жасасын азат ерлік күн

Жасасын бейбіт елмен жер

Бостандық алған қазақтың

Мәртебесін көрсін

Мөлдір: Қалқаман сариның өлеңінен үзінді «Тәуелсіздік»

Еркіндігім.

Қасиетім.

Қастерім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңдң арманғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге

Аналардың жанарына жас бердік!

Уа, еркіндік ,

Қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба

Алшаң басып жүр алмаса

Алты алаш

Азаттығым!Қадірің де жоқ онда!

… саған жету қиын болса қаншалық

Сақтап тұру қиынрақ оданда !

Алла берген азаттықтың әр сәтті –Аманат ғой

Маған , саған, оған да!

Айбек: Айнмайды аспанан ,

Біздің тудің бояуы.

Оны Халық қашанда,

Биікке іліп қояды

.

Алана: 16-Желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеде ел қуанып,

Шаттанып ән салған күн.

Ерхан: Төзімді неткен қазағым,

аз емес тартқан азабың,

Көгінде енді қалықта,

Қазағымның баласы.

Осы желтоқсан мерекесіне байланысты үзінді көрініс.

Қайрат Ырсқұлов-Амир,Милиция-Талант,салдат-Дамир,

Көрініс:Қайрат Рысқылов: бұл сәтте жас жаным Мүқалды ғой, қайран бостандық жазалаушы қағаз алдым қолыма жігітікке айтып-айтпай не керек, жазған екен маңдайыма сорыма,

Біріншіден: анамды сағындым ,екіншіден :бұл құдайға не қылдым.

Бостандықта еркін жүрген жан едім .

Енді бүгін темір торға қамалдым.

Салдат:Қайрат Рысқылов вопрос

Милиция: Айпкер сен Сатбайев көшелеріндегі жасақшаларды көрдің бе?

Қайрат: жоқ, мен көрген жоқпын.

Милиция: сен Сәбетскиды өлтірдің бе?

Қайрат: Жоқ, бармасам қайдан өлтірем.

Милиция : өлтіріп жатқаныңды біреу көріпті ғой,

Қайрат:Бұл өтірік жала .

Милиция : я, покажу ұялмастан өтірк жала дейді,сен Сәбетскиді өлтіргеніңді мойныңа аласал кінәң жеңіл денеді.Әйтпесе әкеңді де өлтіреміз.

Қайрат:бұл жалған ғой, мен адам түгел тышқанды да өлтірмеймін.

Милиция: Қайрат сен ақымақ болма ?Әкеңнен ақша сұрап менім мына алақаныма сал.

Қайрат: Ауылда күндерін әрең көріп отырған Ата-анамды қинағым келмейді менің ешқандай кінәм жоқ, босатыңдар мені.

Милиция:Әкетіңдер мынаны

Қайрат: тоқта айтар сөзім бар;

Кінәдан таза басым бар,

Жирма бір де жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Боз торғайдай жаным бар,

Қазақ деген затым бар ,

Қайрат деген атым бар,

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар.

Отан туралы мақал –мәтелдерімізді айтайық:

Әмірали: Отан-от басынын басталады.

Бай серке: Отан-елдің анасы,

Ел ердің анасы.

Ерсұлтан: Отансыз адам- ормансыз қүс.

Нұрсұлтан: Отан үшін отқа түс-күймейсің

Отан үшін алыссаң –өлмейсің.

Әліби: Отанын сатқан –оңбас.

Әли: Отанын сүйген :отқа жанбайды,суға батпайды.

Дина мен амираның орындауында :Ән «Көк тудың желбырегені»

Отан туралы тақпақтарымызды айтайық:

Серік: Отан-жерім, отан-суым,

Отан-қуат, отан-нәр берді.

Отан-ұран, Отан-туым,

Отан мәңгі гүлдене бер.

Ясмин: Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқым жетсін мұратқа,

Ей,бас қала –Астана!

Сергітту сәтті:

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Ұл қолында ту жүрсін,

Қыз қолында гүл жүрсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Ойын: «Кім жылдам?»

Мақсаты: Балаларға еліміздің рәміздерін танып білуге, жылдамдыққа үйрету. Түсін және көлемін айыра білуге тәрбиелеу.

Ойының шарты: өз еліміздің Рәміздерін тауып алу және түсіндіру. Ойын жылдам және жинақы түсіндіру.

Қортынды: сұрақ-жауап

1.Бүгін қандай мереке?

-Балалар: 16 желтоқсан тәуелсіз мерекесі.

2. Осы тәуелсіздік құрбандарымыз кімдер?

-Балалар:Қайрат Ырысқұлов, Ләзәт Асанова, Ербол сыпатаев,Сабира Мұхамеджанова,

3.Қазақстан республикасының Рәміздері қандай

Балалар: Ән ұран, Ел таңба, Ту,

1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасында ерлік көрсетіп елімізге тәуелсіздік сйлаған. Аға –апаларымыз бен танысамыз. 16 желтоқсан таңертеңгі сағат 10:00 да бар –жоғы 18 минутта созылған Қазақстан компартиясының елімізді ширек ғасыр басқарған Дінмұхамат Ахметұлы Қонаев қызметінен босатылып оның орынына Г.В Колбинді жасырын тұрде қызметке тағайындайды.

1991жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды. Кең байтақ жеріміз бар (экранда қазақстаның картасы көрсетілді. Қазақстан қандай мемлекет? Еліміздің бас қаласы қай қала?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше